5-8 сыныптар арасында дөңгелек үстел

 «Абайдың қара сөздерінен тағылым аламын»

Мақсаты: Абайдың шығармашылығына шолу жасау арқылы оқушылардың бойларында сүйіспеншілігін  арттыру, өз ойларын сараптай білу

Міндеттері: Абай ақынның қалаған қара сөзін таңдап, сол қарасөздің басқа қара сөздерден ерекшелігін перезентация арқылы қорғайды. (мақал-мәтелдердің, диалект сөздердің, көнерген сөздердің қолданылуы) Таңдаған қарасөздің заманауилығын атап көрсету.

Сәлеметсіздер ме, құрметті  оқушылар! Бүгінгі дөңгелек үстел  іс – шарасына  қош келдіңіздер!

Тақырыбымыз: «Абайдың қарасөздерінен тағылым аламын».

Оқушылар дайындаған  Ұлы Абайдың қарасөздеріне презентация жасап, оны талқылайды.

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,

– деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!

Абайдың қара сөздерінің саны - 45. Қара сөз — арабтың «ғақлия» деген сөзімен мәндес. Ғавқлия көркем сөз, дана сөз, асыл сөз деген мағынаны білдіреді. Бұл қара сөздер – көркем әңгіме емес, алайда оларды даналық сөздер, мақала, ғалымдық, философиялық шолулар деп қарастыруға болады. Қара сөздер ең алғаш Семей қаласында 1948 жылы «Абай» журналында жарық көрді. Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз т. б көптеген тілдеріне аударылды.

Ендеше 7- сынып оқушылардан бастайық!

ОҚУШЫЛАР БІРІНЕН СОҢ БІРЕУ ӨЗ ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАРЫН ҰСЫНАДЫ.

          Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай – лебі, Абай – үні, ана тынысы – заман тынысы, халық үні.    

         Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

Бірлікке, тірлікке, ізгілік пен адамгершілікке шақыратын публицистикалық шығарманы неге жаттап алмасқа?!Ақыл жүрек қайрат үшеуін бірге ұстап Абай атамыздың нұсқауымен жүрсек келешегіміз жарқын болшағымыз баянды болары сөзсіз!

                    Қара сөздің барлығын публицистикалық шығарма деп тануға әбден болады. Себебі қайсы-бірін оқысаңыз да санаңызға қозғау салып, ойыңызды шымырлата түспегі анық. Тіпті білім-ғылым жайында жазылған қара сөздерден ерекше қуат алып, мотивация алатын жандар да баршылық. Әрбір қазақ азаматы осы қара сөздерді оқып шығуға міндетті деп санаймын. Әлбетте ол ұлтының нағыз жанашырын тәрбиелеп шығаратыны анық. 45 қара сөздің барлығын да жаттап алған жастардың саны бүгінгі күні аз болса да алдағы уақытта көбейетініне сенеміз.