2022 жылдың 20-21 қыркүйегінде «Үздік буктрейлер-2022» облыстық сырттай байқауы өтті.

 Байқаудың мақсаты: буктрейлерлер құру арқылы М. Әуезовтің шығармаларын оқушылар арасында насихаттау.

Байқауға 15 аймақтан және «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатынан 7-10 сыныптар арасында 46 оқушы қатысты.

Байқауға түрлі жанрдағы буктрейлерлер ұсынылды: презентация форматындағы слайдтар, мультфильмдер, қысқа бейнефильм, суреттер. Осы сайысқа біздің мектебімізден 10-сынып оқушысы Идирисова Ару 1-орын иеленді. Жетекшісі – Калиева Гүлшат Елжановна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Құттықтаймыз!!!

 

https://www.youtube.com/watch?v=PIN0kDaaKzA