Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы
- Толығырақ
- Категория: Мемлекеттік рәміздер
- Жарияланды Сейсенбі, 21 Сәуір 2026 07:10
- Қаралды: 26

«Жітіқара ауданы білім бөлімінің Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ
«Конституция – біздің болашағымыз» атты сынып сағатына сараптама
2025 жылдың қыркүйек айының басында еліміздің Ата Заңы – Конституция күніне орай 1-11-сынып оқушылары арасында «Конституция – біздің болашағымыз» атты сынып сағаты ұйымдасқан түрде өткізілді. Сынып сағатына барлық оқушылар толығымен қатысты.
Сынып сағаты оқушылардың жас ерекшелігіне сай ұйымдастырылды. Сынып сағаты барысында мұғалімнің шеберлігіне сай түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды. Сонымен қатар оқушыларға конституция жайлы ақпарат берілді, оқушылардың өздері білетін ақпараттары да ескеріліп, ортаға салынып, талқыға түсті. Оқушылар осы сабақ барысында өздерінің құқығы жайында да көптеген мәлімет алды. Елімізде тұратын әрбір азамат өз елінің патриоты болуы керектігін бойларына сіңірді. Сонымен қатар, осы сабақ барысында оқушылар рәміздерге де тоқталып өтті. Сабақтың ұйымдастыру сәтінде әнұран шырқалды. Рәміздердің авторлары жайында, қай жылы қабылданғандығы жөнінде де тоқталып өтті.
Сабақты қорытындылау барысында оқушыларға сұрақтар қойылып, кері байланыс жасалды. Конституция жайында қосымша мәліметтер берілді.
Мектеп директоры А.Дюкова
орын. Бурханова Р.М.