100 кітап жобасы

100 кітап жобасы – Назарбаев зияткерлік мектебінен алынған оқушылардың білімін, кітап оқуға шабытын сүйіспеншілігін арттыратын жоба болып табылады. 100 кітап тізіміне сұрыпталған қазақ көркем әдебиетімен әлем классикалық әдебиеті енгізілген.  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Адам баласының бүкіл ғұмырындағы ең сенімді және ең сабырлы серігі – кітап»,- деп атап өткен болатын. Жобаның мақсаты - оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу. Бүгінгі таңда.

Аталған тізімде:

  • 60 қазақ әдебиетінің,
  • 40 әлем әдебиетінің классикасы,
  • оның ішінде 20 - ағылшын,
  • 20 - орыс әдебиеті қамтылған.

     «Абай жолы» - Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы - қазақтың тұңғыш эпопеясы. «Абай жолы» арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүние жүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. Сөйтіп, 19 ғасырдың 40 - 50-жылдарын М. О. Әуезов туған әдебиетіміздің даму тарихында бұрынсоңды болып көрмеген ренессансқа айналдырды. Мұның өзі заңды да, өйткені «Абайдай» шығарма бұл тұсқа дейін қазақ әдебиетінде болған емес». «Бұл да аз,- деді француз жазушысы Луи Арагон,- әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын; бұл, менің ойымша, XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі».

     «Заманай мен Аманай» – қазақ прозасының үлкен табыстарының бірі Сәкен Жүнісовтің повесі. Повесте XX ғасырдың отызыншы жылдарындағы заман дүрбелеңі суреттелген

     "Ғасырдан да ұзақ күн "- Шыңғыс Айтматовтың алғашқы романы. 1980 жылы "Новый мир" журналында шығарылған. Соңынан " Боранды бекті" деген атқа ие болды. 1990 жылы "Знамя" журналында " романға повесть " ,"Шыңғысханның ақ бұлты", содан кейін бірақ роман болды. Романның атауына арнап 1959 жылы Борис Пастернак "Жалғыс күндер " атты өлең жолдарын жазды.

     Тахауи Ахтанов «Шырағың сөнбесін» . Жазушының прозадағы үшінші көлемді туындысы — «Шырағың сөнбесін» романы. Тахаң баяғыда, отыз жастың маңайында жүрген шағында ұсынған «Қаһарлы күндер» романында соғыстағы тірліктің қалай болғанын, қас дұшпанмен кім қалай арпалысқанын жазса, енді елу жасқа толар шақта қағазға төккен мына «Шырағың сөнбесін» романында соны соқпаққа түсіп, соғыстың неліктен болмауы керектігін, адамзаттың неліктен соғысу үшін жаралмайтынын баян етті, әрине, ал-уан тағдырлар, әрқилы көңіл-күйлер шарпысы арқылы баян етті.

     Т.Әлімқұловтың «Ақбөз ат» романы - ел үшін ерінбей еңбек ететін, пайда үшін емес, ар-намыс, борыш үшін қызмет атқаратын қарапайым қазақ малшылары туралы көркем шығарма. Роман оқушыға қазақ адамының «қанына сіңген» жылқықұмарлық жайын ұқтырады. Осындай оқиғалық тьіңдығының үстіне проблемалық сипаты ашылады.

     Тайыр Жомартбаевтың «Қыз көрелік» атты туындысы – қазақ прозасында эпостық әдебиет жанрындағы алғашқы үлгілерінің бірі. Автордың өзі «Қазақ тіліндегі роман» дегенмен, көркем әдебиеттің өркениеттік талаптары тұрғысында қарағанда, бұл шығарма – хикаяттық деңгейдегі туынды. Ахмет Байтұрсынұлы: «Ұлы әңгіме, ұзақ әңгіме, ұсақ әңгіме болып бөлінулері үлкен-кішілігінен ғана. Мазмұндау жүйесі бәрінде де бір, айтылу аудандарында айырма бар», – деген сөздері осы ойды дәлелдей түсетін сияқты

      Оралхан Бөкей «Қар қызы». Ауылда мал азығы таусылып қалады да, үш жігітті тым шалғайдан трактормен шөп әкелуге аттандырады. Әкелері соғыста өлген, өздері соғыстан соң туған үш жігіт ДТ-54 деп аталатын трактормен 40 градус суықта, діттеген жеріне жете алмай қар шағылдардың арасында адасады, қар тұтқынында қалады. Сөйтіп, өмір мен өлімнің екі арасындағы мәңгі аяқталмас майдан басталады. Суыққа үсіп, ұйқы меңдеп енді-енді өлейін деп жатқанында повестегі бас кейіпкер Нұржанды Қар қызы келіп оятады. Олардың тірі қалуына себепкер болған - сол аңызға айналған Қар қызы.

     Оралхан Бөкей «Атау кере». «Атау кере» повесі бүкіл адамзаттық мәселелерді қозғайды. Повесть оқиғасының басында Еріктің реалистік сипаты басым болса, шешімінде мифтік сипаты байқалады. Қаламгер адамдар өмірін аралар дүниесіне ұқсатады. Еріктің көк басты сонаға айналып кетуі және Қатын суының арғы бетіндегі жұмбақ қыз – символ. Ерікті мифтік бейне ретінде қараудың өзі оның құбылуына байланысты. Бір түрден екінші түрге ауыса алатын – тек миф кейіпкерлері. Повесть соңында Еріктің құбылуына мән бере отырып, бұл повесті «Повесть-миф» деп атауға болады.

     Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша».Сонау сұрапыл соғыс жылдары майданның барлық ауыртпалығын бастан өткерген ауыл адамдары, соның ішінде - «халық жауы» атанып, айдауда ғұмыр кешкен отағасының аманаты - үш балапанын қалайда аман-есен жетілдіруді мақсат еткен Айшаның отбасы бейнеленеді. Алапат соғыс, ел ішінде де аштық, шарасыздық. Жау жағадан алғанда соғыстан бой бұғып қалған қорқаулар етектен тартқылап, осы аласапыранда қарлығаштай шырылдаған Айша жанталасып, тіршілік үшін күресуде. Бұл - жалғыз Айшаның тағдыры емес, ел тағдыры. Елдің өшпес өршіл рухы бұл жолы да жасампаз. Спектакль - жеңіс үшін, өміртіршіліктің жалғасы үшін тылда жан аямай еңбек еткен барлық Ана мен баланың, кейуаналар мен аталарымыздың ерен ерлігіне тағзым.

     Әзілхан Нұршайықов«Махаббат қызық мол жылдар» Журналист, әдебиет зерттеуші және жазушы арасында махаббат туралы әңгіме ұласады. Журналист өзінің махаббат хикаясын баяндай бастайды... 1945 жылдың 14 қарашасы. Ербол Есенов Алматыдағы Қазақ университетінің студенті боп қабылданады. Сол күннен бастап оның махаббат кемесіне жол табуы басталады. 33-аудиторияда Ербол мен Жомартбек жалғыз жігіттер болатын. Отыз шақты қыз ішінде қуы да, ақылдысы да, сұлуы да, өнерлісі де болады. Бірақ Ербол жанына ең жақын болғаны — Меңтай. Ол ақылы көркіне сай, сабырлы қыз. Ербол келгеннен оны «ағай» деп атап, ылғи жәрдемдесетін де осы болды

     Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз». Бұл шығармада Ұлы Отан соғысының даңқты каһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсінделеді. Баукеңнің сонау балауса жастық шағынан бері, Совет Армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезіңіне, Ұлы Отан соғысының отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында қызғылықты баяндайды. Романның жазылу формасы да ерекше: бүкіл оқиға автор мен кейіпкердің диалогі арқылы өтеді.