Блогы Директордың

Қымбатты ата-аналар мен оқушылар! Сіздерді 90-жылдық тарихы бар алтын ұя мектебімізде қарсы алғанымызға өте қуаныштымыз. Мектебіміз көненің көзін көрген тарихы терең болғанымен, бүгінгі мектеп - бұл заманауи, қарқынды дамып келе жатқан оқу орны. Қазіргі біздің мектеп - өркендеудің, жетістік пен шексіз мүмкіндіктердің кеңістігі, мұнда жұмыс пен демалыс, мерекелер мен жұмыс күндері, ең бастысы - жақсы дәстүрлер сақталған сенімді, жылы мекен, сонымен қатар бүгінде кез-келген оқушы мен оқытушы жетістікке жете алатын «Үлкен мүмкіндіктер мектебі». Мектеп үнемі дамып, жаңарып отырады, оның басты сипаты - білім беруді модернизациялау, сапалы білімге қол жеткізу, жаңашылдыққа деген ұмтылыс. Мектепте көптеген үйірмелер, секциялар, студиялар бар. Оқыту мен тәрбие жұмысы тікелей оқушыға бағытталған. Мектебімізде білім алушының өз мүмкіндіктерін, дарыны мен қабілеттерін барынша іске асыру үшін жағдайлар жасалған. Осы бағытта ата-аналармен тығыз байланыста болу – педагогикалық ұжымның  басты міндеті. Бұл үшін біздің мектебіміз оқу-тәрбие жұмыстарының сан алуан түрлерін ұсынады. Біз білім алушыларымызға даралықты сақтауға, оларды ұлттық құндылықтарды қастерлеуге, отансүйгіштікке, айналасындағы адамдарға және қоршаған ортаға деген құрмет сезіміне тәрбиелеуге тырысамыз. Біз өз мектебімізді және оқушыларымызды мақтан тұтамыз!