Өңірлерден репортаж: Вакциналау қалай жүргізіліп жатыр?

Ресми екі миллионға жуық тұрғыны бар шаһар халқында иммунитет пайда болу үшін кемі 900 мың вакцина қажет. Вакцинациялау науқанына ірі ойын-сауық орталықтары да қатысуға дайын.

Бірақ әкімдік әзір рұқсат берген жоқ. Нұр-Сұлтан қаласында да осындай жағдай. Вакциналау ақпанда басталса да, ковидқа қарсы екпе алғандардың үлесі жалпы халықтың бір пайызына әлі жетпейді. Жоспардың жүзеге аспауына шенеуніктердің есептен жаңылып, екпенің жеткіліксіз сатып алынуы да себеп. Кеше Алматыға Ресейден жеткізілген бар-жоғы 21 мың 850 дозаны емханаларға үлестірген. Таңмен таласа тұрған тұрғындар тегін вакцинадан құр қалмайық деп, үлгергенінше кезекке тұрып жатыр. Басында екпеге үрке қарағандар енді аурудың қаупі үдегенде, кеселден құтылар жалғыз жол – вакцина екенін түсінгендей. Орташа әр емханаға 800 вакцинадан үлестірілген. Дәрігерлер бірден екпей, алдымен азаматтың денсаулығын тексереді. Вакциналанғаннан кейін міндетті түрде 30 минут дәрігердің бақылауында болады. Қазір қаладағы 55 емхана вакциналау жүргізуге жұмылдырылған. Күніне орташа 2-3 мың азаматқа салынады.

ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.