Өзін-өзі бағалау Мұса Шожанов атынд.№2 ЖББМ 2026-2027
- Толығырақ
- Категория: Әдістемелік блок
- Жарияланды Жұма, 26 Маусым 2026 06:28
- Қаралды: 14
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Жітіқара ауданы білім бөлімінің Мұса Шожанов атындағы
№2 жалпы білім беретін мектебі» КММ
Жітіқара ауданы білім бөлімінің Мұса Шожанов атындағы
№2 жалпы білім беретін мектебінің
ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ МАТЕРИАЛДАРЫ
(бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлері)
2025-2026 оқу жылы
Мазмұны
|
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары |
|
|
Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы |
|
|
Кадрлық құрамға талдау |
|
|
Білім алушылардың контингенті |
|
|
Оқу-әдістемелік жұмыс |
|
|
Оқу-материалдық активтер |
|
|
Ақпараттық ресурстар және кітапхана қоры |
|
|
Білім алушылардың білімін бағалау |
|
|
Білім беру процесіне қатысушылардың және басқа респонденттердің сауалнамасы |
|
|
Кемшіліктер мен ескертулер, оларды шешу жолдары |
|
|
Қорытындылар мен ұсыныстар |
|
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бағалау өлшемшарттары
1-бөлім. Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы
|
Білім беру ұйымының аталуы |
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ |
|
Орналасқан жері (заңды мекен-жайы және нақты орналасқан мекен-жайы) |
110700, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Жітіқара қаласы, 5-шағынаудан, 14Б құрылыс |
|
Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электронды пошта, wеб-сайт |
телефон 8 714 35 2-47-61 электронды поштасы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. мектеп сайты: http://school2-zhit.ful.kz/index.php/kk/
|
|
Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының ТАӘ және лауазымға тағайындау бұйрығы туралы деректер) |
Білім беру ұйымының директоры – Дюкова Айзада Маликаджаровна. Ұ.т.: 87058415545 Білім басқармасының 2016 жылдың 15 қарашадағы №103 ж\қ бұйрығы негізінде өз қызметін жүзеге асыруда. |
|
Құқық беруші және құрылтайшы құжаттар |
Қостанай облысының Әділет департаментінде 2021 жылы 12 қаңтардағы заңды тұлға болып қайта тіркеуден өткен. БСН 970240000215, коммерциялық емес мемлекеттік бюджет есебінен қаржыланатын мемлекет құрған ұйым. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ-ң 2021 жылдың 05 қаңтардағы №9 қаулысымен бекітілген Жарғысы негізінде жүзеге асырады. |
|
Рұқсат беруші құжаттар |
Білім беру қызметімен айналысуға құқық беретін №KZ92LAA00019788 2021 жылдың 22 қаңтардағы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ берген, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта біліммен айналысуға құқық беретін лицензиясы №KZ92LAA00019788 лицензия қосымшасы негізінде: жалпы орта білім беру және негізгі орта білім беруді жүзеге асырады. |
2-бөлім. Кадрлық құрамға талдау
Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білім беру мазмұнына өлшемшарттар:
– Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтау.
Тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білімі бар педагогтер туралы мәлімет
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ бекіткен штат кестесіне сәйкес, 2025 жылғы 1 қыркүйекке мектеп педагогикалық қызметкерлермен жасақталды: 22 мұғалім және 2 тәрбиеші, оның ішінде мектеп басшысы – 1, басшының орынбасарлары – 3, психолог – 1, әлеуметтік педагог – 1, аға тәлімгер – 1.
- Әкімшілік-басқару аппаратының құрамы туралы мәлімет:
Басшы: Дюкова Айзада Маликаджаровна, 1975 жылы туған, білімі жоғары, жұмыс өтілі: жалпы – 28 жыл, осы мектепте – 9 жыл, осы лауазымда – 9 жыл.
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Сергазинова Асия Викторовна – 1966 жылы туған, білімі жоғары, жұмыс өтілі: жалпы – 35 жыл, осы мектепте – 19 жыл, осы лауазымда – бір жылға дейін.
Таджибаева Гульмира Темирхановна – 1986 жылы туған, білімі жоғары, жұмыс өтілі: жалпы-18 жыл, осы мектепте -18 жыл, осы лауазымда – 1 жыл.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Бурханова Рахила Музаффаровна – 1994 жылы туған, білімі жоғары, жұмыс өтілі: жалпы – 8 жыл, осы мектепте – 6 жыл, осы лауазымда – бір жылға дейін.
Психолог: Рыспаева Анаргуль Салимовна – 1987 жылы туған, білімі жоғары, жұмыс өтілі: жалпы – 15 жыл, осы мектепте – 15 жыл, осы лауазымда – 15 жыл.
Әлеуметтік педагог: Рыспаева Анаргуль Салимовна – 1987 жылы туған, білімі жоғары, жұмыс өтілі: жалпы – 15 жыл, осы мектепте – 15 жыл, осы лауазымда – 2 жыл. Арыстан Меңсұлу Серікқызы – 1985 жылы туған, білімі жоғары, жұмыс өтілі: жалпы – 19 жыл, осы мектепте – 13 жыл, осы лауазымда – бір жылға дейін.
Аға тәлімгер: Арыстан Меңсұлу Серікқызы – 1985 жылы туған, білімі жоғары, жұмыс өтілі: жалпы – 19 жыл, осы мектепте – 13 жыл, осы лауазымда – 2 жыл.
Мектеп әкімшілігінің мүшелері 100 % жоғары білімді, орташа педагогикалық өтілі – 18 жыл, орташа басқарушылық өтіл – 5 жыл. Оқу-тәрбие жұмысын іске асыратын орынбасары педагог-зерттеуші біліктілік санатындағы педагог.
- 2. Мектептің педагогикалық ұжымының кадрлық құрамы
Мектеп әкімшілігі жұмысының негізгі бағыттарының бірі – педагогикалық кадр құрамын нығайту бойынша қызмет. Мектеп басшысы педагогикалық ұжымды ҚР «Білім туралы» Заңына және мектеп Жарғысына сәйкес қалыптастырады, қызметкерлерді қабылдауды еңбек шарты негізінде жүзеге асырады. Еңбек кодексіне сәйкес жұмысқа қабылданған барлық мұғалімдермен еңбек шарттары жасалады.
Педагогикалық кадрларды талдау
|
№ |
Оқу жылы |
барлығы |
жоғары білімді |
% |
магистр дәрежесі бар |
% |
|
1 |
2023-2024 |
26 |
25 |
96,2 |
1 |
4 |
|
2 |
2024-2025 |
26 |
26 |
100 |
1 |
4 |
|
3 |
2025-2026 |
24 |
24 |
100 |
0 |
0 |
2025-2026 оқу жылында мектеп педагогтерінің саны – 24 адам. Соңғы үш жыл ішінде мұғалімдер саны: 24.
Педагогикалық кадр құрамы сандық және сапалық жағынан жасақталуы: биыл мұғалімдердің 100%-да тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық білімі бар және дипломдарында көрсетілген мамандықтарына сәйкес қызмет жасайды.
Педагогикалық ұжымда бір мұғалімде өзбекстандық жоғары оқу орнының дипломы бар. Бастауыш сынып мұғалімі – Артикова Коммуна Зиядиновна, Навойи мемлекеттік педагогикалық институты, бастауыш сынып мұғалімі мамандығы. Бұл аталған педагогтің Қазақстан Республикасы аумағында дипломдарды тану туралы куәлігі бар - (Артикова К.З. - куәлік ЖБ-І № 0008572, 30.09.2014ж.)
Мемлекеттік аттестаттаудан өту кезінде мектеп штаттық мұғалімдер құрамымен толық қамтамасыз етілген.
Педагог қызметкерлердің жас құрамы
|
№ |
Оқу жылы |
барлығы |
30 жасқа дейін |
30 - 50 жас аралығы |
50 және одан да жоғары |
педагогикалық ұжымның орташа жасы |
|
1 |
2023-2024 |
26 |
6 |
11 |
9 |
|
|
2 |
2024-2025 |
26 |
6 |
11 |
9 |
|
|
3 |
2025-2026 |
24 |
5 |
9 |
10 |
|
Соңғы 3 жылдағы мұғалімдердің жас ерекшеліктерін талдау педагогикалық ұжымның негізінен тұрақты екенін және орташа жастың 39-42 жас аралығында сақталып отырғанын көрсетеді. Ұжымда кадрлардың тұрақтылығы жоғары, айтарлықтай өтімділік байқалмайды, алайда жалпы мұғалімдер санының 26-дан 24-ке кемуіне байланысты жас құрамында аздаған өзгерістер орын алған. Санаттар бойынша негізгі өзгерістерге тоқталсақ, соңғы 2025-2026 оқу жылында 30 жасқа дейінгі жас мамандар саны өткен жылдармен салыстырғанда 6-дан 5-ке азайған. Сонымен қатар, 30-50 жас аралығындағы тәжірибелі мамандардың саны да соңғы оқу жылында 11-ден 9-ға азайғанымен, бұл топ әлі де кәсіби кадрлардың негізгі өзегі мен басым контингентін құрап отыр. Керісінше, 50 жас және одан жоғары санаттағы мұғалімдер саны 9-дан 10-ға артып, бұл ұжымдағы зейнет жасына жақындаған жоғары білікті мамандар үлесінің сақталып, мектептің интеллектуалдық әлеуетін ұстап тұрғанын айғақтайды.
Педагогикалық еңбек өтілі
|
№ |
Оқу жылы |
барлығы |
0-5 жыл еңбек өтілі |
5-15 жыл еңбек өтілі |
15-25 жы еңбек өтілі |
25 жылдан астам еңбек өтілі |
педагогикалық ұжымның орташа еңбек өтілі |
|
1 |
2023-2024 |
26 |
5 |
6 |
6 |
9 |
|
|
2 |
2024-2025 |
26 |
4 |
8 |
4 |
10 |
|
|
3 |
2025-2026 |
24 |
3 |
6 |
6 |
9 |
|
Жұмыс өтілі бойынша педагогикалық ұжымның негізін 25 жылдан бастап және одан жоғары еңбек өтілі бар тәжірибелі педагогтар құрайды, олар соңғы 2025-2026 оқу жылында жалпы ұжымның 37,5%-ын (9 мұғалім) көрсетіп отыр. Сонымен қатар, мектептің кәсіби әлеуетін арттыруда орта буын мұғалімдердің үлесі де жоғары: 5-15 жыл аралығында жұмыс өтілі бар педагогтар 25%-ды (6 мұғалім) және 15-25 жыл аралығындағы өтілі барлар да 25%-ды (6 мұғалім) құрайды. Ұжымдағы енді қалыптасып келе жатқан, 5 жылға дейінгі еңбек өтілі бар жас ұстаздардың үлесі 12,5%-ды (3 мұғалім) көрсетіп, соңғы үш жылда аздап төмендеу үрдісін байқатты. Педагогтердің жас құрамы мен еңбек өтілін кешенді талдау мектепте оқу-тәрбие процесін жетілдіру, білім сапасын арттыру және жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету (тәлімгерлік) үшін тәжірибелі мұғалімдердің жеткілікті кәсіби әлеуеті мен берік негізі бар екенін толық дәлелдейді. Мектепте марапаттауларға ие болған мұғалімдер бар: Сергазинова А.В. – орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Оқу-ағарту министрлігінен Алғыс хат (2023), Артикова К.З. – бастауыш сынып мұғалімі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды (2025).
Мемлекеттік білім беру ұйымы басшыларының үш жылда бір рет, басшы орынбасарларының бес жылда бір рет аттестаттаудан өткендігі туралы мәліметтер:
|
Оқу жылдары |
Басшы |
Директор орынбасарлар саны |
Аттестациядан өтті |
Бірінші санат |
Екінші санат |
Үшінші санат |
% |
|
2023-2024 |
1 |
2 |
2 |
0 |
0 |
2 |
66,6 |
|
2024-2025 |
1 |
2 |
1 |
0 |
1 |
1 |
66,6 |
|
2025-2026 |
1 |
3 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
Басшы біліктілік санатының деңгейін және оның орынбасарлары бес жылда бір реттен сиретпей арттырады. Әкімшілік құрамында басшы – 1, орынбасарлары – 3. Биылғы оқу жылында жаңадан тағайындалған үш директордың орынбасарлары еңбек өтілімінің жетіспеушілігіне байланысты аттестациядан өткен жоқ.
Аттестаттау қорытындысы бойынша 2024 жылы мектеп директоры Дюкова А.М. мәлімделген «екінші біліктілік санатты басшы» біліктілік санатына аттестатталды.
Кемінде бес жылда бір рет педагогтердің біліктілік санатының деңгейін арттыру/растау туралы мәліметтер:
|
Оқу жылы |
барлығы |
аттестация өтті |
Аттестация (біліктілік санаттарын беру/растау) |
% |
|||
|
педагог-шебер |
педагог-зерттеуші |
педагог-сарапшы |
педагог-модератор |
||||
|
2021-2022 (күзде) |
24 |
2 |
0 |
0 |
0 |
2 |
8,3 |
|
2021-2022 (көктемде) |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
|
|
|
2022-2023 (күзде) |
26 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
|
|
2022-2023 (көктемде) |
4 |
0 |
1 |
3 |
0 |
15,4 |
|
|
2023-2024
|
26 |
9 |
1 |
2 |
1 |
5 |
34,6 |
|
2024-2025 |
24 |
6 |
0 |
1 |
0 |
5 |
25 % |
Педагогтер біліктілік санатының деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттырады және растайды. Педагогтердің аттестатталуы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтарды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығының негізінде өткізіледі.
2025-2026 оқу жылына 3 педагог біліктілік санаттарын көтеругее ниеттеніп отыр. Олардың ішінде 1 педагог-зерттеуші, 1 педагог-сарапшы, 1 педагог-модератор.
Мектепте аттестатталатын педагог қызметкерлерге әдістемелік қолдау көрсетілді. Портфолио рәсімдеу, бұйрықтар шығару және куәліктер беру бойынша жұмыстар уақытылы жүргізілуде. Аттестаттау бойынша сұрақтар мектепішілік бақылау жоспарына енгізілген, директор жанындағы кеңестерде, әдістемелік және педагогикалық кеңестерде қарастырылады.
2025-2026 оқу жылында – 19 (79,2 %) мұғалімнің педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы және педагог-модератор санаты бар.
Педагог-зерттеуші және педагог-сарапшы санаты бар мұғалімдер үлесінің азаюының себебі осы санаттағы мұғалімдер құрамының ауысына (отбасылық жағдайларға байланысты басқа облыстарға, қалаларға қоныс аударуы және жаңа мамандармен толықтырылуы), зейнетке шығуы байланысты болып отыр.
2025-2026 оқу жылында педагогикалық ұжымда 24 мұғалім сабақ береді. Оның 79,2 %-ы санаты бар мұғалімдер. Оның барлығы жаңа форматта аттестатталған мұғалімдер: педагог-зерттеуші – 8,3% (2 мұғалім), педагог-сарапшы – 12,5% (3 мұғалім), педагог-модератор – 58,3% (14 мұғалім). Оның ішінде педагог-зерттеуші, педагог-сарапшылар – 5 педагог, бұл барлық білім беру деңгейінде сабақ беретін педагогтердің жалпы санының 20,8 %-ын құрайды.
Облыстық конкурстар мен жарыстар кезеңдерінің жеңімпаздарын және соңғы бес жылдағы республикалық конкурстар мен жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарын дайындаған педагог-зерттеуші және педагог-сарапшы, педагог-модератор санаты бар педагогтердің үлесі – 79,2 % құрайды.
2025-2026 оқу жылында штаттық кестеге сәйкес бастауыш білім беру деңгейінде 12 педагог жұмыс істейді. Оның ішінде педагог-зерттеуші, педагог-сарапшылар – 1 педагог, бұл бастауыш білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санының 4,2 %-ын құрайды.
Негізгі орта білім беру сатысында 13 педагог жұмыс істейді. Оның ішінде педагог-зерттеуші, педагог-сарапшылар –4 педагог, бұл негізгі орта білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санының 16,7 %-ын құрайды.
Жалпы орта білім беру сатысында 12 педагог жұмыс істейді, оның ішінде педагог-зерттеуші, педагог-сарапшылар – 4 педагог, бұл жалпы орта білім беру деңгейіндегі педагогтердің жалпы санының 16,7 %-ын құрайды.
- Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен конкурстар мен жарыстардың соңғы бес жылдағы аудандық және/немесе облыстық кезеңдерінің жеңімпаздарын және/немесе республикалық конкурстар мен жарыстардың қатысушылары мен жеңіпаздарын дайындаған педагогтер туралы мәліметтер
Кемінде үш жылда бір рет басшы кадрлардың, педагогтердің біліктілігін арттыру туралы мәліметтер:
|
Оқу жылдары |
мұғалімдер саны |
БАК өткен мұғалімдер саны |
БАК өткен мұғалімдер % |
|
2024-2025 |
26 |
19 |
73,1 |
|
2025-2026 |
24 |
17 |
70,8 |
ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, мектеп педагогтері әр 3 жыл сайын біліктілік арттыру курстарынан өтуде. Мектепте педагог қызметкерлердің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспары әзірленіп, бекітілді, оған сәйкес педагогтерді әртүрлі деңгейдегі курстарда оқыту жүзеге асырылады, курстық даярлықтан өту мониторингі жүргізіледі.
2025-2026 оқу жылында 17 мұғалім (70,8 %) біліктілік арттыру курстарынан өтті және қазіргі уақытта ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін өтуде.
Мемлекеттік аттестаттаудан өту кезінде педагогикалық ұжымның 100 %-ы (24 педагог) ҚРОАМ келісілген біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламалары бойынша курстық даярлықтан өтті. Оның 16,7 % (4 педагог) мұғалімдерінің құзыреттілігін дамыту, «Қаржылық сауаттылық» курсын; 16,7 % (4 мұғалім), 4,2 % (1 мұғалім) инклюзивті білім беру; 4,2 % (1 мұғалім) жас педагогтің кәсіби дамуындағы тәлімгерлік, 4,2 % (1 мұғалім) жазғы сауықтыру лагерінің қызметі, 4,2 % (1 мұғалім), тәрбие жұмысының менеджменті, 4,2 % (1 мұғалім) Отбасындағы зорлық- зомбылықтың алдын алу, 4,2 % (1 мұғалім) буллингтің алдын алу, 12,6 % (3 мұғалім) «Шахмет негіздері» бойынша курстық даярлықтан өтті. Алдағы уақытта перспективалық жоспар бойынша біліктілік арттыру курстарынан өту жалғасады.
Мектеп директоры «Инклюзивті білім беру» курсынан, тәрбие ісінің орынбасары «Тәрбие жұмысының менеджменті», мектеп психологы «Отбасындағы зорлық- зомбылықтың алдын алу», аға тәлімгер «Балалардың жазғы сауықтыру лагерінің қызметін ұйымдастырудың әдістемелік негіздері» курстарынан өтті.
«Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығына сай биылғы оқу жылында мектеп бойынша мұғалімдер облыстық және республикалық деңгейдегі кәсіби сайыстарға қатысып, нәтиже көрсетті: бастауыш сынып мұғалімі – Артикова К.З. «Педагогикалық идеялар панорамасы» облыстық байқауында 1-орын, Республикалық деңгейде 3-орынға иеленді (2025); республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» қашықтық сайысының облыстық деңгейінде Таджибева Г.Т. физика пәнінің мұғалімі қатыстып, сертификатқа ие болды. Облыстық "Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени ағартушылық құндылықтар" атты облыстық іс-тәжірибелік конференциясына Калиева Г.Е.- қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қатысып, 3-орын иеленді. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған «Ұстаз – ұлтының нұры» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясына белсене қатысқан Артикова К.З., Галымова Б.Г. – бастауыш сынып мұғалімдері озық іс-тәжірибесімен бөлісті.
Педагогтердің соңғы 3 оқу жылында қатысқан кәсіби сайыстар мен байқаулардың, олимпиадалардың аудандық деңгейдегі көрсеткіші
|
№ |
Педагогтің аты-жөні |
Қызметі |
Іс-шараның атауы |
Нәтижесі |
|
1 |
Хидирова Мухлиса Хикматуллаевна |
Бастауыш сынып мұғалімі |
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі, 2024 жыл |
|
|
2 |
Дукина Гульзира Ергалиевна |
Математика пәні мұғалімі |
«4К мұғалімі» |
сертификат |
|
3 |
Таджибаева Гулмира Темирхановна |
Физика пәні мұғалімі |
«4К мұғалімі» |
сертификат |
|
4 |
Артикова Коммуна Зиядиновна |
Бастауыш сынып мұғалімі |
«Инновациялық педагогикалық идеялар фестивалі»
|
Аудан -1 орын |
|
5 |
Галымова Балдырган Галымжановна |
Бастауыш сынып мұғалімі |
«Алтын тұғыр» олимпиадасы |
Аудан 3-орын |
Педагогтердің соңғы 3 оқу жылында қатысқан кәсіби сайыстар мен байқаулардың, олимпиадалардың облыстық деңгейдегі көрсеткіші
|
№ |
Педагогтің аты-жөні |
Қызметі |
Іс-шараның атауы |
Нәтижесі |
|
1 |
Артикова Коммуна Зиядиновна |
Бастауыш сынып мұғалімі |
«Үздік авторлық бағдарлама» облыстық конкурсы, 2024 жыл |
3-орын |
|
2 |
Жиенбаева Назира Алдияровна |
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі |
«Үздік авторлық бағдарлама» облыстық конкурсы, 2024 жыл |
2-орын |
|
3 |
Артикова Коммуна Зиядиновна |
Бастауыш сынып мұғалімі |
«Инновациялық педагогикалық идеялар фестивалі»
|
Облыс -1 орын |
|
4 |
Таджибаева Гулмира Темирхановна |
Физика пәні мұғалімі |
«Педагогикалық идеялар панорамасы» |
сертификат |
|
5 |
Калиева Гульшат Елжановна |
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі |
Облыстық "Міржақып Дулатұлының тәлімдік мұраларындағы мәдени ағартушылық құндылықтар" |
3-орын |
|
6 |
Галымова Балдырган Галымжановна |
Бастауыш сынып мұғалімі |
Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған «Ұстаз – ұлтының нұры» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясы |
Диплом |
|
7 |
Артикова Коммуна Зиядиновна |
Бастауыш сынып мұғалімі |
Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған «Ұстаз – ұлтының нұры» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясы |
Диплом |
Кәсіби сайыстар мен байқаулардың, олимпиадалардың
республикалық деңгейдегі көрсеткіші
|
№ |
Педагогтің аты-жөні |
Қызметі |
Іс-шараның атауы |
Нәтижесі |
|
1 |
Артикова Коммуна Зиядиновна |
Бастауыш сынып мұғалімі |
«Педстарт» республикалық қашықтық олимпиадасы, 2024 жыл |
3-орын 1-орын |
|
2 |
Муратова Бахыткуль |
Бастауыш сынып мұғалімі |
«Педстарт» республикалық қашықтық олимпиадасы, 2024 жыл |
3-орын 3-орын |
|
3 |
Алдажарова Айдана Абилхайыровна |
Бастауыш сынып мұғалімі |
«Педстарт» республикалық қашықтық олимпиадасы, 2024 жыл |
2-орын |
|
4 |
Саханова Жұлдыз Қайроллаевна |
Бастауыш сынып мұғалімі |
«Педстарт» республикалық қашықтық олимпиадасы, 2024 жыл |
3-орын |
|
5 |
Қалиева Гүлшат Елжановна |
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі |
«Педстарт» республикалық қашықтық олимпиадасы, 2024 жыл |
3-орын |
|
6 |
Жиенбаева Назира Алдияровна |
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі |
«Педстарт» республикалық қашықтық олимпиадасы, 2024 жыл |
2-орын |
|
7 |
Молдахметова Ғайын Болтаевна |
Ағылшын тілі мұғалімі |
«Педстарт» республикалық қашықтық олимпиадасы, 2024 жыл |
1-орын |
|
8 |
Артикова Коммуна Зиядиновна |
Бастауыш сынып мұғалімі |
«Инновациялық педагогикалық идеялар фестивалі»
|
Республика 3-орын |
Соңғы үш жыл ішінде авторлық жұмыс әзірлеуде барлығы 7 мұғалім (мұғалімдердің жалпы санынан 29,2 %) шығармашылық жұмыс жасап, өз нәтижелерін бағдарлама, оқу құралы, сабақтар жинағы ретінде құрастырып, жинақтау үстінде. Соның ішінде 1 педагогтің оқу-әдістемелік жиынтығы облыстық эксперттік кеңесте мақұлданды, 1жұмысты облыстық эксперттік кеңестен қайта жөңдеуге жіберілді. 1 педагогтің жұмысы аудандық эксперттік кеңесте мақұлданды, 3 педагогтың жұмыстары аудандық эксперттік кеңесте қайта жөңдеуге жіберілді. 2 педагогтың жұмысы мектепішілік эксперттік кеңесте мақұлданды.
|
Педагогтің аты-жөні |
Тәжірибе трансляциясы |
|
Сактаганов Болатбек Баязитович |
6-сыныпқа арналған «XV-XVІІІ ғасырлардағы қазақ хандығы» курсы оқу-әдістемелік жиынтығы, аудандық оқу-әдістемелік кеңестің 2025 жылғы 30 сәуірдегі №4 хаттамасы. |
|
Сактаганов Болатбек Баязитович |
11-сыныпқа арналған «Тарихи тұлғалар» курсы оқу-әдістемелік жиынтығы, мектепішілік оқу-әдістемелік кеңестің 2025 жылғы 28 тамыздағы №1 хаттамасы |
|
Жолдас Аякөз Амангелдіқызы |
10-сыныпқа арналған «Химиялық элементтердің адам ағзасындағы маңызы» курсы оқу-әдістемелік жиынтығы, мектепішілік оқу-әдістемелік кеңестің 2025 жылғы 28 тамыздағы №1 хаттамасы |
|
Таджибаева Гульмира Темирхановна |
8-сыныпқа арналған «электростатика және ток» курсы оқу-әдістемелік жиынтығы, мектепішілік оқу-әдістемелік кеңестің 2025 жылғы 28 тамыздағы №1 хаттамасы. Облыстық оқу әдістемелік кеңеске жіберілді. |
|
Дюкова Айзада Маликаджаровна |
6-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті сабағында оқу мақсаттарына бағытталған әдістемелік нұсқаулық», мектепішілік оқу-әдістемелік кеңестің 2026 жылғы 29 мамырдағы №4 хаттамасы |
|
Артикова Коммуна Зиядиновна |
3-сыныпқа арналған отырған «Киелі киіз үй» курсы оқу-әдістемелік жиынтығы, мектепішілік оқу-әдістемелік кеңестің 2026 жылғы 29 мамырдағы №4 хаттамасы |
|
Умаров Габит Кенжебекович |
4-сыныпқа арналған: «Ұлттық ойындар – ұлттық мұра» курсы оқу-әдістемелік жиынтығы, мектепішілік оқу-әдістемелік кеңестің 2026 жылғы 29 мамырдағы №4 хаттамасы |
Жас мамандар мектебі – әдістемелік бірлестіктердің бірі, оның жұмысы жас мұғалімдердің практикалық қызметіне оңтайлы бейімделуге ықпал етеді, олардың өзін-өзі жетілдіруі мен кәсіби өсуін жоспарлауға мүмкіндік береді. Биылғы жылы еңбек өтілі 3 жылға дейін 2 жас мұғалім жұмыс істейді. ЖММ мақсаты – жас мамандарға теориялық және практикалық білімді жетілдіру және олардың педагогикалық шеберлігін арттыру мәселелерінде практикалық көмек көрсету. Оқу жылының басында ЖММ жұмысының жоспары жасалып, міндеттері айқындалды. Жас мамандардың бейімделу кезеңі және мектеп құжаттарын жүргізудегі қателіктердің алдын-алу аясында тәлімгерлер жас мамандарға нормативтік - құқықтық құжаттама бойынша уақытылы кеңес берді. Жас мамандарды педагогикалық кеңестерді, семинарларды, конференцияларды дайындауға және ұйымдастыруға, оқу-әдістемелік бірлестіктердің жұмысына тарту бойынша жұмыс жыл бойы өткізілді.
Жас маманның мектебінің жұмысы педагогикалық турлар технологиясы арқылы іске асырылды. Педагогикалық турлардың мақсаты – өз тәжірибесін әріптестерінің тәжірибесімен салыстыру, оқытуды тиімді жүргізу, сабақ беру дағдыларын арттыру.
3-бөлім. Білім алушылар контингенті
Білім алушылар контингентінің сандық құрамы:
Соңғы 3 оқу жылының контингенті
|
Оқу жылы |
Бастауыш сынып (1-4 сынып) |
Негізгі мектеп (5-9 сынып) |
Орта мектеп (10-11 сынып) |
Мектеп бойынша барлық контингент |
||||
|
|
жалпы сынып саны |
оқушылар саны |
жалпы сынып саны |
оқушылар саны |
жалпы сынып саны |
оқушылар саны |
жалпы сынып саны |
оқушылар саны |
|
2023-2024 |
6 |
95 |
5 |
85 |
2 |
29 |
13 |
209 |
|
2024-2025 |
7 |
104 |
5 |
81 |
2 |
25 |
14 |
210 |
|
2025-2026 |
8 |
113 |
5 |
76 |
2 |
18 |
15 |
207 |
2025-2026 оқу жылының басында контингент саны – 201 оқушыны құрады. 1-4 сыныптар аралығында сынып комплект саны – 8, 5-9 сынып арасында сынып комплект саны – 5, 10-11 сынып аралығы сынып комплект саны – 2. Жалпы 1-11 сынып аралығы сынып комплекті саны – 15. Оқу жылы барысында келген оқушылар саны – 20, кеткен оқушы саны – 14. Оқу жылының соңында қалған оқушы саны – 207, 1-4 сыныптар аралығында 113 оқушы, 5-9 сынып – 76 оқушы, 10-11 сынып – 18 оқушы.
4-бөлім. Оқу әдістемелік жұмыс
Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білім беру мазмұнына өлшемшарттар:
- Білім беру ұйымының басшысы бекіткен оқу жұмыс жоспарының, сабақ кестелерінің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының және бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарының болуы және оларға сәйкестігі;
Мектептің оқу жұмыс жоспары «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығы негізінде құрастырылып, жыл сайын тамыз айында өткізілетін мектептің №1 педагогикалық кеңесінде қарастырылып, аудандық білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі.
Оқу жұмыс жоспарының құрылымы инварианттық компоненттен және вариативтік компоненттен тұрады.
2025-2026 оқу жылы: бастауыш білім беру деңгейіндегі оқу жұмыс жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2023 жылғы 18 тамыздағы №264 бұйрығы өзгерістер мен толықтырулар, 1-қосымша) негізінде құрастырылды.
Негізгі орта білім беру деңгейіне арналған 2025-2026 оқу жылының оқу жұмыс жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2022 жылғы 12 тамыздағы №365 бұйрығы өзгерістер мен толықтырулар, 6-қосымша) негізінде құрастырылды.
Жалпы орта білім деңгейінің оқу жұмыс жоспары 10-сыныпта жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (2022 жылғы 30 қыркүйектегі №412 бұйрығы өзгерістер, 39-қосымша), 11-сыныпта қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 38-қосымшасы негізінде жасалды.
Оқыту сабақтарының кестесі:
Сабақ кестесі жыл сайын мектептің оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспарына сәйкес жасалады және оқу жүктемесінің жалпы көлемі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген (2023 жылғы 5 сәуірдегі № 60 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар) «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық нормалары мен ережелеріне сәйкес келеді.
Сабақтың ұзақтығы 45 минуттан аспайды. Мектептің сабақ кестесі инварианттық компонент (негізгі сабақ кестесі), вариативтік компонент (жаһандық құзыреттілік курсы, элективті курстар), үйірмелер үшін жеке жасалады. Курс сабақтары міндетті сабақтардың саны барынша аз күндері жоспарланады. Сабақ кестесі білім алушылардың тамақтануы мен белсенді демалуы үшін ұзақтығы жеткілікті үзілістерді көздейді. Сабақтар арасындағы үзілістің ұзақтығы 5 минутты және 2, 4 сабақтардан кейін 15 минуттық екі үлкен үзілісті жалпы 30 минутты құрайды. Сабақ кестесі мектептің қамқоршылық кеңесімен келісіліп, мектеп директорымен бекітілген. Негізгі сабақ кестесіндегі пән атаулары және вариативтік компоненттегі элективті курстардың атаулары мектептің оқу жұмыс жоспарына сәйкес келеді. Сабақ кестесіндегі пәндер бойынша жүктеме жұмыс оқу жоспарымен сәйкес келеді. (Бағаланатын кезеңге оқу жұмыс жоспары мен сабақ кестелерінің көшірмелері қоса беріледі.)
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылатын оқу пәндерінің базалық мазмұнын игеру;
2025-2026 оқу жылында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлері бойынша жалпы білім беретін пәндерінің базалық мазмұнын игеру Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламалары (2022 жылғы 21 қарашадағы №467, 2023 жылғы 5 шiлдедегi № 199 бұйрығы өзгерістерімен) негізінде жүзеге асырылды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларының орындалуы – 100 %.
Мереке күндеріне сәйкес келген сабақтар басқа күндерге ауыстырылды. Осы жағдайда сабақтардың тақырыптары/оқу мақсаттары оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес кіріктірілді. Сабақтардың кіріктірілген тақырыбы журналдың бір жолына жазылды.
Білім алушылардың субьективті жаңа білімді меңгеруі мен таным мәселелерін шешуге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіруге бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру;
2025-2026 оқу жылында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің тәрбие жұмысын жоспарлау Қазақстан қоғамындағы заманауи әлеуметтік-мәдени өзгерістерді ескере отырып, білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде әзірленген Білім берудің тұжырымдамалық негіздері негізінде құрылады және жалпыға бірдей білім берудің басымдылығын көздейді және ұлттық құндылықтарды, адам өмірі мен денсаулығын, жеке тұлғаның еркін дамуын, отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке, адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу, оқу-тәрбие үрдісінің тәрбиелік әлеуетін арттыруға, оқыту мен тәрбиелеуді кіріктіруге, әдістемені жаңартуға бағытталған.
Тәрбие жұмысын жоспарлауда «Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларын тәрбиелеуге арналған барлық білім беру ұйымдарында оқу процесінде тәрбиелік компонентті күшейтудің үлгілік кешенді жоспарына» сәйкес ұйымдастырылып, жүзеге асырылады.
Тәрбие жұмысының тақырыбы: «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру. «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен адалдықты, ұлттық болмыс пен адамгершілік құндылықтарды дарыта отырып, оларды елжанды, жауапты, парасатты тұлға ретінде тәрбиелеу – қазіргі мектептегі тәрбие жұмысының басты өзегі болып табылады.
Тәрбие жұмысының мақсаты: Рухани-адамгершілік қасиеттерді, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді, парасаттылықпен адалдықты дамыту арқылы қазақстандық мәдениеттің құндылықтары негізінде білім алушының үйлесімді дамыған тұлғасын қалыптастыру.
Тәрбие жүйесінің міндеттері:Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу (Отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру,Қазақстан Республикасының Мемлекекттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу, адалдықты, әділдікті,мейірімділікті, қамқорлықты, мейірімділікті және басқа да адамгершілік қасиеттерді дамыту, табиғатпен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалаптастыру), азаматтық жауапкершілікпен патриотизмді дамыту (өз елімен оның жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарасты қалыптастыру,өз құқықтарымен бостандықтарын, сондай -ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайындықты дамыту, әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысу)парасаттылықпен адалдықты қалыптастыру( мінез-құлықпен басқалармен қарыс-қатынаста адалдық пен әділдікке тәрбиелеу, өз іс- әрекеттерімен сөздері үшін жауапкершілікті дамыту, еңбекқорлықпен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысты қалыптастыру, біреудің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу білім алушының жеке басының ұйлесімді дамуы үшін жағдай жасау (әрбір білім алушыны тәрбиелеумен оқытуға жеке көзқарасты қамтамасыз ету, білім беру ортасында қолайлы психологиялық- педагогикалық климат құру,ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау,отбасын тәрбие процесіне тарту.
Тәрбиенің негізгі құндылықтары:
- Тәуелсіздік және отаншылдық - елін сүйетін,тарихын құрметтейтін ұрпақ.
- Бірлік және ынтымақ-өзара сыйластық пен татулыққа негізделген қоғам.
- Әділдік және жауапкершілік-адалдық пен шыншылдықты ту еткен жас буын.
- Заң және тәртіп-құқықты мәдениетті меңгерген азамат.
- Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік- еңбекті бағалайтын,кәсібіне адал ұрпақ.
- Жасампаздық және жаңашылдық -жаңа идеялар мен прогрестің иесі.
Тәуелсіздік және отаншылдық құндылығы:
Тәуелсіздік – мемлекеттің өз тағдырын өзі айқындап, дербес даму құқығына ие болуы. Отаншылдық – туған жерін, елін, халқын құрметтеп, оның дамуы мен өркендеуіне үлес қосуға ұмтылу. Бұл құндылықтар азаматтардың ел болашағына жауапкершілікпен қарауын қалыптастырады.
Бірлік және ынтымақ құндылығы:
Бірлік – адамдардың ортақ мақсат жолында татулық пен келісімде өмір сүруі. Ынтымақ – өзара қолдау көрсетіп, бірлесе әрекет ету. Бұл құндылықтар қоғамдағы тұрақтылықты нығайтып, ортақ жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.
Әділдік және жауапкершілік құндылығы:
Әділдік – әр адамға тең мүмкіндік беріп, шындық пен адалдық қағидаларын ұстану. Жауапкершілік – өз іс-әрекеті мен қабылдаған шешімдерінің салдарын түсініп, міндеттерін адал орындау. Бұл қасиеттер сенімді және өркениетті қоғам құрудың негізі болып табылады.
Заң және тәртіп құндылығы:
Заң – қоғамдағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Тәртіп – заң талаптарын және қоғамдық ережелерді сақтау. Заң мен тәртіп қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтарын қорғайды.
Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік құндылығы:
Еңбекқорлық – мақсатқа жету үшін табанды әрі адал еңбек ету қасиеті. Кәсіби біліктілік – өз мамандығын жетік меңгеріп, білім мен дағдыны үнемі жетілдіру. Бұл құндылықтар адамның жеке жетістігі мен елдің экономикалық дамуына ықпал етеді.
Жасампаздық және жаңашылдық құндылығы:
Жасампаздық – жаңа идеялар ұсынып, пайдалы істер атқаруға ұмтылу. Жаңашылдық – заманауи технологиялар мен тиімді тәсілдерді енгізу арқылы дамуға жол ашу. Бұл құндылықтар қоғамның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, болашаққа сенімді қадам жасауға мүмкіндік береді.
2025-2026 оқу жылында тәрбие бағдарламасындағы мақсатты жүзеге асыру үшін келесі құрамдағы одақтастық жасақталды. Олар: Әлеуметтік психологиялық қызмет, ата-аналар, сынып жетекшілер, тәрбиешілер, серіктестер, өзін-өзі басқару ұйымы, қосымша білім беру педагогтары.
Тәрбие жұмысының тәрбиелік деңгейі, мектеп ата-аналарының әлеуметтік портреті, әр жылдың тәрбие жұмысының мақсатындағы жүйелік деңгейін анықтау кестесі, тәрбие жұмысының маңыздылығы, оқушылардың қызығушылық және қанағаттану деңгейін бақылау, тәрбиешілердің сабақ беретін мұғалімдерімен байланысы арқылы мектептің тәрбиелік деңгейі анықталады.
Күнделікті іс-шаралар:
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық, тоғызқұмалақ, т.б.
«Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың 15 минут ішінде өзекті моральдық тақырыптардың бірі бойынша баласымен күнделікті жеке әңгімелесу өткізуі.
«Үнемді тұтыну» – жадынамалар, нұсқаулықтар және т.б. арқылы суды, азық-түлікті, энергияны және табиғи ресурстарды тұтыну бойынша күнделікті іс-әрекеттер арқылы табиғи ресурстарға (су, энергия) ұқыпты қарауды қалыптастыру.
«Күй күмбірі» –күйлерді қоңыраулардың орнына пайдалану, сондай-ақ үлкен қаңырауларда күй қосып қою.
Апталық іс-шаралар:
«Менің Қазақстаным»- оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды.
«Аптаның дәйексөздері» –мақал-мәтелдер, халық даналығы, тәрбиелік мәні бар көрнекті тұлғалардың нақыл сөздері оқудан тыс бүкіл ұйымның қызметі. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде Led-экрандарда, тақталарда орналастырылады.
«Қауіпсіздік сабағы» – білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз жүріс-тұрысын сақтауы, оның ішінде жол қозғалысы ережелерін, тіршілік қауіпсіздігі негіздерін сақтау мақсатында сынып сағаты аясында 10 минут қауіпсіздік сабағы өтікізілсін.
Апта сайын сынып сағаттарын өткізу аясында білім алушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүзеге асырылады. Сынып сағаттарының мазмұнына келесі профилактикалық іс-шаралар біріктіріледі:
✓ «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам»- киберқауіпсіздікті үйрету
✓ «Буллингтен қорған!»- зорлық-зомбылықтың алдын алу
✓ «Ойынға салауатты көзқарас»- ойын-сауық пен бос уақытты тиімді ұйымдастыру.
✓ «Өмірге салауатты қадам»-дұрыс тамақтану,спортқа баулу.
✓ «Қоғамдық мүлікті қорға!»-вандализмге қарсы түсіндіру.
✓ «Қауіпсіз қоғам»- жауапкершілік, өзара құрмет және қоғамдық тәртіпті сақтау.
Жобалық әдіске негізделген бағыттар:
«Қамқор» - әлеуметтік қолдау,волонтерлік іс-шаралар.
«Еңбегі адал- жас өрен» - кәсіби бағдар мен еңбекқорлық.
«Smart Bala» - инновациялық жобалар байқауы.
«Ұшқыр ой алаңы» - пікірталас клубы.
«Балалар кітапханасы» - кітап оқуға баулу.
Ай бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар:
Қыркүйек – ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК АЙЫ
«Мектеп – мейірім мекені!»мектепішілік шара
«Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру» АПҚО сабақтары
«Денсаулық күні»спорттық шаралар
«Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі»челленджі
Алдын алу шаралары
Қазан – ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ АЙЫ
«Зейнеткер ұстаздарды құттықтау» челленджі
«Күзгі асар»күзгі өнімдерден жасалған қолөнер көрмесі
Ұстаздар күніне арналған «Даналық ұстаздан»челленджі
Ұстаздар күніне орай «Дублер күні»
«МП президентін сайлау» шарасы
«Әнұранайту»челленджі
«Республикам – мақтанышым!» мектепішілік шара
«Алтын күз»мектепішілік шаралар
«Кітаптар айналымы»күзгі демалыста кітап оқимын челленджі
Алдын алу шаралары
Қараша – ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК АЙЫ
«Ұлттық теңге – тәуелсіздігіміздің нышаны» атты интеллектуалды ойын«Startup»жобалар сайысы
«Психологиялық денсаулық күні» тренингтер
Алдын алу шаралары
Желтоқсан – БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ АЙЫ
«Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы
«Жас Ұлан» ұйымы қатарына оқушыларды қабылдау
«Жетістігімді еліме арнаймын»челленджі
Жаңа жылдық ертеңгіліктер
ҚР Тәуелсіздік күніне орай мектепішілік шаралар
Алдын алу шаралары
Қаңтар – ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП АЙЫ
«Мамандықтар әлемінде»тренингі
Алдын алу шаралары
Ақпан – ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ АЙЫ
«Шын жүректен кітап сыйла!» шарасы
«Саналы Ұрпақ» мектепішілік дебат турнирі
«Startup» жобалар сайысы
Наурыз – ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ АЙЫ
«Ананың аялы алақаны», челленджі
«Ұлттық мәдениет», қолданбалы шығармашылық көрмесі
«Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» мектеп ауласын абаттандыру жұмысы
«Жер сағаты», экомарафоны
Алдын алу шаралары
Сәуір – ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК АЙЫ
«Атадан-өсиет, анадан қасиет» шеберлік сағаты
«Құстар күні»акциясы
«Ғарыш әлеміне саяхат» қолданбалы шығармашылық жұмыстар
«Түлектердің ағаш егуі»челленджі
Алдын алу шаралары
Мамыр – БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ АЙЫ
«Жас Сарбаз» әскери шаралар
«Толағай» отбасылық сайысы
Отбасы күніне арналған мектепішілік шаралар
«Сыңғырла, соңғы қоңырау» мектепішілік шаралар
Алдын алу шаралары.
Білім Министрлігінің жұмысын талдау көрсеткендей: интерактивті әдістерді, түрлі іс-шараларды өткізу формаларын сынып жетекшілері қолданады, әдістемелік шеберлік деңгейі артып келеді. Сонымен бірге, оқушылармен жұмыс жасауда ерекше формаларды қолдануды жалғастыруға, құқықтық өзін-өзі тану және ата-аналармен өзара әрекеттесу шараларын өткізуге назар аударған жөн.
Тәрбие жүйесінде басшылыққа алынған келесі құжаттармен жұмыс жасады:
1) БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясы;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
3) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексі;
4) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы ;
5) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV Заңы ;
6) «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі N 169-VI Заңы ;
7) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы ;
8) Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Білім және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ;
9) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы ;
10) «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
11) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 12.06.2020 жылғы № 248 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері.
12) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы №348 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері;
13) «Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығы, Білім министрінің бұйрығымен жаңа редакцияда) Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №534);
14) «Орта білім беру ұйымдарындағы сынып жетекшілігі туралы ережені бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 12.01.2016 ж. №18 бұйрығы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен 2016 ж. Қазақстан Республикасының 2022.05.31 №251);
15) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің терроризмге осал объектілерді және терроризмге осал объектілерді, білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 желтоқсандағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117);
16) «Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №6 бұйрығы)
2025-2026 оқу жылында тәрбие бағдарламасындағы мақсатты жүзеге асыру үшін келесі құрамдағы одақтастық жасақталды. Олар: Әлеуметтік психологиялық қызмет, ата-аналар, сынып жетекшілер, тәрбиешілер, серіктестер, өзін-өзі басқару ұйымы, қосымша білім беру педагогтары.
Тәрбие жұмысының тәрбиелік деңгейі, мектеп ата-аналарының әлеуметтік портреті, әр жылдың тәрбие жұмысының мақсатындағы жүйелік деңгейін анықтау кестесі, тәрбие жұмысының маңыздылығы, оқушылардың қызығушылық және қанағаттану деңгейін бақылау, тәрбиешілердің сабақ беретін мұғалімдерімен байланысы арқылы мектептің тәрбиелік деңгейі анықталады.
Тәрбие жұмысына мектеп әкімшілігі, әлеуметтік-психологиялық қызмет, сынып жетекшілері, ата-аналар қауымдастығы, мектеп парламенті, қосымша білім беру педагогтері және әлеуметтік серіктестер тартылды.
Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары
Оқу жылы барысында тәрбие жұмысы жоспарға сәйкес жүйелі жүргізілді. Апта сайын мемлекеттік Әнұран орындау, қауіпсіздік сабақтары, аптаның дәйексөздерін насихаттау, ұлттық ойындарды дәріптеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және оқушылардың қауіпсіз мінез-құлқын дамыту жұмыстары тұрақты өткізілді.
Сынып сағаттары барысында:
Киберқауіпсіздік, буллингтің алдын алу, құқықтық мәдениет, салауатты өмір салты,
қоғамдық тәртіп, жол қауіпсіздігі,экологиялық тәрбие бағыттары қамтылды.
Азаматтық-патриоттық тәрбие
Оқу жылының басында Білім күніне арналған «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын ұйымдастырылды. Барлық сыныптарда «Менің Отаным – Қазақстан!» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Қазақстан халқы тілдері күні, Республика күні, Тәуелсіздік күні, Алғыс айту күні, Наурыз мерекесі және басқа да мемлекеттік мерекелер жоғары деңгейде аталып өтті.
Оқушылар:
«Менің туым – менің мақтанышым!» флешмобына;
«Қыран елім – Қазақстаным!» челленджіне;
«Жетістігімді еліме арнаймын» акциясына;
патриоттық әндер фестиваліне;
«Жас Сарбаз» әскери-патриоттық іс-шараларына белсенді қатысты.
Патриоттық бағыттағы жұмыстар оқушылардың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауын қалыптастырды.
2025-2026 оқу жылында «Адал Азамат» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша оқушылардың шығармашылық, азаматтық және зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында ұйымдастырылған түрлі облыстық және аудандық конкурстарға мектеп оқушылары белсенді қатысты.
Аталған жетістіктер оқушымен тәлімгерінің ортақ нәтижесі болды:
- «Әнші балапан» аудандық сайыс МДС тәрбиеленушісі Аюпова Сафия – 1-орын, 2025ж.
- «Күз Мерейі» республикалық шығармашылық байқау – Жандолданов Қайсар - 1- орын, Берікқали Әлинур мен Тоқтамуратов Мирас – 2-орын, 2025 ж.
- «Ақбота» республикалық зияткерлік олимпиадасы – Сейтен Айзере, Джусипов Азамат, Сатывалды Әлинұр, Картбаева Балжан, Сатывалды Мансұр – 1-орын, Сейтен Тимур – 1 орын, Күмісбек Ардана, Ақынова Аянұр, Өміржан Байболат, Абат Жадыра – 2-орын, Асан Асылым, Хасенов Арнур – 3 орын, 2025ж.
- аудандық баскетбол ойынында мектебіміздің ұлдар құрамасы – 3 орын, қыздар командасы – 3 орын, 2026ж.
- аудандық волейбол ойынында мекетбіміздің ұлдар командасы – 1 орын, қыздар командасы – 1 орын, 2026 ж.
- аудандық футбол ойынында мекетбіміздің ұлдар командасы – 2 орын, 3- орын, 2026 ж.
- аудандық «Асық ату» ойынында мекетбіміздің ұлдар командасы – 1 орын, 2026 ж.
- аудандық «Бес тас» ойынында мекетбіміздің қыздар командасы – 2 орын, 2026 ж.
- аудандық Шахмат ойынында мекетбіміздің командасы – 3 орын, 2026 ж.
- аудандық «Ыбырай оқулары» байқауында Абдинаби Мадина бас жүлде, Айтжан Нұрмұхамбет, Абат Аяулым – 1-орын, Тағайбек Жанерке, Қартбаева Балжан – 2-орын, Яхуда Айзере – 3-орын, 2026 ж.
- аудандық «Ыбырай Алтынсарин оқулары – 2025» - Тұрсын Медина – 1-орын,
Әбілғазы Жанель – 2-орын, сахналық қойылым – мектеп оқушылары – 2-орын, 2025 ж.
- аудандық «Алтын сақа» олимпиадасы - Джусипов Азамат – 1 орын, Ғабдурахман Айзере, Ембергенова Жанель, Абат Асет – 2-орын, Жунусова Самира, Айтжан Нұрмұхаммед, Сейткали Амани, Рахимгали Альмансұр – 3 орын, Абдинаби Мадина, Сейтқанова Амина – сертификат, 2026 ж.
- облыстық «Алтын сақа олимпиадасы - Джусипов Азамат – 3 орын, 2026 ж.
- «Бастауыш - білім бұлағы» атты дарынды оқушылар республикалық сайыс - Абдинаби Мадина, Абат Аяулым, Айтжан Нұрмұхамед – 1-орын, 2025 ж.
- аудандық «Менің шағын Отаным» жас тарихшылар интеллектуалдық конкурсы Әдібай Аружан – 3-орын, 2025ж.
- аудандық 5-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы - Тұрсын Медина, Мукангалиева Дариға,
Әдібай Аружан, Канапьянов Аймұрат, Зулкарнаев Қайсар – 1-орын, Күмісбек Райымбек, Нұржанов Тайыр, Тайынбай Інжу, Рустам Айжұлдыз, Жунусова Азиза – 3-орын, 2025 ж.
- облыстық 5-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы - Әдібай Аружан, Канапьянов Аймұрат – 3орын, 2026 ж.
- аудандық «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсы - Джусипов Азамат, Яхуда Айзере, Абдинаби Мадина және Абат Аяулым, – 1-орын, Картбаева Балжан – 2-орын, 2025 ж.
- облыстық «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсы - Джусипов Азамат, Яхуда Айзере – сертификат, Абдинаби Мадина және Абат Аяулым, – 2-орын, 2026 ж.
Жетістіктер диаграммасы
|
Қатысу деңгейі |
Жүлделер саны |
Оқушының аты-жөні |
|
республикалық |
24 |
Жандолданов Қайсар Сейтен Айзере, Джусипов Азамат, Сатывалды Әлинұр, Картбаева Балжан, Сатывалды Мансұр, Сейтен Тимур Абдинаби Мадина, Абат Аяулым, Айтжан Нұрмұхамед Берікқали Әлинур, Тоқтамуратов Мирас Күмісбек Ардана, Ақынова Аянұр, Өміржан Байболат, Абат Жадыра Асан Асылым, Хасенов Арнур |
|
облыстық |
5 |
Абдинаби Мадина, Абат Аяулым Джусипов Азамат Әдібай Аружан, Канапьянов Аймұрат Джусипов Азамат, Яхуда Айзере |
|
аудандық |
45 |
Абдинаби Мадина Аюпова Сафия Тұрсын Медина Айтжан Нұрмұхамбет, Абат Аяулым Джусипов Азамат Тұрсын Медина, Мукангалиева Дариға, Әдібай Аружан, Канапьянов Аймұрат, Зулкарнаев Қайсар Джусипов Азамат, Яхуда Айзере, Абдинаби Мадина, Абат Аяулым Волейбол (ұлдар), Волейбол (қыздар), «Асық ату» (ұлдар). Әбілғазы Жанель, Тағайбек Жанерке, Қартбаева Балжан Ғабдурахман Айзере, Ембергенова Жанель, Абат Асет Картбаева Балжан Футбол (ұлдар), «Бес тас» (қыздар). Яхуда Айзере Жунусова Самира, Айтжан Нұрмұхаммед, Сейткали Амани, Рахимгали Альмансұр Әдібай Аружан Күмісбек Райымбек, Нұржанов Тайыр, Тайынбай Інжу, Рустам Айжұлдыз, Жунусова Азиза Баскетбол (ұлдар), Баскетбол (қыздар), Футбол (ұлдар), Шахмат командасы. Абдинаби Мадина, Сейтқанова Амина |
Мәселелер
- Мектеп оқушыларының республикалық, облыстық деңгейдегі сайыстарға
- қатысудеңгейі төмендігі.
- Бұл дайындықтың жеткіліксіздігі, бәсекелестіктің жоқтығы.
- Оқушыларды түрлі жобаларға тарту жұмысының төмендігі.
Ұсыныстар
- Оқушыларды облыстық, республикалық деңгейдегі сайыстарға
- қатыстыру.
- Жүлделі орындарды иемденіп жүрген оқушылар мен тәлімгерлерінен
- дәрістер өткізу қажеттігін сұрау.
- Оқушыларды сайыстарға қатыстыру барысында олардың
- қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
- Ата-аналар мен оқушыларға қажетті ақпараттарды беру.
Рухани-адамгершілік тәрбие
Отбасы күні, Қарттар күні, Алғыс айту күні, Халықаралық әйелдер күні және басқа да мерекелер аясында көптеген тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізілді.
«Отбасылық дәстүрлер», «Отбасылық демалыс», «Қарттарым – асыл қазынам», «Жүректен жүрекке», «Қайырымдылық күні» сияқты шаралар арқылы оқушылардың бойында мейірімділік, қамқорлық, ізгілік қасиеттері дамытылды.
Наурызнама онкүндігі барысында ұлттық құндылықтарды насихаттайтын:
-Көрісу күні;
- Шаңырақ күні;
-Ұлттық киім күні;
-Ұлттық спорт күні;
-Тазару күні;
-Эко-челлендж күні
бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.
Құқықтық тәрбие және қауіпсіздік
Жыл бойы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлерімен, прокуратура өкілдерімен және құқық қорғау органдарымен бірлескен кездесулер өткізілді.
Оқушылар арасында:
-«Менің құқығым – менің жауапкершілігім»;
-«Заңға 30 секунд»;
- «Заң менен басталады»;
-«Заң және тәртіп»;
-«Адалдық және әділдік»
тақырыптарында тәрбиелік жұмыстар жүргізілді.
Буллингтің, кибербуллингтің, құмар ойындардың, есірткі мен алкогольдің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді. Қысқаметражды фильмдер көрсетіліп, пікірталастар ұйымдастырылды.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша дәрістер мен кездесулер өткізілді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Оқу жылы барысында Денсаулық күні, спорттық жарыстар, профилактикалық кездесулер ұйымдастырылды.
Медицина қызметкерлерінің қатысуымен:
-дұрыс тамақтану;
- энергетикалық сусындардың зияны;
- алкогольдің ағзаға әсері;
-туберкулездің алдын алу;
-АИТВ/ЖИТС профилактикасы;
- репродуктивті денсаулық
тақырыптарында дәрістер өткізілді.
Оқушылар арасында спортпен шұғылдануға қызығушылық артты.
Экологиялық тәрбие
«Таза Қазақстан» жобасы аясында бірнеше сенбіліктер өткізілді.
Оқушылар:
мектеп аумағын абаттандыруға;
ағаш отырғызуға;
бөлме гүлдерін күтіп-баптауға;
құстарға ұя жасауға;
табиғатты қорғау акцияларына белсенді қатысты.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілді.
Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру
«Кітап оқитын ұлт» және «Балалар кітапханасы» жобалары аясында көптеген жұмыстар атқарылды.
Мектеп кітапханасында:
-кітап көрмелері;
-дөңгелек үстелдер;
- квест ойындары;
-фотокөрмелер;
- оқу сағаттары ұйымдастырылды.
Оқушылар күзгі, қысқы және көктемгі демалыс уақытында кітап оқып, оқыған шығармаларын насихаттады.
«Кітап оқитын ұлт»жобасы аясынды ұйымдастырылған аудандық «Кітап оқитын педагог» байқауында мектебіміз І орын иеленді.
Өзін-өзі басқару және көшбасшылық
Мектеп парламентінің жұмысы жүйелі жүргізілді.
Оқушылар:
-мектеп президентін сайлауға;
-«Дублер күніне»;
- дебат турнирлеріне;
- қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысты.
Пікірсайыс қозғалысы дамып, аудандық турнирлерде жоғары нәтижелер көрсетілді.
Спорттық және шығармашылық жетістіктер
Оқу жылы барысында оқушылар аудандық және облыстық деңгейдегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда:
футболдан аудандық жарыстарда жүлделі орындар;
баскетбол ІІІ орын
волейбол І орын
асық атудан І орын;
бес асық ІІ орын
тоғызқұмалақтан ІІ және ІІІ орын;
«Жас Сарбаз» әскери-спорттық жарысында ІІІ орын;
пікірсайыс турнирінде І орын;
түрлі шығармашылық байқауларда жоғары нәтижелер көрсетілді.
Бұл жетістіктер оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетінің жоғары екенін көрсетті.
Ата-аналармен жұмыс
Ата-аналармен ынтымақтастық бағытында:
жалпы мектептік ата-аналар жиналыстары;
облыстық бірыңғай жиналыстар;
дәрістер;
челлендждер; кеңестер ұйымдастырылды.
Ата-аналар тәрбие жұмыстарына белсенді қатысып, мектеп пен отбасы арасындағы байланыс нығайтылды.
Балалар мен жастардың табысты әлеуметтенуі және өзін-өзі тиімді жүзеге асыру үшін жағдай жасау, сондай-ақ туындайтын мәселелерді білім алушылардың өз бетінше шешуі үшін мүмкіндіктер жасау мақсатында 2025-2026 оқу жылының жоспары құрылып, фракция мүшелері өз міндеттеріне көшті. Мектеп президенті және фракция мүшелері аға тәлімгер – Арыстан М.С.-мен біргелікте әртүрлі бағыттағы челлендждерге, «Жақсылық жасап жарысайық» акциясына қатысып, көмек көрсетудің адамның рухани жанына азық екенін түсінді. «Жасыл ел» жобасы аясында мектеп президенті мен экология фракция мүшелері аға тәлімгер Арыстан.М.С., бірігіп, 8-10 сынып оқушыларының еріктілерімен мектеп маңын қоқыстан тазалап, оқушыларды тазалық сақтауға насихаттады.
Мектептің жоғарғы сынып оқушыларынан құралған «Мектеп парламенті» жоспарға сәйкес жұмыс жасайды.
Мектепішілік парламент жұмысын үйлестіруде арнайы ережелері бар.
Парламент құрылымы 8 фракциядан тұрады:
1.Құқық және тәртіп фракциясы;
- Ақпарат фракциясы;
- Спорт және салауатты өмір салты фракциясы;
- Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психология);
- Қамқорлық фракциясы (еріктілік);
- Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық);
- Дебат қозғалысының фракциясы;
- Экология және еңбек фракциясы;
Соңымен қатар фракциялар құрамында «Жас Ұлан» өзін-өзі басқару ұйымының оқушылары да қатар жұмыс істеуде.
Әр фракция бойынша жетекшілер бекітілген (тарих мұғалімдері, дене шынықтыру мұғалімдері, биология мұғалімдері, музыка пәнінің мұғалімдері, психологтар, тәлімгер). Өткізілген іс-шаралар бойынша барлық ақпараттар мектеп парламенті мен мектептің инстаграмм парақшаларына, мектеп сайтында жарияланып отырды.
Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ювеналды полиция инспекторымен мектеппен тығыз қарым-қатынас орнатып, бектілген кестеге сәйкес 1 рет профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырады. Іс шараларға 5-11 сынып оқушылары толық қамтылды.
Әлеуметтік қауіпті жағдайдағы оқушылар, сәтсіз отбасылар, балаларды тәрбиелеуден бас тартқан ата-аналар, қиын жасөспірімдерді анықтау мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Қорытынды
2025–2026 оқу жылында мектептің тәрбие жұмысы жоспарға сәйкес толық көлемде жүзеге асырылды. «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі бағыттары мен құндылықтары жүйелі түрде іске асырылып, білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, құқықтық және әлеуметтік құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар нәтижелі жүргізілді.
Тәрбие жұмысының нәтижесінде оқушылардың қоғамдық белсенділігі, патриоттық көзқарасы, құқықтық сауаттылығы, шығармашылық қабілеттері мен көшбасшылық қасиеттері дамыды. Мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы ынтымақтастық нығайып, тәрбие жұмысының тиімділігі артты.
Жалпы алғанда, 2025–2026 оқу жылындағы тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері орындалып, жоспарланған іс-шаралар толық жүзеге асырылды деп ойлаймын.
Мектепте құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмысы 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сай жүргізілді.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен:
- «Адам саудасының алдын алу» дәрісі,
- «Жол қауіпсіздігі ережелері» профилактикалық жұмыс,
- «Сен өз құқығыңды білесің бе?» кездесуі,
- «Буллингтің алдын алу» кездесуі, ата-аналар жиналысы6
- «Тыйым салынған заттарды мектеп аумағына кіргізбеу ережесі», «Пиротехникалық заттарды қолданудағы қауіпсіздік» профилактикалық әңгімесі,
- «Нашақорлықтың алдын алу» дәрісі,
- «Заң және тәртіп» дәрісі,
- «Құқық бұзушылықтың алдын алу» дәрісі,
- «Жол-көлік жарақатының алдын алу» дәрісі,
- «Бөтеннің мүлкіне қол сұғудың алдын алу», «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың және жыныстық қолсұғылмаушылықтың алдын алу» профилактикалық дәрісі,
- «Полиция – балалардың қорғаны» профилактикалық әңгіме.
Жыл басынан құқық бұзушылықтың алдын-алу және мектепішілік ережеге сай тәртіпті қадағалау мақсатында әкімшілік және сыныптардың кезекшілігі ұйымдастырылған. Жыл бойы мектепте «Қылмыстың алдын-алу кеңесі», «Татуластыру (медиация) қызметі», «Әлеуметтік-психологиялық қызмет», «Жалпыға бірдей құқық сабақтары» жұмыстары жоспар бойынша жүзеге асырылды. «Жалпыға бірдей құқық сабақтары» сынып жетекшілер сынып сағаттардың басында жоспарға сәйкес жүзеге асырады. Әр тоқсан соңында оқушылардың өткен тақырыптары бойынша құқықтық білімдерін тексеру мақсатында тестік жұмыстар ұйымдастырылып отырылады. Тест қорытындысы бойынша үш жыл бойы оқушылардың құқықтық сауаттылығы жоғары екені көрсетті. Көп қателескен оқушылардың жауаптары сараланып қайта түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады.
Алдын-алу және ескерту бойынша жұмысты жетілдіру мақсатында қадағалаусыздық пен құқық бұзушылықтың, кәмелетке толмағандардың органдарының жұмысын жандандыру мектепте өзін-өзі басқару, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқық бұзушылықтың алдын-алу Кеңесі құрылды. Алдын-алу кеңесі құрылымдық болып табылады және алдын-алу Кеңесі туралы ереже негізінде әрекет етеді. Кәмелетке толмаған оқушылардың құқық бұзушылығының алдын-алу бойынша мектептегі жұмыс жоспарға сәйкес жүргізілді. Жоспарға сыныптар бойынша құқық бұзушылықтың алдын- алу бойынша жүргізілетін жұмыстардың, мектепішілік тәртіп, Жол картасы бойынша суицидтің алдын-алу бойынша жұмыстарының қорытындылары кіргізілді.
Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі ювеналды полиция инспекторымен мектеппен тығыз қарым-қатынас орнатып, бектілген кестеге сәйкес 1 рет профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырады. Іс шараларға 5-11 сынып оқушылары толық қамтылды.
Әлеуметтік қауіпті жағдайдағы оқушылар, сәтсіз отбасылар, балаларды тәрбиелеуден бас тартқан ата-аналар, қиын жасөспірімдерді анықтау мақсатында зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Мектепішілік есепте тұрған оқушылар
|
Оқу-жылы |
Тіркеуде тұрған оқушылар саны |
|
2023-2024 |
0 |
|
2024-2025 |
0 |
|
2025-2026 |
0 |
ЮПТ есебінде тұрған оқушылар
|
Оқу-жылы |
Тіркеуде тұрған оқушылар саны |
|
2023-2024 |
0 |
|
2024-2025 |
2 |
|
2025-2026 |
1 |
Бейберекетсіз отбасы есебінде
|
Оқу-жылы |
Тіркеуде тұрған отбасы саны |
|
2023-2024 |
0 |
|
2024-2025 |
1 |
|
2025-2026 |
1 |
Құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша жұмысты талдау көрсеткендей: мектепте кәмелетке толмағандар арасында құқыққа қайшы әрекеттердің алдын-алу және білім алушылардың құқықтық мәдениетін арттыру бойынша мақсатты жұмыс жолға қойылған. Дәстүрлі: жалпыға бірдей құқықтық білім беру күндері; мектеп инспекторының ауызша журналдары мен әңгімелері, ЮПП қатысатын іс-шаралар, құқықтық онкүндіктер, құқық қорғау органдары мен прокуратура өкілдерімен кездесулер, ата-аналарға құқықтық білім беру және т.б. іс-шаралар.
Мектепте құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмысының оң үрдістеріне қарамастан келесі мәселелерге назар аудару қажет:
- Білім алушылардың, ата-аналардың құқықтық мәдениетін арттыру бойынша педагогикалық ұжымның жұмысын жалғастыру.
- Құқықтық онкүндіктерді, жалпыға бірдей құқықтық оқыту және құқықтық білім күндерін өткізу, құқық қорғау органдары мен прокуратура өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру.
- Балалар мен жасөспірімдерді мектептегі және мектептен тыс іс-шараларға, секцияларға, үйірмелерге тарту.
- Құқық бұзушылық жасауға бейім білім алушыларды анықтау бойынша әлеуметтік педагог, психолог, сынып жетекшілерінің жұмысын күшейту.
- Құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша білімді насихаттау мақсатында Жас полиция көмекшісі отрядының қызметін жандандыру.
Тәрбие жұмысының дамуы көбінесе сынып жетекшілер мен тәрбиешілер әдістемелік бірлестік жұмысының тиімділігіне байланысты.
Мектептің тәрбие жұмысының әдістемелік тақырыбы: «Сынып жетекшілер мен тәрбиешілердің шеберлігін арттыру арқылы тәрбие формалары мен әдістерін жетілдіру».
ӘБ мақсаты: өз тәрбие жүйесін құру кезінде сынып жетекшілер мен тәрбиешілердің шығармашылық әлеуетін іс жүзінде іске асыру үшін жағдай жасау, мектептегі тәрбие процесінің теориясы мен практикасы бойынша білімді арттыру, ұжымдық шығармашылық тәрбие әдістемесінің теориясын меңгеру, сыныптық іс-шараларды, ұжымдық шығармашылық істерді дайындау, өткізу және талдау кезінде көмек көрсету.
ӘБ міндеттері іске асырылды:
- Әр сынып жетекші мен тәрбиешінің құзыреттілігі мен кәсіби шеберлігін арттыруға, тәрбие жұмысын ұйымдастырудың нысандары мен әдістерін жетілдіруге көмек көрсету.
- Сыныптағы және топтағы тәрбие жүйесін модельдеу үшін сынып жетекшілерінің теориялық және практикалық базасын қалыптастыру.
- Оқушыларды тәрбиелеу мен әлеуметтендірудің бірыңғай қағидаттық тәсілдерін орындауды қамтамасыз ету.
- Сынып ұжымы мен топтардың тәрбие іс-шараларын жоспарлауын, ұйымдастыруын және педагогикалық талдауларын үйлестіру.
- Сынып жетекшілер мен тәрбиешілердің тәжірибесін зерттеу және жалпылау.
- Педагогикалық ұжымның шығармашылық әлеуетін арттыру.
- Мектептің тәрбие жұмысы жүйесінің сапасы мен тиімділігін арттыру.
Алға қойылған міндеттердің негізінде тәрбие жоспарлары мен бағдарламалары жасалды, сынып жетекшілер мен тәрбиешілердің жұмысы, сынып ұжымдарының қызметі құрылды.
"Білім туралы" ҚР заңын орындай отырып, сынып жетекшілер мен тәрбиешілердің жұмыс жоспарларына тәрбие міндеттерін шешуге ықпал ететін, тәрбие мен әлеуметтік бейімделу деңгейін арттыратын нақты іс-шаралар енгізілді. Сынып жетекшілер мен тәрбиешілер білім беру технологиялары арқылы жоспарланған педагогикалық нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін келесі заманауи білім беру технологияларын қолданады:
- Жеке тұлғаға бағытталған;
- Оқу процесінде тәрбие;
- Оқушылардың өзін-өзі дамыту технологиясы;
- Мәдениет диалогы технологиясы;
- Сыни ойлау технологиясы.
Білім беру технологияларын қолданудың нәтижелілігін диагностикалау құралдары:
- Сауалнама;
- Сұхбат;
- Рөлдік ойындар, іскерлік ойындар және миға шабуыл.
Тәрбие жұмысының жай-күйі сынып жетекшілерінің ӘБ отырыстарында қаралады. ӘБ отырыстарында келесі мәселелер қамтылды: «Жаңа оқу жылында тәрбие жұмысын ұйымдастыру», «Буллинг, кибербуллинг кезіндегі іс-әрекет», «9-11 сынып оқушыларына арналған тәрбие сағаттарының тиімділігі», «Дарынды оқушы – болашақ кепілі», «5-11 сынып оқушыларының өмір қауіпсіздігі мен іс-шара барысындағы ТҚ», «5-сыныптардың бейімделуі», «Балаларға эстетикалық тәрбие берудің маңыздылығы» және т.б. ұйымдастырушылық бағыттағы сұрақтар қаралды.
Жыл сайын сынып жетекшілері өздерінің педагогикалық тәжірибелерін оқыту семинарларына, конкурстарына қатысумен толықтырады.
Сынып жетекшілер мен тәрбиешілер өзін-өзі жетілдіру бойынша әдістемелік тақырыптарға сәйкес өз шеберліктерін арттырады. Сынып жетекшілер мен тәрбиешілер тақырыптары бойынша сұрақтарды педагогикалық кеңесте, ӘБ отырыстарында үнемі баяндап отырады. ӘБ жұмысының талдауы көрсеткендей: сынып жетекшілер интерактивті әдістерді, іс-шараларды өткізудің әртүрлі формаларын қолданады, әдістемелік шеберлік деңгейін арттырады. Сонымен қатар, білім алушылармен жұмыста ерекше нысандарды пайдалануды жалғастыруға, тұлғаның азаматтық-патриоттық, адамгершілік қасиеттерін, құқықтық өзін-өзі тануды қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды өткізуге назар аударған жөн.
Мектептің психологиялық қызметі жыл сайын әр оқу жылының басында әзірленетін және бекітілген жоспар бойынша жұмыс істейді, ол білім беру процесі кезінде оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау үшін қажетті психологиялық қауіпсіз білім беру ортасын құру мақсатында құрылады. Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, балаларға қатыгездік пен тұрмыстық зорлық-зомбылық, кәмелетке толмағандарғажыныстық қол сұғылмаушылықты болдырмау бойынша қосымша шаралар. Психологиялық қызметке: директор, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілер, пән мұғалімдері, (келісім бойынша) медицина қызметкері кіреді.
Психологиялық қызметтің мақсаты: білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтауға көмектесу, білім беруді ұйымдастыруда қолайлы әлеуметтік-психологиялық орта құру және оқу үдерісіне қатысушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
Міндеттері:
-оқушылардың тұлғалық және интеллектуалдық дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
- қарқынды дамып жатқан ақпараттық қоғам жағдайында оқушыларға олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық көмек көрсету;
-әр оқушыға оның тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерттеу негізінде жеке көзқарасты қамтамасыз ету;
-психологиялық диагностика жүргізу және оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
-оқушылардың психологиялық қиындықтары мен мәселелерін шешу үшін психокоррекциялық жұмыстарды жүзеге асыру;
- оқушылардың психикалық денсаулығын қорғау;
-ата-аналарға (немесе оларды алмастыратын тұлғаларға) және мұғалімдерге психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешуде оқыту мен тәрбие жұмысының оңтайлы әдістерін таңдауда консультациялық көмек көрсету;
- оқу тоқсанында кемінде 1 рет жүйелі тестілеу арқылы кәмелетке толмағандардағы суицидке психологиялық бейімділіктерді, сондай-ақ асоциалды бейімділіктерді (қылмыс жасауға, алкогольдік, есірткілік заттарды тұтынуға, қылмыс жасауға бейімділік) анықтау және алдын алу;
- суицидке бейім кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ олардың ата-аналарына (немесе оларды алмастыратын тұлғаларға) өзіне-өзі қол жұмсау мен қастандықтардың алдын алу мақсатында психологиялық көмек көрсету.
Мектептің психологиялық қызметін реттейтін нормативтік құжаттар: Бала құқықтары туралы конвенция, Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 Заңы, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (03.07.2013 ж. өзгертулер мен толықтырулармен), Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III., Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметінің қағидалары (ҚР ПҚ, 2022 ж.), білім беру ұйымының жарғысы, психологиялық қызмет туралы ереже.
Психологиялық қызмет өз қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады: психодиагностикалық, консультативтік, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамыту, ұйымдастырушылық-әдістемелік
Жұмыс формалары:
- Республикалық іс-шаралар мен айлықтардың шеңберінде, сондай-ақ атаулы даталардың мерекелеріне арналған аудандық, мектеп және сыныптық тақырыптық іс-шаралар;
- Оқушылар мен ата-аналарға арналған тақырыптық сабақтар, профилактикалық әңгімелер, пікірталастар, психологиялық тренингтер, сауалнамалар мен социологиялық сауалнамалар;
- Педагогикалық кеңестер, директор жанындағы кеңестер, сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің отырыстары;
- Оқушылармен диагностикалық, бақылау және түзету жұмыстары;
- Ата-аналармен кездесулер мен жеке кеңестер, бірлескен рейдтер мен алдын алу шаралары;
- Медицина қызметкерлерімен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен және мамандандырылған ведомстволық мекемелердің қызметкерлерімен кездесулер.
1) Психодиагностикалық бағыт – оқу жылы ішінде мынадай диагностика жүргізіледі:
Қыркүйек айында: HR+ автоматтандырылған бағдарламасы арқылы 5-11 сынып оқушылардың эмоционалдық жағдайын диагностикалау, зорлық-зомбылықтың және қатыгез қарым-қатынастың алдын-алу , психобелсенді заттардың қолдану белгілерін анықтау бойынша тоқсан сайын диагностикалық зерттеу жүргізіліп отырады.
8-11 сынып оқушыларымен Д.Олвеустың «Буллинг» сауалнамасы жүргізілді. 1-2 сыныптар аралығында «Кактус», 3-4 сыныптар аралығында «Менің ғаламым» проективті әдістемелер өткізілді.
Қазан айында: бейімделу кезеңіндегі 1-сынып оқушыларының психологиялық мәселелерін анықтау үшін:
Керн-Йрасек «Баланың мектепке дайындығын анықтау»
тест;«Ағаштағы адамдар»әдістеме; Щур «Баспалдақ» әдістемесі.
5,10 сынып оқушыларының бейімделуін зерттеу үшін:
«Мектеп» сауалнамасы В.М. Блейхер, И.В. Крук, С.Н. Боков «Практикалық патопсихология» HR+;
«Социометрия» әдісі HR+; Н.Г. Лусканованың «Мектептегі мотивация деңгейін бағалау» сауалнамасы HR+.
10-11 сынып оқушылармен Д. Рассел мен М. Фергюсонның Жалғыздықтың субъективті сезім деңгейін диагностикалау әдістемесі жүргізілді. Субьективті жалғыздық сезімінің жоғары және орташа деңгейін көрсеткен оқушылар анықталмады. HR+
Қараша айында: HR+ автоматтандырылған бағдарламасы арқылы оқушылардың эмоционалдық жағдайын зерттеу диагностикасы өткізілді. 5-8 сыныптар аралығында «Жалғыздық» С.Г.Корчагина әдістемесі, 9-11 сыныптар аралығында «Жасөспірімдердің әл-ауқатының шкаласы» Кэрол Рифф сауалнамасы жүргізілді.
Желтоқсан айында: 6-8 сыныптар аралығында HR+ автоматтандырылған жүйе бойынша Кимберли Янг лудоманияны анықтау (В.А. Лоскутовамен бейімделген) әдістемесі жүргізілді. 2-3 сыныптарда«Ағаштағы адамдар» тесті.
Қаңтар айында: HR+ автоматтандырылған бағдарламасы арқылы 5,9,10,11 сынып оқушылары арасында интернетке патологиялық тәуелділіктің өзін-өзі диагностикалау Кимберли Янг (В.А. Лоскутовамен бейімделген) әдістемесі өткізілді.
9, 11 сыныптардың оқушылардың мамандықтар атауымен таныстыру, ақпараттандыру, олардың қай типке жататындарын анықтау мақсатында Е.А.Климовтың"дифференциалды-диагностикалық сауалнама" HR+.
Ақпан айында: HR+ автоматтандырылған бағдарламасы арқылы 5-6 сыныптар арасында «Мазасыздықтың экспресс- әдістемесі» С.А.Хмельницкая диагностикасы өткізілді. 7-11 сыныптар аралығында Төзімділікті сауалнамасы» С.Мадди, бейімдеген Д.Леонтьев сауалнамасы HR+ автоматтандырылған бағдарламасы арқылы өтті.
5-11 сынып оқушылармен «Мектеп оқушыларының психологиялық денсаулығының деңгейіне кибербуллинг маркерлерінің әсерін бағалау» әдістемесі (авторы Ракишева Г.М.) өткізілді.
Наурыз айында: 4-5 сынып ата-аналарымен «Отбасы қарым-қатынасы» сауалнамасы жүргізілді.
Сәуір айында: HR+ автоматтандырылған бағдарламасы арқылы 5-11 сынып оқушылардың тұрақсыз психоэмоционалды жағдайын зерттеу үшін: 5-9 сыныптар арасында И.А. Баеваның мектептің білім беру ортасының психологиялық қауіпсіздігін бағалау әдістемесі өткізілді, 10-11 сыныптар арасында Кука-Медлей шкаласы «Өшпенділік» әдістемесі өткізілді.
Мамыр айында: МДС тәрбиеленушілерімен мектепке дайындықты анықтау үшін диагностикалық зерттеу: «Баспалдақ» В.Г.Щур әдістемесі, «Үйшік» Н.И.Гуткина әдістемесі, «Ағаштағы адамдар» тесті.
Ағартушылық-профилактикалық бағытта:
Қыркүйек айында: «Егер қиын болса- жай қоңырау шал!» жарнамалық-түсіндіру акциясы ұымдастырылды.
25.09.2025ж. «Бала қауіпсіздігі-қоғам келешегі» тақырыбында буллинг, нашақорлық, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу тақырыбында 1-11 сыныптың ата-аналар арасында бірігей жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыстың практикалық бөлімінде жаттығулар жүргізілді. Сонымен қатар, «Балаңызға үлгі болыңыз» жадынама парағы таратылды.
Қазан айында: 10.10.2025ж. «Психологиялық денсаулық күні» өтті. Осыған орай мектебімізде оқушылармен, мектеп ұжымымен , ата-аналармен бірқатар іс-шаралар өткізілді. «Ішкі тыныштық пен ресурстық күйі» тренинг (15педагог), «Жылы сөз-жанға қуат» жаттығу (42оқушы), «Психологиялық денсаулық-менің әлемімде» сурет салу (52 оқушы) қатысты.
Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінде «Буллинг пен кибербуллинг әлеуметтік педагогикалық мәселе ретінде» тақырыбында сұрақ қарастырылды.
31.10.2025ж. отбасылық клуб жобасы аясында «1-ші сынып оқушылардың мектепке бейімделу кезеңінде ата-ананың қолдауы» тақырыбында 1 сынып ата-аналары арасында жиналыс өткізілді. 1-ші сынып оқушылары арасында өткізген зерттеу нәтижесімен ата-аналар таныстырылды. Жиналыста оқушылардың жас ерекшеліктері, бейімделуде кездесетін қиындықтар, сәтті және сәтсіз бейімделудің белгілері қарастырылды. Ата-аналар тарапынан баласына қолдау көрсету, бейімделу кезеңінде қиындықтарды бірге шешуге бағыттауға, мектеппен өзара қарым-қатынас орнатуға, оқушылардың өзіне деген сенімділікті және жетістіктерді қалыптастыратын жағдай жасауға ұсыныстар берілді.
Қараша айында: Отбасылық клуб жобасы аясында «5-ші сынып оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға бейімделу кезеңінде ата-ананың қолдауы» тақырыбында 5 сынып ата-аналары арасында жиналыс өткізілді. 5-ші сынып оқушылары арасында өткізген зерттеу нәтижесімен ата-аналар таныстырылды. Жиналыста оқушылардың жас ерекшеліктері, бейімделуде кездесетін қиындықтар, сәтті және сәтсіз бейімделудің белгілері қарастырылды. Ата-аналар тарапынан баласына қолдау көрсету, бейімделу кезеңінде қиындықтарды бірге шешуге бағыттауға, мектеппен өзара қарым-қатынас орнатуға, оқушылардың өзіне деген сенімділікті және жетістіктерді қалыптастыратын жағдай жасауға ұсыныстар берілді.
Бейімделу кезеңіндегі 1-5сынып оқушыларының психологиялық мәселелерін анықтау педконсилиум.
Құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы аясында жоғары сынып оқушыларымен «Лудомания- болашақтың дерті» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік акциясы және құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы аясында "Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық зомбылықтың, буллингтің алдын алу" тақырыбында оқушылармен дәріс өткізілді. Кездесуде оқушыларға күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі қауіпті жағдайларда өздерін қалай қорғау керектігін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Желтоқсан айында: «Гендерлік зорлық зомбылыққа қарсы 16 күн» республикалық акциясы және құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы аясында 1-4 сынып оқушыларымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу» әңгіме кеңес жүргізілді. Акция аясында жоғары сынып қыздарымен «Репродуктивті денсаулық және ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында мектеп медбикесі танымдық әңгіме жүргізді. «Психологиялық білімдер онкүндігі» жоспарын жүзеге асыру 5–11-сынып оқушыларымен достық қарым-қатынасты қалыптастыру, бір-бірін дұрыс түсіну, тиімді қарым-қатынас жасау және сыныптағы жағымды психологиялық ахуалды нығайтуға бағытталған түрлі жаттығулар мен ойындар жүргізілді. Іс-шаралар оқушылардың өзара сыйластық, ынтымақтастық және эмпатия дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Қаңтар айында: "Аутодеструктивті мінез-құлық мәселелеріндегі психологиялық қызметің жұмысы" педкеңесте қарастырылды, отбасы клуб жобасы аясында 10 сынып ата-аналарымен «Кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлық пен психобелсенді заттарды қолданудың алдын алу» отырысы өтті.
21.01.2026ж. 5-7 сыныптар аралағында оқушыларды интернет желісіндегі қауіптермен таныстыру «Интернет желісіндегі қауіп қатер!» тақырыбында дәріс ұйымдастырылды. Теріс бағыттағы топтарды насихаттайтын сайттардың тиімсіз жақтары жайлы оқушыларды таныстырып өтті. Сонымен қатар компьютерлік ойындар құмар ойындарға тәуелділік қалай пайда болады оның дамуына әкелетін факторлар,күдікті сайттарға, ссылкаларға кірмеу керектігі жайлы ескертілді. Жалпы дәрісте қауіпсіз интернеттің маңыздылығы мен қазіргі таңдағы алар орны жайында және интернет желісіндегі ережелер, уақыт шектеулері, кіруге болатын ресурстар, қауіпсіздігін қамтамассыз етуге арналған ұсыныстар берілді.
Ақпан айында: 2026жылдың 12 ақпаны күні 5-11 сынып ата-аналары арасында «Кәмелетке толмағандарға қатысты суицидтік мінез-құлықтың, буллингтің/кибербуллингтің және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында бірыңғай облыстық ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың күн тәртібінде қазіргі күнде маңызды, алаңдатарлық сұрақтары қарастырылды. Соның ішінде:
Жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу;
Кәмелетке толмағандар арасындағы буллинг/кибербуллингтің алдын алу;
Аутодеструктивті мінез-құлықтың және тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы айтылды.
Жиналыстың практикалық бөлімінде «Біздің үйдің ережелері», «Балама хат», «Ауыр сөздер» жаттығулары өткізілді. Тақырыптарды талқылау үшін «Сұрақ-жауап» топпен жұмыс жүргізілді. Ата-аналар өте белсенді қатысып, өз ойларымен ашық бөлісті.
10 сыныптармен ПБЗ алдын алу «Мектеп салауатты өмір салты үшін!» квест-ойыны ұйымдастырылды.
2026 жылдың 17-21 ақпан аралығында мектебімізде "Егер қиын болса-жай қоңырау шал!" "Психологиялық қолдау және тәрбие жұмысының өңірлік оқу-әдістемелік орталығы" КММ қызметі және сенім телефонының жұмысы туралы ақпараттық -түсіндіру акциясы ұйымдастырылды. Оқушыларға , мұғалімдерге, ата-аналарға сенім телефондары жазылған үлестірме қағаздар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
19.02.2026ж 5-11 сыныптар аралығында «Құрмет пен шекаралар» тақырыбында қысқаметражды фильмдер көрсетілді. Көрсетілімнен кейін оқушылармен зорлық-зомбылық, мәжбүрлеу және сталкинг жағдайлары бойынша ашық әрі мазмұнды талқылау жүргізілді.
Наурыз айында: «Бұл әлем, қандай керемет, қарашы!» біріңғай облыстық сынып сағаттар, отбасы клуб жобасы аясында 6-7 сынып ата-аналарымен «Білім беру ортасындағы буллинг/киберллингтің алдын алу» отырысы өтті.
Сәуір айында: 4 сынып оқушылардың бастауыш мектептен орта білім беруге көшу кезеңіндегі сабақтастық мәселелері және оларды шешу жолдары тақырыбына педагогикалық консилиум өткізілді.
Мамыр айында: 2026ж 5мамырда мектебімізде оқушыларға тәулік бойы психологиялық қолдау көрсетуге арналған «Досым» анонимді телеграмм чат-ботын енгізу бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру науқаны өтті.
9,11 сыныптармен «Сенім – менің серігім» тақырыбында әңгіме-кеңес.
«МДС оқушылардың 1-сыныпқа көшудегі дайындық деңгейі» бастауыш сынып педагогтарының әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
Психоконсультациялық бағытта:
Оқушылармен және заңды өкілдермен профилактикалық әңгімелесулер мен консультациялар тұрақты түрде өткізіледі (оқу процесінің барлық қатысушыларымен өткізілген консультациялар саны – 172).
Жыл бойы: сынып жетекшілерге зерттеу нәтижелері бойынша кеңес беру, жас мамандарға бейімделуге байланысты кеңес беру, жаңадан келген оқушылармен, сұраныс бойынша жеке және топық кеңес беру.
Түзету-дамыту бағытта:
Жеке,топтық түзету және дамыту жұмыстары оқушылармен жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілді. Түзету және дамыту жұмысы оқушылардың танымдық, эмоционалды, мінез-құлық және коммуникативті салалардағы қиындықтарды сәтті бейімдеу және жеңу үшін қажетті қасиеттерді дамытуға бағытталған.
Дамытушылық (түзету) жұмысы барысында оқушылармен 32 тренинг өткізілді, ата-аналармен – 9, мұғалімдермен – 5. Іс-шараның негізгі тақырыптары: балалардың бейімделуінің психологиялық ерекшеліктері, бала мен ата-ана қарым-қатынасының қиындықтары, эмоционалды интеллект. , буллингтің алдын алу, ұжымды біріктіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және т.б.;
Ұйымдастыру-әдістемелік – мектептің психологиялық қызметі үнемі біліктіліктерін арттырып отырады. Жарыстар мен олимпиадаларға қатысады.
Мектептің психологиялық қызметі жыл сайын әр оқу жылының басында құрылатын бекітілген жоспар бойынша жұмыс істейді.
2025-2026 оқу жылының қазан айында 1-сынып оқушыларының мектепке оқу дайындығын анықтау барысында оқуға деген, мектеп талаптарын орындауға икемділік ерекшеліктерін анықтау үшін қыркүйек айында келесі диагностикалық және түзету жүмыстары өткізілді. . 1 «А» сыныпта барлығы 16 оқушы. 1 «Ә» сыныбында барлығы 12 оқушы.
1-сынып оқушыларының мектепке бейімделу деңгейі мен ой- өрісін дамытуда, естіп есте сақтау, көріп есте сақтау, зейіні мен логикалық ойлау қабілеттерінің деңгейін анықтау барысында Керн-Йрасек тесті атты диагностикалық жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: оқушылардың мектептік көзқарастарын бақылау, олардың білімге ынталарын, қоршаған ортаға бейімделулерін анықтау.
2025 жылдың қазан айында бейімделу кезеңінен өту бойынша 1-сынып білім алушыларын диагностикалық тексеру өткізілді. Зерттеу барысында 1-сынып оқушыларының даму деңгейіне қарай таным үрдістерінің қалыптасуы барысында кездесетін кемшіліктерді түзетіп, қалпына келтіруге арналған психологиялық жаттығулар жүргізілді.
Атап айтқанда, 1 сынып оқушыларының мектепке дайындығын тексеру мақсатында қазан айларында диагностикалық жұмыстар жүргізілді. Диагностика жұмыстары мектепте балаларды жеке тұлғалық оқытуға мүмкіндік береді. Бұл тәсілдің ерекшелігі:
- Баланың психологиялық қорғану сезімін, қуанышты сезіну мен оның дара дамуын қамтамасыз ету;
- Баланың денсаулығына кері әсер ететін факторлардың алдын-алу;
- Баланың мектепке жылдам қалыптасуын қамтамасыз ету,
- Баланың жеке сапалық қасиеттерінің белсенді даму деңгейін анықтау.
Осы ерекшеліктердің орындалуы мақсатында баланың жеке даму деңгейін, оқуға психологиялық дайындығын анықтайтын мынадай әдістемелер алынды:
- Керн-Йерасек 3 субтестен тұратын баланың мектепке дайындығын бағдарлау тесті;
- «Ағаштағы адамдар» әдістемесі;
- Оқушының өзін-өзі бағалауын анықтау «Баспалдақ» Щур В.Г әдістемесі;
Оқушылардың эмоциялық жағдайын бақылау, мектепке бейімделуін қандай деңгейде екенін анықтау үшін «Мектеп өміріне енгізу» топтық сабақ қыркүйектің алғашқы он күндігінде өтті. Онда оқушылар мектеп өмірімен, кабинеттермен және мектеп алаңымен танысады. Сонымен қатар мектепте өзін қалай ұстау, мектеп ережесімен танысады. Балабақша, МДС пен мектептің қандай айырмашылығы бар екендігін түсінді.
1-сынып оқушыларымен Баспалдақ» Щур В.Г, «Ағаштағы адамдар» әдістемелері, сабақтарына қатысып, оның нәтижесінде оқушының мінез-құлқын және оқушының сабаққа қызығушылығын, мектепке келгендегі көңіл күйін танып білеміз. Сынып жетекшілерінің сынып оқушыларымен қарым-қатынасы жақсы деңгейде, оқушылар сабаққа көтеріңкі көңіл күймен келеді. Балалардың көпшілігі мектепке оң көзқараспен қарайды, оқу іс-әрекеті қалыпты деңгейде.Оқушылармен жеке, топпен, жалпылама жұмыс жасалды. Бірінші сынып оқушыларының мектеп ережесін қабылдауы төмендегідей көрсеткіш көрсетті.
Сынып жетекшілер Галымова Б.Г., Әуелбекова Ж.Е. сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделуіне жағдай жасауда, оқушылар денсаулығын сақтау мақсатында күнде ертеңгілік жаттығу, сабақ барысында кемінде екі рет сергіту жаттығулары жүргізілді.
Баланың жеке сапалық қасиеттерінің белсенді даму деңгейі , қол бұлшық еттерінің дамуы мен психологиялық дайындығын анықтау Керн-Йерасек әдістемесінің нәтижесі:
|
Сыныбы |
Зерттеуге қатысқан оқушылар саны |
Мектепке дайындық деңгейі |
||
|
Жоғары |
Орташа |
Төмен |
||
|
1 «А» |
16 |
5-31,2 % |
10-62,5% |
1-6,2% |
|
1 «Ә» |
12 |
4-33,3% |
8-66,6%
|
0 |
1 «А» сыныпта «Баспалдақ» әдісі бойынша алынған нәтижелерді талдау келесі нәтижені көрсетті: Жоғары сатыға қойған оқушылардың кейбір ойлар мен тартынулардан кейін ол өзін ең жоғары сатыға қойды. Оқушылардың 7-50% - ында өзін-өзі бағалаудың жоғары деңгейі анықталды. Оқушылардың 7-50% - ында өзін-өзі бағалаудың адекватты деңгейі анықталды. Қорытынды: осылайша, әдістеменің нәтижелері бойынша оқушылардың өзін-өзі бағалау төмен деңгейін көрсеткен оқушылар анықталмады.
1 «Ә» сыныпта оқушылардың 9-69%- ында өзін-өзі бағалаудың жоғары деңгейі анықталды. Оқушылардыңдың 3-23% - ында өзін-өзі бағалаудың адекватты деңгейі анықталды.1оқушыда өзін-өзі бағалауы төмен деңгйін көрсетті. Анықталған оқушы бойынша сынып жетекшісіне ұсыныстар берілді.
Оқушылардың мектепте, сынып ұжымында өзін жайлы ұстайтынын деңгейін анықтау үшін «Ағаштағы адамдар» әдістемесі өткізілді. Жалпы, сыныптар бойынша балалар өздерінің нақты әлеуметтік жағдайын, қалыптасқан ұстанымдарын анықтайды: кедергілерді еңсеру (ерікті және әлеуметтік қасиеттер), жайлы жағдай (қалыпты бейімделу), достық қолдау (өзара түсіністік, ынтымақтастық) және нақты ұстанымдар: көшбасшылыққа орнату (өзін-өзі көрсету, өз мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін көрсету).
Оқушылардың арасында тұйықтық, шектеулік 1 оқушыда анықталды. Анықталған оқушы бойынша сынып жетекшісіне ұсыныстар беріліп, бақылауға алынды. Бақылау нәтижесінде оқушы мектепке бейімделуі қалыпты деңгейде екені байқалды. Балаларда танымдық мотив, барлық мектеп талаптарын сәтті орындауға деген ұмтылыс бар. Оқушылар мұғалімнің нұсқауларын нақты орындайды, ынталы және жауапты, мектепке оң көзқараспен қарайды. Балалар мектепте өзін қауіпсіз сезінеді, бірақ достарымен, мұғалімімен қарым-қатынас жасау үшін мектепке жиі барады. Оқушы болуға оларға ұнайды. Диагностика мәліметтеріне сүйене отырып, жалпы алғанда, 1-сынып оқушылары мектепке бейімделуден сәтті өтіп жатқаны деп қорытынды жасауға болады. Әдістеменің нәтижелері көрсеткендей, балалардың көпшілігі мектепке оң көзқараспен қарайды, оқу іс-әрекеті қалыпты деңгейде.
Балаға бейімделуге көмектесу тек мұғалімдер мен ата-аналармен бірге жұмыс жасап қана оқушыларға мектепке бейімделу балаға жаңа өмірге көшудің қиын кезеңінен оңай өтуге көмектесе алады.
Жалпы 1-сынып оқушыларының орта буынға бейімделу деңгейі қалыпты деп бағаланады.
Сондай-ақ, ата-аналармен жұмыс жүргізілді, «1-ші сынып оқушылардың бейімделу кезеңінің психологиялық ерекшеліктері, ата-ананың көмегі мен қолдауы» ата-аналар стресссіз балаларға бейімделу кезеңінен өтуге және оқушылар ұжымына қосылуға, сыныптастармен байланыс орнатуға көмектесетін бірқатар ұсыныстар берілді.1 сынып жетекшілері мен ата-аналар бірлесіп, төмен нәтиже көрсеткен оқушылармен жекелей жұмыстар жүргізу, тілдерін дамыту, ақыл-ой қабілеттерін одан әрі дамытып, логикалық тапсырмалармен көбірек жұмыс жүргізуді күшейту қажеттігі жайлы психологиялық кеңес берілді. Сонымен қатар, оқушылардың зейінін дамыту үшін көптеген көрнекіліктермен сабақтар өткізу олардың қабылдауын және есте сақтауын арттыру туралы сынып жетекшілермен әңгіме, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2025 жылдың қазан, қараша айларында 5 сынып оқушыларының орта буында оқуға бейімделуі бойынша психологиялық- педагогикалық диагностика жұмысы жүргізілді.
5-сынып оқушыларының негізгі мектепке бейімделуінің алғышарттарының бірі – оқушының өзінің оқу қызметіне басшылық жасау, оқудың мәні мен мазмұнын түсіне біліп, мақсатты түрде оқуға өзін жұмылдырып, өз бетімен жұмыс істеуге дағдылануы қажет. Бұл кезде оқытудың аса маңызды мақсаттарының бірі – оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттерін өз бетінше жүргізу.
Оқушылардың орта буынға өтуге дайын болуы үшін мынадай шарт қойылады: өзін-өзі бағалай алуы, ақыл-ой өрісінің дамуы, оқуға деген қызығушылығын, мотивациясын зерттеу, эмоциялық ер жеткен құрбы-құрдастармен, мектептегі, отбасыдағы басқа адамдармен қарым-қатынасы, жаңа сынып жетекшімен қарым-қатынас;
Бесінші сынып оқушыларының бейімделуін анықтауға келесі әдістемелер өткізілді: Н. Лусканованың «Оқу мотивациясын анықтау» тесті, «Мектеп» сауалнамасы В.М. Блейхер, И.В. Крук, С.Н. Боков «Практикалық патопсихология», социометрия әдісі және әлеуметтік бейімделу тренингі жүргізілді.
«Мектеп» сауалнамасы В.М. Блейхер, И.В. Крук, С.Н. Боков «Практикалық патопсихология» бойынша алынған нәтижелерді талдау келесі нәтижені көрсетті :
|
№ |
Сынып |
Жақсы бейімделу |
Жасырын дезадаптация |
Дезадаптацияның ауыр дәрежесі |
|
1 |
5 |
100% |
0 |
0 |
Өткізілген әдістемелер қорытындылары бойынша сынып жетекшіге, ата-аналарға ұсыныстар берілді. Бейімделуде қиындық көріп тұрған оқушылармен сынып жетекшімен бірлесіп жұмыс жүргізілді. Қазіргі таңда бейімделуде қиындық көріп отырған оқушы жоқ.
Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуға байланысты оқушылармен жүргізілген жұмыстар:
2025-2026 оқу жылында «ерекше назар тобында» диагностика бойынша 2 оқушы тіркеуде болды.
HR+ автоматтандырылған бағдарламасы арқылы оқушылардың эмоционалдық жағдайын зерттеу диагностикасы бойынша орташа немесе жоғары деңгей көрсеткен сыныптармен топтық түзету сабақтары ұйымдастырылды.
Ювеналды полиция есебінде тұрған оқушылармен және ата-анасымен жеке коррециялық психологиялық жоспарға сәйкес келесі жұмыс түрлері өткізілді: жеке әңгіме-кеңестер, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру, жеке диагностикалық әдістемелер, түзету сабақтары жүргізілді.
Мектепшілік деңгейде «Балалар. Жеке шекара. Қауіпсіздік. Балаларға жыныстық қол сұғушылықтың алдын алу», «Кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу», «Буллинг, кибербуллингтің алдын алу» тақырыптарында ата – аналар жиналысы, сонымен қатар полиция бөлімі, аудандық прокуратура және СӨС қызметкерімен бірлесе жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, психобелсенді заттарды пайдалану тақырыптарына ағартушылық дәрістер жүргізіліп отырды.
Түлектермен кәсіби өзін-өзі анықтауға бағытталған топтық жұмыс жүргізіледі, оның барысында оқушылардың көп бөлігі мамандық таңдауда анықталады. Осы бағыт аясында кәсіптік бағдар беру бойынша диагностикалық зерттеулер, тақырыптық әңгімелер, тренингтер мен кеңестер жүргізілді.
Жыл бойы 9 және 11 сынып оқушыларының табысты оқуы мен психологиялық дамуы үшін психологиялық жағдай жасау мақсатында қорытынды аттестаттауға дайындық және оны тапсыру кезеңінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіледі.
Түлектер диагностикаға, топтық жұмысқа, ойындарға және тренингтерге қатысады, бұл стресске төзімділікті арттыруға, сенімді мінез-құлық дағдыларын дамытуға, эмоционалдық және ерікті сфераны дамытуға және ішкі резервтерге негізделген өзін-өзі бақылау дағдыларын дамытуға көмектеседі. Оқушылар «Стресспен қалай күресуге болады» қорытынды аттестация кезінде стресстік жағдайдан қалай арылуға болатыны туралы жадынамалар ұсынылды, жеке консультациялар алды, онда өзін-өзі реттеу және өзін-өзі ұйымдастыру әдістері, мазасыздықты жеңілдету жолдары мен ерекшеліктері туралы ақпарат алды.Сонымен қатар, «Сенемін-Демек, Сәтті өтемін!», «ҰБТ-Сенімді, Сабырлы, Сәтті!» тренингтері өткізілді.
Құқық бұзушылықтың алдын алу және жанжал жағдайына қатысушыларды әлеуметтік оңалтуға жәрдемдесу мақсатында мектебімізде медиация қызметі жұмыс жасайды, оның негізінде мобильді топ жұмыс істейді, нәтижесінде балаларға шұғыл көмек көрсетеді. Буллинг фактілерінің және қорқыту әрекеттерінің белгілерінің болуы. Психологиялық қызмет бұл бағыттағы жұмыстарды буллингтің алдын алу және медиация қызметі бойынша бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша жүргізеді.
Медиация қызметі мен мобильді топтың отырыстары оқушылардан, ата-аналардан және мұғалімдерден өтініштер түскен кезде өткізіледі.
Мектептің instagram: psihokolday парақшасында білім алушыларға және олардың ата – аналарына психологиялық кеңестер, жадынамалар, сонымен қатар Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығының" жұмысы бойынша ақпараттық брошюралар жарияланды.
Жыл сайын жаз айларында «Психологиялық қолдаудың жазғы алаңы» жобасы жұмыс жасайды. Бұл жобаның жұмысы диагностикалық зерттеулер, тренингтер, әңгімелесулер, түзету сабақтары, кеңестер, жадынама мен спорттық іс-шараларды қамтитын бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылған.
- Білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркем-эстетикалық, еңбек-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін жиынтығында сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру.
Мектептің тәрбие жұмысының маңызды буыны қосымша білім беру жүйесі болып табылады.
Мектептің бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру мақсатында білім беру сапасын арттыру және әр түрлі даму орталарында оқушылардың жеке басын қалыптастыру процесін жүзеге асыру үшін сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастырылды. Сабақтан тыс қызмет білім алушылардың шығармашылық және жеке қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алуға үлкен көмек көрсетеді және базалық білім берудің тең құқылы, бірін-бірі толықтыратын құрамдас бөлігі болып табылады.
Оқушылардың саналы кәсіби өзін-өзі анықтауына мектептің қосымша білім беру жүйесі ықпал етеді.
Сабақтан тыс жұмыстар жеке тұлғаны дамытудың келесі бағыттары бойынша ұйымдастырылады:
Көркемдік-эстетикалық бағыты: домбыра, театр, пікірталас сыныбы үйірмелері.
Дене шынықтыру-спорт бағыты: баскетбол, волейбол, футбол, шахмат, тоғызқұмалақ, асық ату үйірмелері.
2023-2024 оқу жылының жалпы орта білім беру деңгейінде ҮОЖ (ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022 жылғы № 412 бұйрығының редакциясында) 38-қосымшасына сәйкес қоғамдық-гуманитарлық бағыт, 39-қосымшасына сәйкес жаратылыстану-математикалық бағыт іске асырылады. Вариативтік компоненттің 1 сағатында «Жаһандық құзіреттілік» курсы жүзеге асырылады, 2 сағатында ҚГ бағыт бойынша 11-сыныпта «Эссе жазу техникасы», «Ахметтану» курстары, ЖМ бағыттағы 10-сыныпта «Математикалық сауаттылық», «Математикалық анализ бастамалары» курстары оқытылады.
2024-2025 оқу жылының жалпы орта білім беру деңгейінде ҮОЖ (ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022 жылғы № 412 бұйрығының редакциясында) 38-қосымшасына сәйкес қоғамдық-гуманитарлық бағыт, 39-қосымшасына сәйкес жаратылыстану-математикалық бағыт іске асырылады. Вариативтік компоненттің 1 сағатында «Жаһандық құзіреттілік» курсы жүзеге асырылады, 2 сағатында ЖМБ бағыт бойынша 11-сыныпта «Химия біздің өмірде», «Физика есептері» курстары, ҚГБ бағыттағы 10-сыныпта «Эссе жазу техникасы», «Әдеби-тарихи таным» курстары оқытылады.
Вариативті оқу жүктемесінде элективті курстарды жоспарлауда жалпы орта білім беру деңгейлері бойынша білім беру бағыттары ескерілген. Элективті курстар мен арнайы курстар қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары мен бейіндері бойынша білім алушылардың білімдерін тереңдетуге, пәндік функционалдық сауаттылықтарын, тілдік құзыреттіліктерін арттыруға, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысу, олимпиадалар мен қорытынды аттестаттауға сапалы дайындауды қарастырады.
Педагогтер ұжымы білім алушылардан бейініне сәйкес келетін нақты мамандыққа деген көзқарасты қалыптастыруға жағдай жасайды. Осы бейінді игере отырып, білім алушылар оқуын жалғастырып, өздеріне қажет мамандықтарды таңдай алады. Мамандық таңдаудың алғашқы қадамы – мектеп қабырғасында білім алатын жас буынға кәсіптік бағдар беруден басталады.
2025-2026 оқу жылы 12 үйірме жұмыс істеді. 5 педагог жоғарғы білімді. Педагогтар құрамы жыл сайын тұрақты, осы мектепте бірнеше жылдан бері еңбек етіп келеді.
Үйірмеге бөлінген сағат сандары мектептегі сыныптар жиынтығына байланысты бөлінеді.
Үш жыл қатарынан оқушылардың үйірмелерге қатысуы 100% қамтылған. Сонымен қатар оқушылар қаладағы қосымша білім беру орталықтарындағы үйірмелерге барады.
Ұлттық тәрбиеге бағытталған «Асық ату», «Бес асық», «Тоғызқұмалақ», «Домбыра әуені» үйірмелерінің рөлі жоғары.
Спорттық «Баскетбол», «Волейбол», «Футбол» үйірмелері білім алушылар арасында мектепішілік жарыстар мен турнирлерлерді өткізуді дәстүрге айналдырған.
Қосымша білім беру педагогтарының жұмысы қосымша білім беру мазмұнын жүйелі түрде жаңартуға бағытталған. Үйірмелер мен секциялар мүшелерінің жеткілікті сандық құрамын атап өткен жөн. Үйірме жетекшілері оқушылардың ынтасын арттыруға тырысады, бұл жыл бойы конкурстарда, жарыстарда тұрақты және жақсы нәтижелер әкелуінен байқалады.
- Білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, бейінді оқытуды іске асыру;
Бейіндік білім беру әрбір оқушының өзіндік білім беру траекториясын өз бетінше саналы қалыптастыру негізінде кәсіптік саласын өз бетінше анықтауына жағдай жасауды көздейді.
2025-2026 оқу жылының Жалпы орта білім беру деңгейінде жұмыс оқу жоспарлары «Қазақстан Республикасының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы негізінде (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 85-қосымшаға, жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 86-қосымшаға сәйкес құрастырылған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 412 бұйрығына сәйкес: 10-сыныпта жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 38-қосымша негізінде, 11-сыныпта қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 39-қосымшаға сәйкес қайта құрастырылды.
Оқу жоспарының вариативтік компоненті білім алушылардың таңдаған бағытына, таңдауына сәйкес келеді. ЖМ бағыт бойынша «Химиялық элементтердің адам ағзасындағы маңызы», «Қызықты цифрлық физика» элективті курстарына, ҚГ бағыт бойынша «Эссе жазу техникасы», «Тарихи тұлғалар» элективті куртарына аптасына 1 сағаттан бөлінген. 10-11 сыныптардағы оқу жұмыс жоспарының вариативтік компонентінде «Жаһандық құзыреттілік» курсына аптасына 1 сағаттан бөлінген.
Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, білім алушыларға үздіксіз білім берудің нұсқаларын жобалау кезінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге, сондай-ақ жасөспірімнің жалпы әлеуметтік, кәсіби және мәдени өзін-өзі анықтауға дайындығын арттыруға, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде мақсатты атқарылатын жұмыс.
Мақсаты: Мектеп білім алушыларының қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесін құру. Білім алушыларды, ата-аналарды мамандық бойынша керекті мәліметтер және ақпараттармен қамтамасыз ету.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:
- білім алушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру;
- кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту мақсатында білім алушылардың дара ерекшеліктерін зерттеу;
- мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға көмектесу;
- білім алушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.
Жыл басында кәсіптік бағдар беру жұмысының жылдық жоспары бекітіліп, соның негізінде мектебімізде кәсіптік бағдар бойынша жұмыстар жүргізіледі. Осы орайда, мектеп, білім алушы, ата-ана, педагогтер, мектеп кітапханашысы, сынып жетекшісі, мектеп психологі өзара әрекеттестікте жұмыс жасайды.
Бейінді оқытудың аймағындағы мәселелерді есепке ала отырып, ең алдымен, білім алушылардан сауалнамалар алынып, психологиялық зерттеулер жүргізіледі. Сауалнаманың нәтижелері білім алушыларға таныстырылып, кеңес беріледі. Кәсіптік бағдар беру аясында «Мамандықтар әлемі» циклі сынып сағаттары, түрлі тренингтер, викториналар, көрмелер, дөңгелек үстел, дебат, шығармашылық іс-шаралар, мектепішілік жобалар, факультатив сабақтар жүргізіледі. Мектебімізде түрлі кәсіп өкілдері ата-аналармен де кездесу жолға қойылған. Жоғарғы оқу орны (ЖОО) және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (ТжКБ) мен мектеп арасында да өзара бірлескен жұмыстар жүргізіліп, тығыз байланыстар орнатылған. ЖОО мен ТжКБ арнайы мамандары онлайн және офлайн түрде мектебіміздің болашақ түлектерімен кездесулер ұйымдастырып, мамандықтар туралы бағыт-бағдар беріп отырады. Түлектер белгілі мамандармен кездесе отырып, ЖОО-ның оқу процесіне қатысты барлық сұрақтар бойынша мағлұмат алады, соның ішінде білім беру қызметі, ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігі, мәдени және спорттық іс-шаралар, түлектерге деген сұраныс және білім беру мүмкіндіктері бойынша ақпарат алады. Оқу орындарының мамандары білім алушыларға қазіргі таңдағы қажетті мамандықтар мен мамандық таңдаудағы негізгі кездесетін жағдайларға дұрыс бағыт алу және де дұрыс мамандық таңдау керектігін, қазіргі таңда қандай мамандықтар сұраныстарға ие екендігін басты назарда ұстап, түсініктемелер береді. Білім алушыларымыз мамандық бойынша түсінік қана алып қоймай, сол мамандықтың қыр-сырын танып-білу, практика жүзінде танысу мақсатында қаламыздағы мекемелерге, кәсіпорындарға және оқу орындарына экскурсиялар жүргізіліп отырады. Бұл іс-шаралардың барлығы да түлектеріміздің кәсіптік білім алып, мамандық таңдауына жол ашып, еңбекпен қамтылуына негіз болады.
Мектебіміздегі бейінді оқытуды жүзеге асыру мен кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмысының нәтижесін түлектердің еңбекпен қамтылу көрсеткіштерінен байқауға болады.
Соңғы 3 жылдағы 9-сынып білім алушыларының еңбекпен қамтылу көрсеткіші төмендегідей:
|
Оқу жылы |
9-сыныпты бітірген білім алушылар саны |
10-сыныпта оқуын жалғастырған білім алушылар саны |
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына (ТжКБ) түскен білім алушылар саны |
|
2022-2023 |
21 |
17 |
4 |
|
2023-2024 |
20 |
8 |
8 |
|
2024-2025 |
13 |
10 |
3 |
Соңғы 3 оқу жылындағы мәліметтерді салыстыра талдасақ, мектептің 9-сынып түлектерінің оқуын ары қарай жалғастыру таңдауында тұрақтылық пен бірге белгілі бір құрылымдық өзгерістер байқалады. Атап айтқанда, 2022-2023 оқу жылында 9-сыныпты 21 білім алушы бітіріп, олардың басым бөлігі, яғни 81%-ы (17 оқушы) мектеп қабырғасында қалып, 10-сыныпта оқуын жалғастырса, қалған 19%-ы (4 оқушы) техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарына түскен. Келесі 2023-2024 оқу жылында бұл үрдіс айтарлықтай өзгеріп, бітірген 20 оқушының таңдауы тең бөлінді: оқушылардың 50%-ы (8 оқушы) 10-сыныпқа өтсе, дәл сондай 50%-ы (8 оқушы) колледждерге құжат тапсырып, бұл кезеңде кәсіптік білім алуға деген сұраныстың күрт артқанын көрсетті. Ал соңғы 2024-2025 оқу жылында түлектер санының 13 оқушыға дейін кемуіне қарамастан, мектепте қалу көрсеткіші қайта жоғарылап, балалардың 77%-ы (10 оқушы) жалпы орта білім алуды таңдады, ал 23%-ы (3 оқушы) ТжКБ ұйымдарына қадам басты. Қорытындылай келе, үш жылдық кезеңде мектеп түлектерінің оқумен қамтылу көрсеткіші 100%-ды құрап, оқудан тыс қалған жасөспірімдер тіркелмегенін және оқушылардың басым бөлігі (орташа есеппен 70%-ға жуығы) академиялық білім беру бағытын құп көретінін дәлелдейді.
2025-2026 оқу жылында негізгі орта білім беру курсын 12 түлек аяқтағалы отыр. Оның 3-і мектепте оқуын жалғастырып, 9-еуі ҚР-ның техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына (ТжКБ) оқуға орналасуды жоспарлап отыр.
Соңғы 3 жылдағы 11-сынып білім алушыларының еңбекпен қамтылуы
Мектеп түлектері жыл сайын 100% қазақстандық жоғары оқу орындарына, колледждерге оқуға түседі.
1-кесте. Мектеп түлектерінің еңбекке орналасуы
|
11-сынып |
|||||||||||||||
|
Оқу жылы |
Б.а. саны |
Жалпы |
Колледж |
ЖОО |
|||||||||||
|
грант |
ақылы |
жалпы |
грант |
ақылы |
ҚР |
Жақын шетел (РФ) |
Алыс шетел |
||||||||
|
жалпы |
грант |
ақылы |
жалпы |
грант |
ақылы |
жалпы |
грант |
ақылы |
|||||||
|
2022-2023 |
10 |
5 (50 %) |
4 (40 %) |
1 |
0 |
1 |
9 |
5 |
4 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
|
2023-2024 |
14 |
5 (36%) |
9(64%) |
0 |
0 |
0 |
12 |
5 |
8 |
2 |
0 |
2 |
0 |
0 |
0 |
|
2024-2025 |
15 |
9 (60%) |
6 (40%) |
1 |
1 |
0 |
14 |
8 |
6 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
Соңғы үш жыл ішінде мектепті бітірген 39 түлектен 35-і қазақстандық ЖОО-на оқуға орналасты (86%), ал колледждерге 2 түлек оқуға түсті (14%). Жақын шетел (РФ) 2 түлек оқуға түсті (14%).
1-диаграмма. Мектеп түлектерінің еңбекке орналасуы.
Соңғы үш жыл ішінде ЖОО-на түскен 39 түлектің 18-сі мемлекеттік грант иеленді, бұл жалпы санының 46,2 % құрайды. Колледждерге түскен 2 оқушының 2-еуі бюджеттік негізде оқуға түсті, бұл жалпы санының 100% құрайды.
2-диаграмма. Мемлекеттік гранттарда және бюджеттік негізде оқуға түскен түлектер
|
Оқу жылы |
Барлық оқушы саны |
ҰБТ-ге қатысқан оқушы саны |
Қатысу пайызы |
Орта балл |
Сапа |
Шекті баллдан төмен жинаған оқушылар саны |
|
2022-2023 |
10 |
9 |
90% |
76,7 |
54,8% |
3 |
|
2023-2024 |
14 |
14 |
100% |
66,3 |
42 % |
3 |
|
2024-2025 |
15 |
15 |
100% |
73,8 |
66,6 |
2 |
2022-2023 оқу жылында 11-сыныпты барлығы 10 түлек бітірді. Оның ішінде «Алтын белгі» иегері 2 оқушы – Омарова Гульназ, Раимова Диана. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 10 түлектің 9-ы қатысты, қатысу – 90 %. ҰБТ кезіндегі орта балл – 76,7 балл құрап отыр. Бұл 2022 жылғы ҰБТ-мен салыстырғанда 8,3 балға жоғары. 10 түлектің 90 % түлек қазақстандық ЖОО-на, оның ішінде 5 түлек (55,5%) мемлекеттік грантқа, 1 білім алушы (10 %) ақылы негізде колледжге оқуға түсті.
2023-2024 оқу жылында 11-сыныпты барлығы 14 түлек бітірді. Оның ішінде «Алтын белгі» иегері 3 оқушы – Идирисова Ару, Кадирбек Камила, Тубекбай Диана. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 14 түлектің 14-і қатысты, қатысу – 100 %. ҰБТ кезіндегі орта балл – 66,3 балл құрап отыр. Бұл 2023 жылғы ҰБТ-мен салыстырғанда 10,4 балға төмен. 14 түлектің 85 % түлек қазақстандық ЖОО-на, оның ішінде 5 түлек (36%) мемлекеттік грантқа, 7 білім алушы (50%) ақылы негізде ЖОО-на, 2 білім алушы (14%) РФ қазақстандық филалына оқуға түсті.
2024-2025 оқу жылында 11-сыныпты барлығы 15 түлек бітірді. Оның ішінде «Алтын белгі» иегері 1 оқушы – Кабдушева Альмира, «Үздік аттестат» иегерлері 2 оқушы – Карсакова Раяна, Ормантай Алмас. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 15 түлектің 15-і қатысты, қатысу – 100 %. ҰБТ кезіндегі орта балл – 73,8 балл құрап отыр. Бұл 2024 жылғы ҰБТ-мен салыстырғанда +7,5 балға жоғары. 14 түлектің 93,3 % түлек қазақстандық ЖОО-на, оның ішінде 8 түлек (57,1%) мемлекеттік грантқа, 6 білім алушы (40%) ақылы негізде ЖОО-на, 1 білім алушы (6,6%) ҚР колледжіне бюджетке оқуға түсті.
-Білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, оқу процесін ұйымдастыру;
2023-2024, 2024-2025, 2025-2026 оқу жылдары аралығында мектепте ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар болған жоқ. Сондықтан инклюзивті білім беру жүзеге асырылған жоқ.
- ҮОЖ-ға сәйкес жүзеге асырылатын вариативті компоненттің таңдау курстары мен факультативтерін іске асыру (вариативтік компонентт (Бағаланатын кезеңге вариативтік компоненттің сабақ кестесі мен олимпиадаларға, сайыстарға қатысу нәтижесі қоса беріледі);
2023-2024 оқу жылы:
Бастауыш білім беру деңгейінің оқу жұмыс жоспарының вариативтік компонент бөлімінде 1 «А» және 1 «Ә» сыныптарында аптасына 1 сағаттан, 2 «А» және 2 «Ә» сыныптарында аптасына 2 сағаттан, 3 сыныпта аптасына 1 сағаттан, 4 сыныпта аптасына 1 сағаттан дамушы сипаттағы жеке және топтық сабақтармен ұсынылған.
1 «А» және 1 «Ә» сыныптарында «Ғажайып математика» факультативтік курс аптасына 1 сағаттан жүргізіледі. Курстың мақсаты – ойын арқылы ойлау, есте сақтау, бақылау қабілеттерін, талдау, қорытындылау дағды мен іскерліктерін жетілдіру, сөздік қорын байыту, тілін, зейінін дамыту. Курсты құрастырған Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Саханова Ж.К., Рзагулов М.Т. (2023 жылғы 31 тамыздағы №1 педагогикалық кеңес отырысында бекітілді).
2 «А» және 2 «Ә» сыныптарына арналған «Логика әлемі» курсының (аптасына 1 сағат) мазмұны оқушылардың жас ерекшелігі мен қабілеттілігіне сәйкес олардың танымдық қабілеттерін ашуға, қисынды ойлау деңгейін арттыруға, логикалық ойлауын, математикалық сөйлеуін дамытуға бағытталған. «Тіл дамыту» курсына 2 «А» және 2 «Ә» сыныптарына аптасына 1 сағаттан берілді. Бұл курс білім алушылардың көркем шығарманы сезіммен қабылдауы, түсініп оқуы, санасында қайта жаңғыртуы және шығармадан алған білімін өзінің шығармашылық әрекетінде жүзеге асыруға ұмтылуы арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған. Аталған курстарды Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері К.З.Артикова, Б.Х.Мұратова құрастырды. (2023 жылғы 31 тамыздағы №1 педагогикалық кеңес отырысында бекітілді)
«Ұлттық мәдениет» факультативтік курсы 3-сынып білім алушыларына арналған, аптасына 1 сағатқа жоспарланды. Бұл курстың мақсаты білім алушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге, ұлттық дүниетанымын терең меңгеруге баулиды. «Ұлттық мәдениет» курсы оқушыларды саналылыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа және шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелейді. Халқымыздың ежелгі замандардан бүгінге жеткен дәстүрлі танымы мен білімін, сенімі мен көзқарасын, өлшемі мен түсінігін, халық даналығын балалардың санасына сіңіру көзделген. Курсты құрастырушы Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі К.З.Артикова (2023 жылғы 31 тамыздағы №1 педагогикалық кеңес отырысында бекітілді).
«Асыл қазына» факультативтік курсы 4-сынып оқушылары үшін аптасына 1 сағаттан жоспарланды. Курстың мазмұны оқушыларда ұлттық құндылықтарды, болмысты, ой-сананы дамыта отырып, шығармашылық-зерттеу қабілеттерін, оқу сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған. Бұл курсты Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі З.Е.Сарсенбина құрастырды. (2023 жылғы 31 тамыздағы №1 педагогикалық кеңес отырысында бекітілді)
5-9 сыныптарда вариативтік вариативтік компонент бөлімінде білім алушылардың құндылық бағдарларын, коммуникативтік дағдыларын, этикалық нормалары мен мінез-құлық көзқарастарын қалыптастыруға ықпал ететін «Жаһандық құзыреттілік» курсы жоспарланған. Курстың мақсаты: мінез-құлық мәдениетінің стандарттарына сәйкес келетін және жаһандық құзыреттілікке ие, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Курстың оқу бағдарламасы білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген алты юнитті қамтиды. 5-8 сыныптарда бес юнит оқытылады: «Парасаттылық және әдеп», «Азаматтылық және патриотизм», «Медиа және қаржылық сауаттылық», «Өмір қауіпсіздігі», «Экологиялық мәдениет». 9-сыныпта «Зайырлылық және дінтану негіздері» юниті қосымша енгізілген. 5-8 сыныптарда курсты оқытуға 0,5 сағат (екі аптада бір рет), 9-сыныпта аптасына 1 сағат бөлінген.
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-сыныптың оқу жұмыс жоспарының вариативтік компонент бөлімінде «Жаһандық құзыреттілік» курсын (аптасына 1 сағат) және элективті курстарды (2 сағат) оқыту жоспарланған.
10-сыныпта «Жаһандық құзыреттілік» курсы білім алушыларда жергілікті және жаһандық проблемалардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігін, мәдениетаралық өзара іс-қимыл мәселелерін түсінуді, әртүрлі көзқарастар мен дүниетанымдарды түсіну мен бағалауды, өзіндік білім мен идеяларды құру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Курс білім алушылардың жас ерекшеліктері мен мүдделерін ескере отырып әзірленген бес бөлімнен тұрады.
«Математикалық сауаттылық» элективті курсы білім алушыларды білімді, бәсекеге қабілетті, функционалдық сауатты, алған білімін шынайы өмірде өзін-өзі жүзеге асыруға қолдана білетін тұлғаны тәрбиелеуге, олардың математикалық мәдениетін және шығармашылық қабілетін қалыптастыру және мектеп бітірушілердің жоғары оқу орындарына түсіп, білімдерін жалғастыруға сапалы дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл курсты Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Г.Е.Дукина құрастырды, 2023 жылғы 31 тамыздағы №1 педагогикалық кеңес отырысында бекітілді.
«Математикалық анализ бастамалары» элективті курсының өзектілігі: бұл оқушылардың геометрия, физика, химия, биология, экономикадағы кейбір математикалық модельдердің құрылысын қарастырып, зерттей отырып, пәнаралық байланыстардың маңыздылығын, ғылымның әртүрлі салаларында сәтті шешілетін көптеген мәселелерді шешуге қуатты аппарат беретін математиканың маңызды рөлін көре алады. Математикалық модельдерді құру оқушыларда жағымды мотивация тудырады, оқушылардың аналитикалық ойлауын дамытады, теориялық курс пен өмірлік жағдайларда практикалық қолдану арасындағы байланыс туралы дұрыс түсінік қалыптастырады. Бұл курсты Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі А.С.Абусагитова құрастырды, 2023 жылғы 31 тамыздағы №1 педагогикалық кеңес отырысында бекітілді.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 11-сыныптың оқу жұмыс жоспарының вариативтік компонент бөлімінде «Жаһандық құзыреттілік» курсын (аптасына 1 сағат) және элективті курстарды (2 сағат) оқыту жоспарланған.
11-сыныпта «Жаһандық құзыреттілік» курсы білім алушыларда жергілікті және жаһандық проблемалардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігін, мәдениетаралық өзара іс-қимыл мәселелерін түсінуді, әртүрлі көзқарастар мен дүниетанымдарды түсіну мен бағалауды, өзіндік білім мен идеяларды құру дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Курс білім алушылардың жас ерекшеліктері мен мүдделерін ескере отырып әзірленген бес бөлімнен тұрады.
«Эссе жазу техникасы» элективті курсы аптасына 1 сағатқа жоспарланған.«Эссе жазу техникасы» курсы жалпы орта білім курсы үшін қазақ тілі мен әдебиеті бойынша қорытынды емтиханға дайындықты қамтиды. Бұл курста оқушылар емтихандық жазбаша жұмысқа қойылатын талаптармен танысады және эссенің жанрлық сипаттамасы бойынша ұсыныстар алады. Сонымен қатар мұғалімге оқушыларды ойын ашық айтуға, өз пікірін дәйекті түрде жеткізуге, дәлелдеуге, ассоциативті және сыни ойлау дағдыларын көрсетуге үйретуге мүмкіндік береді. Қазіргі мектептің негізгі міндеті – оның түлектерінің функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, тұлғаның коммуникативті мәдениетінің көрсеткішін көрсету – бұл курстың өзектілігі болып табылады. Курсты Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.А.Жиенбаева құрастырды, 2023 жылғы 31 тамыздағы №1 педагогикалық кеңес отырысында бекітілді.
«Ахметтану» элективтікурсына аптасына 1 сағаттан жоспарланды. курстың мақсаты ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыруды көздейді. Курсты Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.М.Дюкова құрастырды, 2023 жылғы 31 тамыздағы №1 педагогикалық кеңес отырысында бекітілді.
Вариативтік компоненттегі курстардың нәтижесінде білім алушыларымыз ғылыми жобаларға, олимпиадаларға, түрлі шығармашылық сайыстарға қатысып, жобалау және зерттеу іс-әрекеті дағдыларын дамытып нәтижесін беруде.
2024-2025 оқу жылы:
Бастауыш білім беру деңгейінің оқу жұмыс жоспарының вариативтік компонент бөлімінде 1 «А» және 1 «Ә» сыныптарында аптасына 1 сағаттан, 2 «А» және 2 «Ә» сыныптарында аптасына 2 сағаттан, 3 сыныпта аптасына 1 сағаттан, 4 сыныпта аптасына 1 сағаттан дамушы сипаттағы жеке және топтық сабақтармен ұсынылған.
1 «А» және 1 «Ә» сыныптарында «Шахмат негіздері» курсы аптасына 1 сағаттан жүргізіледі. Курстың мақсаты – ойын арқылы ойлау, есте сақтау, бақылау қабілеттерін, талдау, қорытындылау дағды мен іскерліктерін жетілдіру зейінін дамыту. Курстың бағдарламасын Қазақстандық Шахмат Федерациясы әзірлеген және ҚР ОАМ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылған (22.06.2023 ж. №5 хаттамасы)
2 «А» және 2 «Ә» сыныптарына арналған «Сиқырлы сандық» курсының (аптасына 1 сағат) мазмұны оқушылардың жас ерекшелігі мен қабілеттілігіне сәйкес олардың танымдық қабілеттерін ашуға, қисынды ойлау деңгейін арттыруға, логикалық ойлауын, математикалық сөйлеуін дамытуға бағытталған. Курсты құрастырған «Қостанай қаласы білім бөлімінің №15 жалпы білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімдері Майшина А.К., Омарова Л.А., Жалмендина Л.К. (Облыстық оқу-әдістемелік кеңесінің №10 отырысының хаттамасы, 2022 жыл). «Сауатты жазып үйренейік» курсына 2 «А» және 2 «Ә» сыныптарына аптасына 1 сағаттан берілді. Бұл курс білім алушылардың қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, лексикасы мен грамматикалық құрылымын терең меңгерту, бір жүйеде сауатты жазу, тілдік-грамматикалық құрылымды орынды пайдалану, функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған. Аталған курсты «Қостанай қаласы білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Тажкенова Ж.С., Айгужина Г.К., Шаяхметова Ж.К. құрастырған.(ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы, ISBN 978-601-08-1312-0)
«Киелі киіз үй» курсы 3-сынып білім алушыларына арналған, аптасына 1 сағатқа жоспарланды. Бұл курстың мақсаты білім алушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге, ұлттық дүниетанымын терең меңгеруге баулиды. «Киелі киіз үй» курсы оқушыларды саналылыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа және шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелейді. Халқымыздың ежелгі замандардан бүгінге жеткен дәстүрлі танымы мен білімін, сенімі мен көзқарасын, өлшемі мен түсінігін, халық даналығын балалардың санасына сіңіру көзделген. Курсты құрастырушы Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі (2024 жылғы 15.05. оқу-әдістемелік кеңесінің №4 отырысының хаттамасы).
«Кел, бірге оқиық!» курсы 4-сынып оқушылары үшін аптасына 1 сағаттан жоспарланды. Курстың мазмұны оқушыларда ұлттық құндылықтарды, болмысты, ой-сананы дамыта отырып, шығармашылық-зерттеу қабілеттерін, оқу сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған. Бұл курсты Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі К.З.Артикова құрастырды. (облыстық оқу-әдістемелік кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы №3 хаттамасы)
5-9 сыныптарда вариативтік вариативтік компонент бөлімінде білім алушылардың құндылық бағдарларын, коммуникативтік дағдыларын, этикалық нормалары мен мінез-құлық көзқарастарын қалыптастыруға ықпал ететін «Жаһандық құзыреттілік» курсы жоспарланған. Курстың мақсаты: мінез-құлық мәдениетінің стандарттарына сәйкес келетін және жаһандық құзыреттілікке ие, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Курстың оқу бағдарламасы білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген алты юнитті қамтиды. 5-8 сыныптарда бес юнит оқытылады: «Парасаттылық және әдеп», «Азаматтылық және патриотизм», «Медиа және қаржылық сауаттылық», «Өмір қауіпсіздігі», «Экологиялық мәдениет». 9-сыныпта «Зайырлылық және дінтану негіздері» юниті қосымша енгізілген. 5-8 сыныптарда курсты оқытуға 0,5 сағат (екі аптада бір рет), 9-сыныпта аптасына 1 сағат бөлінген.
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-сыныптың оқу жұмыс жоспарының вариативтік компонент бөлімінде «Жаһандық құзыреттілік» курсын (аптасына 1 сағат) және элективті курстарды (2 сағат) оқыту жоспарланған.
10-сыныпта «Жаһандық құзыреттілік» курсы білім алушылардың қызығушылықтары мен жас ерекшеліктеріне сай құрылған екі юнитті қамтиды: «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «қаржылық сауаттылық». Курстың мақсаты: Білім алушылардың кәсіпкерлік, экономика, менеджмент және маркетинг негіздері туралы базалық білім алуы; өз таңдауы үшін жауапкершілікті ояту кәсіпкерлік тұрғыда ойлауын, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру; қазіргі заманғы нарықтық жағдайларда болашақ дербес қызмет үшін практикалық дағдылар базасын құру.
«Эссе жазу техникасы» элективті курсы аптасына 1 сағатқа жоспарланған.«Эссе жазу техникасы» курсы жалпы орта білім курсы үшін қазақ тілі мен әдебиеті бойынша қорытынды емтиханға дайындықты қамтиды. Бұл курста оқушылар емтихандық жазбаша жұмысқа қойылатын талаптармен танысады және эссенің жанрлық сипаттамасы бойынша ұсыныстар алады. Сонымен қатар мұғалімге оқушыларды ойын ашық айтуға, өз пікірін дәйекті түрде жеткізуге, дәлелдеуге, ассоциативті және сыни ойлау дағдыларын көрсетуге үйретуге мүмкіндік береді. Қазіргі мектептің негізгі міндеті – оның түлектерінің функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, тұлғаның коммуникативті мәдениетінің көрсеткішін көрсету – бұл курстың өзектілігі болып табылады. мен Дюкова А.М. құрастырды, Ұлттық кітаптар палатасы, ISBN 978-601-369-895-36 2023ж. 15.10.№713 хаттамасы.
«Әдеби-тарихи таным» элективті курсына аптасына 1 сағаттан жоспарланды. Бұл курстың негізгі мақсаты: қазақ әдебиеті мен тарих пәнінің сабақтастығы арқылы көркем шығармалармен тарихи деректерді ұштастыра отырып, пәнге қызығушылығын ояту;оқу сауаттылығын арттыру. Алаған білімдерін кеңейте отырып, елжанды, заманауи, жан-жақты тұлға тәрбиелеу. Курсты Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.А.Жиенбаева құрастырды (2024 ж. 15.05. оқу-әдістемелік кеңесінің №4 отырысының хаттамасы).
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 11-сыныптың оқу жұмыс жоспарының вариативтік компонент бөлімінде «Жаһандық құзыреттілік» курсын (аптасына 1 сағат) және элективті курстарды (2 сағат) оқыту жоспарланған.
11-сыныпта «Жаһандық құзыреттілік» курсы білім алушылардың қызығушылықтары мен жас ерекшеліктеріне сай құрылған екі юнитті қамтиды: «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «қаржылық сауаттылық». Курстың мақсаты: Білім алушылардың кәсіпкерлік, экономика, менеджмент және маркетинг негіздері туралы базалық білім алуы; өз таңдауы үшін жауапкершілікті ояту кәсіпкерлік тұрғыда ойлауын, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру; қазіргі заманғы нарықтық жағдайларда болашақ дербес қызмет үшін практикалық дағдылар базасын құру.
«Химия біздің өмірде» элективті курсы білім алушыларды білімді, бәсекеге қабілетті, функционалдық сауатты, алған біліміін шынайы өмірде өзін-өзі жүзеге асыруға қолдана білетін тұлғаны тәрбиелеуге, химияның қоғамдағы маңызын, химиядан олимпиадалық есептерді шығару алгоритмін жетілдіру, күрделі есептерді шығаруда алгебралық әдістерді пайдалану тиімділігін көрсету. Бұл курсты Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің химия пәні мұғалімі Жолдас А.А. құрастырды. (2024 жылы 15.05. оқу-әдістемелік кеңесінің №4 отырысының хаттамасы).
«Физика есептері» элективті курсының өзектілігі: жоғары оқу орнына түсіші талапкерлерге мектепте алған білімін жүйелеп, бекітеді, пәнаралық байланыстардың маңыздылығын түсініп, физикаға деген қызығушылығын арттыру. Бұл курсты «Науырзым ауданы білім бөлімінің Жамбыл жалпы беретін мектебі» КММ физика пәні мұғалімі Калиева А.К. құрастырған. (Облыстық оқу-әдістемелік кеңесінің №10 отырысының хаттамасы, 2022 жыл).
2025-2026 оқу жылы:
Бастауыш білім беру деңгейінің оқу жұмыс жоспарының вариативтік компонент бөлімінде 1 «А» және 1 «Ә» сыныптарында аптасына 1 сағаттан, 2 «А» және 2 «Ә» сыныптарында аптасына 2 сағаттан, 3 сыныпта аптасына 1 сағаттан, 4 сыныпта аптасына 1 сағаттан дамушы сипаттағы жеке және топтық сабақтармен ұсынылған.
1 «А» және 1 «Ә» сыныптарында «Шахмат негіздері» курсы аптасына 1 сағаттан жүргізіледі. Курстың бағдарламасын Қазақстандық Шахмат Федерациясы әзірлеген және ҚР ОАМ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылған (22.06.2023 ж. №5 хаттамасы).
2 «А» және 2 «Ә» сыныптарында «Шахмат негіздері» курсы аптасына 1 сағаттан жүргізіледі. Курстың бағдарламасын Қазақстандық Шахмат Федерациясы әзірлеген және ҚР ОАМ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылған (22.06.2023 ж. №5 хаттамасы).
2 «А» және 2 «Ә» сыныптарына арналған «Сиқырлы сандық» курсының (аптасына 1 сағат) мазмұны оқушылардың жас ерекшелігі мен қабілеттілігіне сәйкес олардың танымдық қабілеттерін ашуға, қисынды ойлау деңгейін арттыруға, логикалық ойлауын, математикалық сөйлеуін дамытуға бағытталған.Курсты құрастырған «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 15 жалпы білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімдері Майшина А.К., Омарова Л.А., Жалмендина Л.К. (Облыстық оқу-әдістемелік кеңесінің №10 отырысының хаттамасы, 25.12.2022 жыл).
3 «А» және 3 «Ә» сыныптар «Математикалық шамаларды меңгерту-математикалық сауаттылықты арттыру негізі» курсы аптасына 1 сағатқа жоспарланды. Бұл курстың мақсаты білім алушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге, ұлттық дүниетанымын терең меңгеруге баулиды. «Математикалық шамаларды меңгерту-математикалық сауаттылықты арттыру негізі» курсы оқушыларды математикалық шамаларды меңгертіп, математикалық сауаттылықты арттырады. Курсты құрастырушы «Рудный қаласының білім бөлімі Б.Майлин атындағы №7 мектеп гимназиясы» КММ-сі бастауыш сынып мұғалімі Батталова А.С. (2025ж. 10.06. оқу-әдістемелік кеңесінің №6 отырысының хаттамасы).
«Кел, бірге оқиық!» курсы 4 «А» және 4 «Ә» сыныптарына үшін аптасына 1 сағаттан жоспарланды. Курстың мазмұны оқушыларда ұлттық құндылықтарды, болмысты, ой-сананы дамыта отырып, шығармашылық-зерттеу қабілеттерін, оқу сауаттылығын қалыптастыруға, кітап оқуға құштарлығын арттыруға бағытталған. Бұл курсты Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі К.З. Артикова құрастырды. (облыстық оқу-әдістемелік кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы №3 хаттамасы.)
5-11 сыныптарда «Жаһандық құзыреттілік» курсы.
10-сыныпта «Қызықты цифрлық физика», курсты «Қостанай қаласы білім бөлімінің №15 жалпы білім беретін мектебі» КММ физика пәні мұғалімі Маженова С.Т. құрастырған (Облыстық оқу-әдістемелік кеңесінің №3 отырысының хаттамасы, 2024 жыл).
10-сыныпта «Химиялық элементтердің адам ағзасындағы маңызы» элективті курсы, Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің химия пәні мұғалімі Жолдас А.А. құрастырды (2025ж. 28.08. оқу-әдістемелік кеңесінің №1 отырысының хаттамасы).
11-сыныпта «Эссе жазу техникасы», курсты Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Н.А.Жиенбаева мен А.М.Дюкова құрастырды, Ұлттық Кітаптар палатасы, ISBN 978-601-369-895-36 2023ж. 15.10.№713 хаттамасы.
11-сыныпта «Тарихи тұлғалар» элективті курсы, «Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің тарих пәні мұғалімі Сактаганов Б.Б. құрастырды (2025ж. 28.08. оқу-әдістемелік кеңесінің №1 отырысының хаттамасы).
Вариативтік компоненттегі курстардың нәтижесінде білім алушыларымыз ғылыми жобаларға, олимпиадаларға, түрлі шығармашылық сайыстарға қатысып, жобалау және зерттеу іс-әрекеті дағдыларын дамытып нәтижесін беруде.
Мектеп оқушыларының 3 жылдың ішіндегі аудандық ғылыми жобаларға қатысуы мен нәтижесінің динамикасы
|
|
2023-2024 |
2024-2025 |
2025-2026 |
|
Жоба саны |
9 жұмыс (+1) |
7 жұмыс |
- |
|
1-орын |
2 |
2 |
- |
|
2-орын |
2 |
2 |
- |
|
3-орын |
2 |
3 |
- |
|
Жалпы |
6 (0) |
7 (+1) |
- |
|
Сапа |
66,6 (-8,4) |
100% (+11,1) |
0 % |
Соңғы жылдардағы мектеп оқушыларының аудандық ғылыми жобалар жарысына қатысу белсенділігі мен нәтижелілігінің серпінін (динамикасын) талдау барысында ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапалық тұрғыдан айтарлықтай өскені байқалады. Атап айтқанда, 2023-2024 оқу жылында аудандық кезеңге мектептен барлығы 9 ғылыми жұмыс ұсынылып (өткен жылмен салыстырғанда +1 жұмысқа артық), оның ішінде 6 жоба жүлделі орындарға ие болды, оның құрамында 2 бірінші орын, 2 екінші орын және 2 үшінші орын тіркеліп, жалпы сапалық көрсеткіш 66,6%-ды құрады. Келесі 2024-2025 оқу жылында қатысқан жобалардың жалпы саны 7 жұмысқа дейін азайғанына қарамастан, нәтижелілік деңгейі ең жоғары шекке жетті, яғни ұсынылған 7 жұмыстың барлығы да жүлделі орындардан көрінді: оның ішінде 2 жоба — 1-орын, 2 жоба — 2-орын және 3 жоба — 3-орын иеленіп, мектептің ғылыми жобалар бойынша сапа көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда +11,1%-ға артып, 100%-дық нәтижені көрсетті. Бұл көрсеткіш мектептегі дарынды балалармен жұмыстың мақсатты жүргізілгенін және зерттеу жұмыстарын іріктеу мен дайындау сапасының жоғарылағанын дәлелдейді.
Ал 2025-2026 оқу жылы бойынша кестеде көрсеткіштердің жоқтығына (0%) байланысты, алдағы уақытта оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне деген қызығушылығын қайта жандандыру, өткен жылдардағы 100%-дық сапа деңгейін сақтап қалу үшін пән мұғалімдері мен жоба жетекшілерінің әдістемелік жұмысын күшейту және оқушыларды өзекті ғылыми бағыттарға ерте тарту жұмыстарын жүйелі жоспарлау ұсынылады.
Мектеп оқушыларының 3 жылдың ішіндегі облыстық ғылыми жобаларға қатысуы мен нәтижесінің динамикасы
|
|
2023-2024 |
2024-2025 |
2025-2026 |
|
Жоба саны |
1 жұмыс |
2 жұмыс |
3 жұмыс |
|
1-орын |
1 |
|
|
|
2-орын |
|
1 |
1 |
|
3-орын |
|
1 |
|
|
Жалпы |
1 |
2 |
1 |
|
Сапа |
100 |
100% |
33,3% |
2023-2026 жыл кезең аралығында ғылыми-зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңіне 5 оқушы қатысып, 4 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Мектеп оқушыларының 3 жылдың ішіндегі «Зерде» зерттеу жұмысына қатысу динамикасы (аудандық кезең)
|
|
2023-2024 |
2024-2025 |
2025-2026 |
|
Жоба саны |
6 |
9 |
7 |
|
1 орын |
1 |
2 |
3 |
|
2 орын |
3 |
2 |
2 |
|
3 орын |
2 |
3 |
2 |
|
жалпы |
6 |
7 |
7 |
|
Сапа |
100% |
77,7% |
100% |
«Зерде» зерттеу жұмыстарының аудандық кезеңінің қорытындысы нәтижесінде: Соңғы 3 оқу жылында мектеп оқушыларының аудандық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсына қатысу белсенділігі мен нәтижелілігінің серпінін (динамикасын) салыстыра талдасақ, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу бағытындағы көрсеткіштері жоғары тұрақтылықты көрсетіп отыр. Атап айтқанда, 2023-2024 оқу жылында конкурстың аудандық кезеңіне мектептен барлығы 6 жоба ұсынылып, оның барлығы да жүлделі орындарға ие болды (1 бірінші орын, 3 екінші орын, 2 үшінші орын) және жалпы сапалық көрсеткіш 100%-ды құрады. Келесі 2024-2025 оқу жылында қатысушы жобалардың саны 9-ға дейін өсіп, оқушылардың зерттеу жұмыстарына деген белсенділігі артқанымен, оның ішінен 7 жоба жүлделі орындардан көрініп (2 бірінші орын, 2 екінші орын, 3 үшінші орын), сапа көрсеткіші аздап төмендеп, 77,7%-ды көрсетті.
Ал соңғы 2025-2026 оқу жылында ұсынылған 7 жобаның барлығы да тағы да жүлделі орындарды иеленіп, мектептің сапа көрсеткіші қайтадан 100%-дық максималды деңгейге көтерілді, бұған қоса жоғары марапаттардың сапасы артып, 1-орындар саны 3-ке жетті (сонымен қатар 2 екінші орын және 2 үшінші орын тіркелді). Қорытындылай келе, үш жылдық кезеңде мектептің «Зерде» конкурсы бойынша сапа көрсеткіші жоғары деңгейде сақталып, әсіресе соңғы оқу жылында бірінші орындар үлесінің артуы мектептегі бастауыш және орта буын сыныптарында дарынды балалармен жүргізілетін ғылыми-әдістемелік жұмыстардың жүйелілігі мен жоба жетекшілерінің кәсіби шеберлігін толық дәлелдейді.
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың
ІІ аудандық кезеңіне қатысудың соңғы 3 жылдағы көрсеткішлері
|
Оқу жылы |
Қатысушылар саны |
Жүлдегерлер саны |
Нәтиже көрсеткіші % |
|
2023-2024 |
10 |
7 |
70 % |
|
2024-2025 |
16 |
6 |
38 % |
|
2025-2026 |
7 |
7 |
100 % |
Олимпиаданың аудандық кезеңі қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, орыс тілі, Қазақстан тарихы, жаратылыстану, математика пәндерінен өткізілді. Қатысқан 7 оқушының 7-і жүлделі орындарға ие болды, бұл қатысушылардың жалпы санының 100 % құрайды. Соңғы 3 жыл ішіндегі олимпиаданың аудандық кезеңін салыстыратын болсақ, 2023-2024 оқу жылымен салыстырғанда 30 %, былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 62 % өсті.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына
арналған олимпиаданың облыстық кезеңінің салыстырмалы кестесі
|
Оқу жылы |
Қатысушылар саны |
Жүлдегерлер саны, % |
|
2023-2024 |
1 |
1 (100%) |
|
2024-2025 |
2 |
1 (50%) |
|
2025-2026 |
3 |
1 (33,3%) |
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына
арналған олимпиаданың облыстық кезеңі бойынша салыстыратын болсақ, 2023-2024 оқу жылында облыстық кезеңге 3 оқушы қатысып, 1 оқушы жүлделі орын иеленді (33,3%), 2024-2025 оқу жылында 2 оқушы қатысып 50%, 2025-2026 оқу жылында 3оқушы қатысып 1 оқушы 33,3% нәтиже көрсетті.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына
арналған олимпиаданың аудандық кезеңінің салыстырмалы кестесі
|
Оқу жылы |
Қатысушылар саны |
Жүлдегерлер саны, % |
|
2023-2024 |
7 |
4 (57,1%) |
|
2024-2025 |
11 |
3 (27%) |
|
2025-2026 |
4 |
0 |
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына
арналған олимпиаданың аудандық кезеңінің қорытындысына қарайтын болсақ,
2024-2025 оқушылар жүлдегелер саны 3 болғанымен қатысушылар санының артуына байланысты былтырмен салыстырғанда сапа көрсеткіші 30,1%-ға кемігені байқалады.
2025-2026 қатысушылар саны 4 оқушылардың ішінде жүлдегерлер саны жоқ.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына
арналған олимпиаданың аудандық кезеңінің салыстырмалы кестесі
|
Оқу жылы |
Қатысушылар саны |
Жүлдегерлер саны, % |
|
2023-2024 |
17 |
8 (47%) |
|
2024-2025 |
19 |
8 (42%) |
|
2025-2026 |
8 |
3 (37,5%) |
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына
арналған олимпиаданың аудандық 2023-2024 оқу жылында көрсеткіш 47 %, 2024-2025 оқу жылында бала санының артуына байланысты 5%-ға кеміген, 2025-2026 оқу жылдарында нәтиже 4,5 пайызға төмендеді.
Облыстық кезеңге қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиадаға қатысқан Әдібай Аружан жүлделі 3-орын алды.
2023-2024 оқу жылы бойынша дарынды оқушылардың жетістіктері
Аудандық деңгейде:
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысқан 17 оқушының 8-і жүлделі орындарға ие болды (2-орын – 2, 3-орын – 6), бұл қатысушылардың жалпы санының 47% құрайды.
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысқан 7 оқушының 4-еуі жүлделі орындарға ие болды (1-орын – 1, 3-орын – 3), бұл қатысушылардың жалпы санының 57,1% құрайды.
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысқан 10 оқушының 7-еуі жүлделі орындарға ие болды, (1-орын – 2, 2-орын – 2, 3-орын – 3)бұл қатысушылардың жалпы санының 70% құрайды.
- 3-4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде 3-сынып оқушылары қатысып, Абат Әсет 1-орын, Күнбергенқызы Диляра 1-орын, Тюлеген Сезім 3-орын иеленді. иеленді.
- Лингвистикалық тіл олимпиадасының аудандық кезеңінде 11-сынып оқушысы Түбекбай Диана 2-орын, 11-сынып оқушысы Беркимбаева Салтанат 3-орын иеленді.
- «Менің кіші Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурстың аудандық кезеңінде 10-сынып оқушысы Абылғазы Зарина 1-орынға ие болды.
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми-зерттеу жобалары конкурсының аудандық кезеңінде 10-сынып оқушысы Абылғазы Зарина қазақ тілі мен әдебиеті бағыты бойынша 2-орын, 9-сынып оқушысы Алпысбаева Гүлмира математика бағыты бойынша 2-орын, 8-сынып оқушысы Әдібай Аружан қазақ тілі мен әдебиеті бағыты бойынша 1-орын иеленді.
- Аудандық Ыбырай оқулары сайысында 6-сынып оқушысы Абылғазы Жанел, 7-сынып оқушысы Журкабаева Айлана, 8-сынып оқушысы Әдібай Аружан 1-орындарға ие болды.
- «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының аудандық кезеңінде 10-сынып оқушысы Кабдушева Альмира 1-орын.
- «Қазақ есебі» челленджіне мектеп оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
1.Дүйсенов Байхан 1-орын 7 сынып
2.Әдібай Аружан 1-орын 8 сынып
3.Шуренова Айдана 2-орын 7 сынып
4.Абат Жадыра 2-орын 7 сынып
5.Тулеген Индира 2-орын 8 сынып
6.Рустам Нұрхан 3-орын 8 сынып
Облыстық деңгейде:
- Облыстық Әбіш оқулары конкурсының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар номинациясы бойынша 8-сынып оқушысы Әдібай Аружан қатасып, 2-орынға ие болды.
- Облыстық Әбіш Кекілбаев олимпиадасында 9-сынып оқушысы Мұқанғалиева Дариға 3-орын, 11-сынып оқушылары Сандыгулова Жансулу 3-орын, Кадирбек Камила 3-орын.
- Облыстық Абай оқулары конкурсында 11-сынып оқушысы Түбекбай Диана 3-орын, 8-сынып оқушысы Әдібай Аружан сертификат.
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде 5-сынып оқушысы Әділхан Аружан 3-орын иеленді.
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми-зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінде 10-сынып оқушысы Ормантаева Алмас өлкетану секциясы бойынша 1-орын.
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде 8-сынып оқушысы Әдібай Аружан 3-орын.
- Облыстық «Ата-бабадан қалған асыл мұра» атты эссе сайысы 8-сынып оқушысы Қоныспаева Динара 3-орын.
- «Қазақ поэзиясының Құлагері» облыстық әдеби-поэтикалық конкурсында 10-сынып оқушысы Қарсақова Раяна 2-орын.
- «Қостанай дарыны» ӨҒПО Қазақстан тарихы бойынша қашықтық олимпиадасында 5 оқушы сертификаттарға ие болды, 10-сынып оқушысы Абылғазы Зарина 2-орын.
- «Қостанай дарыны» ӨҒПО физика пәні бойынша қашықтық олимпиадасында 7-сынып оқушысы Жакенов Аслан 2-орын.
- 3-4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде 3-сынып оқушысы Абат Әсет қатысып, 3-орын иеленді.
- Облыстық Мақатаев оқуларына 8-сынып оқушысы Әдібай Аружан қатысып, сертификатқа ие болды.
- Облыстық Жансүгіров оқуларына 10-сынып оқушысы Қарсақова Раяна қатысып, сертификатқа ие болды.
- «Менің кіші Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурстың облыстық кезеңінде 10-сынып оқушысы Абылғазы Зарина сертификатқа ие болды.
- «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңінде 10-сынып оқушысы Кабдушева Альмира 1-орын.
Республикалық деңгейде:
- «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауына қатысып,10-сынып оқушысы Кабдушева Альмира сертификатқа ие болды.
- «Ақ бота» республикалық зияткерлік олимпиадасында Мырзашаева Динара 6-сынып 2-орын, Рустемова Раушан 8-сынып 3-орын.
- «Ақ бота» зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары:
1 «А» сынып оқушылары: І орын-1 оқушы, ІІ орын- 2 оқушы, ІІІ орын- 4 оқушы;
2 «А» сынып: ІІ орын- 6 оқушы;
3-сыныптың 2 оқушысы 3-орын;
4-сыныптан 1 оқушы 3-орын.
«Кенгуру-математика барлығы үшін» интеллектуалды ойын конкурсы
Әділхан Аружан 5-сынып – 1 орын;
Журкабаева Айлана 7-сынып – 1 орын;
Байкадамов Жансултан 7-сынып -2 орын
Хасен Расул 9-сынып -1 орын,
Узакбаева Айдана 9-сынып -1 орын
Мукангалиева Дарига 9-сынып -1орын,
Тукхожа Іңкәр 9-сынып -1 орын,
Алпысбаева Гулмира 9-сынып -1 орын.
- «Кенгуру – математика барлығы үшін» интеллектуалдық ойын – конкурсында 2 «А» сыныптан 3 оқушы І орын, 4 оқушы ІІІ орын. 3-сыныптан 4 оқушы 1-орын, 1 оқушы 2-орын.
- «Бастау» республикалық кешенді олимпиадасында 6-сынып оқушысы Қайыржан Қайсар 2-орын.
- «Бастау» (бастауыш сыныптар) республикалық олимпиадасында 2 «А» сыныптың 9 оқушысы І орын. 2 «Ә» сыныптан 1 оқушы 2-орын, 1 оқушы 3-орын. 4-сыныптан 1 оқушы 1-орын, 1 оқушы 3-орын.
- 5-9 сынып оқушылары арасында республикалық «Тарих ата» қашықтық олимпиадасында 3 оқушы 3-орындар, 4 оқушы 1-орындар, 1 оқушы сертификатқа ие болды.
- Ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау мақсатында өткізілетін II Республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауына 10-сынып оқушысы Кабдушева Альмира қатысып, грамотаға ие болды.
2024-2025 оқу жылы бойынша дарынды оқушылардың жетістіктері
Аудандық деңгейде:
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысқан 19 оқушының 8-і жүлделі орындарға ие болды (2-орын – 2, 3-орын – 6), бұл қатысушылардың жалпы санының 42% құрайды.
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысқан 11 оқушының 3-еуі жүлделі орындарға ие болды (2-орын – 1, 3-орын – 2), бұл қатысушылардың жалпы санының 27% құрайды.
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысқан 16 оқушының 6-ауы жүлделі орындарға ие болды, (1-орын – 2, 2-орын – 2, 3-орын – 2)бұл қатысушылардың жалпы санының 28% құрайды.
- 3-4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде 3-сынып оқушысы Джусипов Азамат 1-орын, 4-сынып оқушылары қатысып, Абат Әсет 1-орын, Зулкарнаев Қайсар 1-орын иеленді.
- 5-6 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде 5-сынып оқушылары Анварбек Айсұлу 1-орын, Ермағамбетова жанерке, Рустам Айжұлдыз 3-орын иеленді. 6-сынып оқушылары Әділхан Аружан, Қалқаман Инжу 1-орын, Мақсатова Аружан 2-орын иеленді.
- «Менің кіші Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурстың аудандық кезеңінде 9-сынып оқушысы Әдібай Аружан 3-орынға ие болды.
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми-зерттеу жобалары конкурсының аудандық кезеңінде 7-сынып оқушысы Абылғазы Жанель тарих бағыты бойынша 3-орын, 7-сынып оқушысы Абдинаби Жасмина физика бағыты бойынша 3-орын иеленді.
- «Зерде» ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстары конкурсының аудандық кезеңі 3-сынып оқушысы Сейтен Айзере 2-орын, Джусипов Азамат 3-орын иеленді.
- Аудандық Ыбырай оқулары сайысында 7-сынып оқушысы Абылғазы Жанел, 8-сынып оқушысы Журкабаева Айлана 2-орын, 6-сынып оқушысы Оразбек Қыдырәлі 3-орындарға ие болды.
- Республикалық "Алтын түлек" математикалық олимпиадасының өңірлік кезеңі 10-сынып оқушысы Мұқанғалиева Дариға, 11-сынып оқушысы Кабдушева Альмира 3-орын иеленді.
Облыстық деңгейде:
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қатысқан 9-сынып оқушысы Әдібай Аружан қатасып, 3-орынға ие болды.
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде 5-сынып оқушысы
Канапьянов Аймурат 2-орын иеленді.
- 2-7 сынып оқушыларының «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінде 3-сынып оқушылары Абдинаби Мадина, Мырзашаева Дарина 2-орын алды, 2-сынып оқушылары Ембергенова Жанель мен Қалдыбек Каусар 3-орын иеленді
- «Қостанай дарыны» өнірлік ғылыми-практикалық орталығы өткізген Қазақстан тарихы бойынша қашықтық олимпиадасына 7 оқушы қатысты. Олимпиаданың нәтижесі бойынша жүлделі 1 орынға ие болған 8 сыныптан 2 оқушы: Гайбуллаева И, Журкабаева А, 2 орынға ие болған 4 оқушы, 7 сыныптан 2 оқушы: Әбілғазы Ж, Әбдинаби Ж, 9 сыныптан 2 оқушы: Әдібай А, Нұржанов Т, 3 орынға ие болған 10 сыныптан 1 оқушы: Алимхан А.
- Шокан Уалиханов туғанына 190 жылдығына арналған облыстық олимпиадасына 4 оқушы қатысты: 8 сынып оқушысы Абат Жадра жүлделі 3 орынға ие болды.
- «Ш.Уәлихановтың қазақ тарихындағы орны» облыстық эссе байқауына
1 оқушы қатысты: 8 сынып оқушысы Абат Жадра жүлделі 3 орынға ие болды.
атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінен 4-оқушы қатысты.
-1-4 сынып оқушылары арасындағы Облыстық олимпиаданың қорытындысы бойынша: Джусипов Азамат, 3-сынып оқушысы - жүлделі 1-орынға ие болды
3 оқушы әр пәннен табысты нәтиже көрсеткен үшін грамоталармен марапатталды. Олар: Тайынбай Муслим, 1-сынып оқушысы қазақ тілі пәнінен жоғары нәтиже көрсетті ,Яхуда Айзере, 2-сынып оқушысы жаратылыстану пәнінен жоғары нәтиже көрсетті , Зулкарнаев Қайсар 4-сынып оқушысы қазақ тілі пәнінен жоғары нәтиже көрсетті.
- 3-4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде 3-сынып оқушысы Джусипов Азамат 2-орын, 4-сынып оқушылары қатысып, Абат Әсет сертификат, Зулкарнаев Қайсар 2-орын иеленді.
Республикалық деңгейде:
- «Ақ бота» республикалық зияткерлік олимпиадасында (гуманитарлық пәндер): 10-сынып оқушысы Мукангалиева Дариға 3-орын, 9-сынып оқушылары Әдібай Аружан, Хасенов Арнур 2-орын иеленді
- «Ақ бота» зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары:
1 сынып оқушылары: І орын-3 оқушы, ІІ орын- 3 оқушы, ІІІ орын- 6 оқушы;
2 сынып: І орын-2 оқушы, ІІ орын- 6 оқушы;
3-сыныптың І орын-2 оқушы, , ІІІ орын- 6 оқушы;
4-сыныптан ІІ орын- 2 оқушы 1 оқушы 3-орын.
«Кенгуру-математика барлығы үшін» интеллектуалды ойын конкурсы
Журкабаева Айлана 8-сынып – 2 орын;
Мукангалиева Дарига 10-сынып -2орын,
Тукхожа Іңкәр 10-сынып -3 орын.
- «Кенгуру – математика барлығы үшін» интеллектуалдық ойын – конкурсында 2 сыныптан 2 оқушы І орын, 3 оқушы ІІІ орын. 3-сыныптан 4 оқушы 1-орын, 5 оқушы 2-орын.
- «Бастау» (бастауыш сыныптар) республикалық олимпиадасында 2 сыныптың 9 оқушысы І орын. 3 сыныптан 1 оқушы 2-орын, 1 оқушы 3-орын. 4-сыныптан 1 оқушы 1-орын, 1 оқушы 3-орын.
- «Кенгуру-лингвист» 8-сынып оқушысы Беркінбай Шыңғыс 1-орын алды.
- 5-9 сынып оқушылары арасында республикалық «Тарих ата» қашықтық олимпиадасында 4 оқушы қатысып, 4 оқушы да 1-орындар ие болды.
2025-2026 оқу жылы бойынша дарынды оқушылардың жетістіктері
Аудандық деңгейде:
«Менің шағын Отаным» жас тарихшылар интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңінде мектеп оқушысы Әдібай Аружан жүлделі 3-орынға ие болды. Жетекшісі: Сактаганов Б.Б.
«Ыбырай Алтынсарин оқулары – 2025» байқауының аудандық кезеңінде Тұрсын Медина 1-орын, Әбілғазы Жанель 2-орынды иеленді. Сонымен қатар, мектеп оқушыларынан құралған шығармашылық топ сахналық қойылым номинациясы бойынша 2-орынға ие болды. Жетекшілері: Дюкова А.М., Калиева Г.Е.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың (5-11 сыныптар) аудандық кезеңінде мектеп оқушылары жоғары нәтиже көрсетті: Тұрсын Медина, Мукангалиева Дариға, Әдібай Аружан, Канапьянов Аймұрат және Зулкарнаев Қайсар 1-орынды жеңіп алса, Күмісбек Райымбек, Нұржанов Тайыр, Тайынбай Інжу, Рустам Айжұлдыз бен Жунусова Азиза 3-орынды иеленді. Жетекшілері: Дюкова А.М., Калиева Г.Е., Молдахметова Г.Б. Сергазинова А.В., Сактаганов Б.Б., Дукина Г.Е., Жумабаева Г.Ж.
«Ыбырай оқулары» байқауының аудандық кезеңінде Абдинаби Мадина жоғары шеберлік танытып, Бас жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ, Айтжан Нұрмұхамбет пен Абат Аяулым 1-орын, Тағайбек Жанерке мен Қартбаева Балжан 2-орын, Яхуда Айзере 3-орынға ие болды. Жетекшілері: Артикова К.З., Сарсенбина З.Е., Муратова Б.Х.
«Алтын сақа» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде Джусипов Азамат 1-орын; Ғабдурахман Айзере, Ембергенова Жанель және Абат Асет 2-орын; Жунусова Самира, Айтжан Нұрмұхаммед, Сейткали Aмани мен Рахимгали Альмансұр 3-орынды иеленді. Сонымен қатар, Абдинаби Мадина мен Сейтқанова Амина белсенді қатысқаны үшін арнайы сертификаттармен марапатталды. Жетекшілері: Муратова Б.Х., Саханова Ж.К., Артикова К.З., Дукина Г.Е.
Республикалық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының аудандық кезеңінде мектебіміздің жас зерттеушілері айтарлықтай табысқа жетті: Джусипов Азамат, Яхуда Айзере, Абдинаби Мадина және Абат Аяулым 1-орынға, ал Картбаева Балжан 2-орынға ие болды. Жетекшілері: Муратова Б.Х., Саханова Ж.К., Артикова К.З., Аханова Б.Т.
Бұқаралық спорттық сайыстар бойынша (Аудандық біріншіліктер):
Волейбол: Мектептің ұлдар құрама командасы да, қыздар құрама командасы да жоғары дайындықтарын көрсетіп, 1-орындарды жеңіп алды.
«Асық ату» ұлттық ойыны: Мектептің ұлдар құрамасы қарсыластарынан басым түсіп, 1-орынға ие болды. Жетекшісі: Умаров Г.К.
«Бес тас» ұлттық ойыны: Мектептің қыздар құрама командасы жүлделі 2-орынды иеленді. Жетекшісі: Умаров Г.К.
Футбол: Мектептің ұлдар командасы тартысты ойын көрсетіп, турнир қорытындысында 2-орын және 3-орындарды қатар қорғады. Жетекшісі: Сатыбалдин К.С.
Баскетбол: Мектептің ұлдар құрамасы мен қыздар құрама командалары жүлделі 3-орындарды місе тұтты. Жетекшісі: Сатыбалдин К.С.
Шахмат: Мектеп оқушыларының құрама командасы интеллектуалдық ойында 3-орынға қол жеткізді. Жетекшісі: Сатыбалдин К.С., Умаров Г.К.
«Әнші балапан» аудандық өнер сайысында мектеп алды даярлық сыныбының (МДС) тәрбиеленушісі Аюпова Сафия өзінің үздік өнерімен 1-орынды жеңіп алды. Жетекшісі: Каюмназарова А.Б.
Кеңес әскерінің Ауғаныстан жерінен шығарылғанына 37жыл атты әскери жарыста: 3-орын Жетекшісі: Умаров Г.К.
Аудандық мектептер арасында өткен әскери-кросс жарысында: 3-орын Жетекшісі: Умаров Г.К.
Облыстық деңгейде:
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектеп намысын қорғаған Әдібай Аружан мен Канапьянов Аймұрат жоғары білім деңгейлерін дәлелдеп, жүлделі 3-орындарды иеленді. Жетекшілері: Дюкова А.М., Молдахметова Г.Б.
Республикалық «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының облыстық кезеңінде Абдинаби Мадина мен Абат Аяулым ерекше қорғау деңгейімен ерекшеленіп, 2-орынға ие болды. Ал Джусипов Азамат пен Яхуда Айзере ғылыми ізденістері үшін облыстық деңгейдегі арнайы сертификаттармен марапатталды. Жетекшілері: Артикова К.З., Муратова Б.Х., Саханова Ж.К.
«Алтын сақа» олимпиадасының облыстық кезеңінде аудан чемпионы Джусипов Азамат мектептің математикалық әлеуетін облыс көлемінде тағы да дәлелдеп, жүлделі 3-орынды қанжығасына байлады. Жетекшісі: Муратова Б.Х.
Республикалық деңгейде:
«Күз Мерейі» республикалық шығармашылық байқауында мектеп оқушыларының жұмыстары жоғары бағаланып, Жандолданов Қайсар 1-орын, Берікқали Әлинур мен Тоқтамуратов Мирас 2-орынға ие болды. Жетекшісі: каюмназарова А.Б.
«Бастауыш - білім бұлағы» атты дарынды оқушыларға арналған республикалық сайыста Абдинаби Мадина, Абат Аяулым және Айтжан Нұрмұхамед теңдессіз өнер көрсетіп, 1-орындарды иеленді. Жетекшісі: Артикова К.З.
«Ақбота» республикалық зияткерлік олимпиадасында мектебіміздің оқушылары жаппай жүлделі орындардан көрінді. Сайыс қорытындысы бойынша Сейтен Айзере, Джусипов Азамат, Сатывалды Әлинұр, Картбаева Балжан, Сатывалды Мансұр (Жетекшісі: Муратова Б.Х) және Сейтен Тимур 1-орынды; Күмісбек Ардана, Ақынова Аянұр, Өміржан Байболат (Жетекшісі: Галымова Б.Г) пен Абат Жадыра (Жетекшілері: Сергазинова А.В., Сактаганов Б.Б., Калиева Г.Е.,Молдахметова Г.Б.) 2-орынды; Асан Асылым (Жетекшісі: Галымова Б.Г) мен Хасенов Арнур (Жетекшілері: Сергазинова А.В., Сактаганов Б.Б., Калиева Г.Е.,Молдахметова Г.Б.) 3-орынды иеленді.
«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» міндетті оқу курсын оқу;
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына (2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 406 бұйрығы өзгерістерімен) сәйкес «Өмір қауіпсіздігі негіздері» курсын міндетті түрде оқып-үйрену қамтамасыз етіліп, практикалық жұмыстарды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді:
Бастауыш білім беру деңгейінде «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда ҚР ОАМ 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 406 бұйрығының 2-қосымшасының 25-тармақшасына сәйкес «Дүниетану» оқу пәнінің шеңберінде: жылдық оқу жүктемесі 1-3-сыныптарда 6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімдері іске асырады.
ҚР ОАМ 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 406 бұйрығының 3-қосымшасының 56-тармақшасына сәйкес 5-9-сыныптардағы «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұнын дене шынықтыру мұғалімдері «Дене шынықтыру» оқу курсы аясында, жылдық оқу жүктемесі 15 сағатты құрайтын түрде жүзеге асырылады.
Жалпы орта білім беру деңгейінде «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны ҚР ОАМ 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 406 бұйрығының 4-қосымшасының 50-тармақшасына сәйкес «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу курсының аясында 12 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының оқытуымен іске асырылады. Өмір қауіпсіздігінің негіздерін оқыту сабақтары міндетті болып табылады және оқыту уақытында жүргізіледі.
- «Жолда жүру ережелері» міндетті оқу курсын іске асыру;
- «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады:
Бастауыш білім беру деңгейінде «Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұны ҚР ОАМ 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 406 бұйрығының 2-қосымшасының 26-тармақшасына сәйкес 1-4-сыныптарда әрбір сыныпта 6 сағаттан сынып сағаттары есебінен және сабақтан тыс уақытта сынып жетекшілері жылдық жұмыс жоспарында тақырыптары мен мерзімін көрсете отырып, іске асырады.
ҚР ОАМ 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 406 бұйрығының 3-қосымшасының 38-тармақшасына сәйкес негізгі орта білім беру деңгейінде «Жол қозғалысы ережелері» оқу курсы 5-8-сыныптарда сыныптан тыс уақыттарда және сынып сағаты есебінен 10 сағат көлемінде жүргізіледі, сынып журналының жеке бетінде сабақтың тақырыбы мен сабақтың өткізілген күні көрсетіліп жазылған.
Негізгі орта және жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар:
- Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемінің сәйкестігі және сақталуы;
2023-2024 оқу жылы
Бастауыш білім беру деңгейінің апталық оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 18 тамыздағы № 264 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес:
- 1 А,Ә сыныптарында оқу жүктемесінің шекті көлемі – 19,5 сағатты құрайды, оның ішінде инварианттық компонент – 18,5 сағат, вариативті компонент – 1 сағат;
- 2 А,Ә сыныптарында оқу жүктемесінің шекті көлемі – 24 сағатты құрайды, оның ішінде инварианттық компонент – 22 сағат, вариативті компонент – 2 сағат;
- 3-сыныпта оқу жүктемесінің шекті көлемі – 26 сағатты құрайды, оның ішінде инварианттық компонент – 25 сағат, вариативті компонент – 1 сағат;
- 4-сыныпта оқу жүктемесінің шекті көлемі – 26 сағатты құрайды, оның ішінде инварианттық компонент – 25 сағат, вариативті компонент – 1 сағат.
Негізгі орта білім беру деңгейінің апталық оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығының 6-қосымшасына сәйкес:
- 5-сыныпта оқу жүктемесінің шекті көлемі – 28,5 сағатты құрайды, оның ішінде инварианттық компонент – 28 сағат, вариативті компонент – 0,5 сағат;
- 6-сыныпта оқу жүктемесінің шекті көлемі – 28,5 сағатты құрайды, оның ішінде инварианттық компонент – 28 сағат, вариативті компонент – 0,5 сағат;
- 7-сыныпта оқу жүктемесінің шекті көлемі – 31,5 сағатты құрайды, оның 31 сағаты инварианттық компонент, 0,5 сағаты вариативті компонент;
- 8-сыныпта оқу жүктемесінің шекті көлемі – 32,5 сағатты құрайды, оның 32 сағаты инварианттық компонент, 0,5 сағаты вариативті компонент;
- 9-сыныпта максималды жүктеме – 34 сағат, оның 33 сағаты инварианттық компонент, вариативті компонент – 1 сағат.
Жалпы орта білім деңгейінің апталық оқу жүктемесінің шекті көлемі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 412 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының оқыту қазақ тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы үлгілік оқу жоспарының 38-қосымшасына (11-сынып) және жаратылыстану-математикалық бағыттағы (10-сынып) үлгілік оқу жоспарының 39-қосымшасына сәйкес:
- 10-сыныпта оқу жүктемесінің шекті көлемі – 35 сағат, оның ішінде инварианттық компонент – 32 сағат, вариативті компонент – 3 сағат.
- 11- сыныпта оқу жүктемесінің шекті көлемі – 34 сағат, оның ішінде инварианттық компонент – 31 сағат, вариативті компонент – 3 сағат.
Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі мектептің жұмыс оқу жоспарындағы жүктемемен сәйкес келеді.
2024-2025 оқу жылы
Бастауыш білім беру деңгейінің апталық оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 18 тамыздағы № 264 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес:
- 1 А,Ә сыныптарында оқу жүктемесінің шекті көлемі – 19,5 сағатты құрайды, оның ішінде инварианттық компонент – 18,5 сағат, вариативті компонент – 1 сағат;
- 2 А,Ә сыныптарында оқу жүктемесінің шекті көлемі – 24 сағатты құрайды, оның ішінде инварианттық компонент – 22 сағат, вариативті компонент – 2 сағат;
- 3-сыныпта оқу жүктемесінің шекті көлемі – 26 сағатты құрайды, оның ішінде инварианттық компонент – 25 сағат, вариативті компонент – 1 сағат;
- 4-сыныпта оқу жүктемесінің шекті көлемі – 26 сағатты құрайды, оның ішінде инварианттық компонент – 25 сағат, вариативті компонент – 1 сағат.
Негізгі орта білім беру деңгейінің апталық оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығының 6-қосымшасына сәйкес:
- 5-сыныпта оқу жүктемесінің шекті көлемі – 28,5 сағатты құрайды, оның ішінде инварианттық компонент – 28 сағат, вариативті компонент – 0,5 сағат;
- 6-сыныпта оқу жүктемесінің шекті көлемі – 28,5 сағатты құрайды, оның ішінде инварианттық компонент – 28 сағат, вариативті компонент – 0,5 сағат;
- 7-сыныпта оқу жүктемесінің шекті көлемі – 31,5 сағатты құрайды, оның 31 сағаты инварианттық компонент, 0,5 сағаты вариативті компонент;
- 8-сыныпта оқу жүктемесінің шекті көлемі – 32,5 сағатты құрайды, оның 32 сағаты инварианттық компонент, 0,5 сағаты вариативті компонент;
- 9-сыныпта максималды жүктеме – 34 сағат, оның 33 сағаты инварианттық компонент, вариативті компонент – 1 сағат.
Жалпы орта білім деңгейінің апталық оқу жүктемесінің шекті көлемі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 412 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының оқыту қазақ тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы үлгілік оқу жоспарының 38-қосымшасына (11-сынып) және жаратылыстану-математикалық бағыттағы (10-сынып) үлгілік оқу жоспарының 39-қосымшасына сәйкес:
- 10-сыныпта оқу жүктемесінің шекті көлемі – 34 сағат, оның ішінде инварианттық компонент – 31 сағат, вариативті компонент – 3 сағат.
- 11- сыныпта оқу жүктемесінің шекті көлемі – 35 сағат, оның ішінде инварианттық компонент – 32 сағат, вариативті компонент – 3 сағат.
Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі мектептің жұмыс оқу жоспарындағы жүктемемен сәйкес келеді.
2025-2026 оқу жылы
Бастауыш білім беру деңгейінің апталық оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес:
- 1 А,Ә сыныптарында оқу жүктемесінің шекті көлемі – 19,5 сағатты құрайды, оның ішінде инварианттық компонент – 18,5 сағат, вариативті компонент – 1 сағат;
- 2 А,Ә сыныпта оқу жүктемесінің шекті көлемі – 24 сағатты құрайды, оның ішінде инварианттық компонент – 22 сағат, вариативті компонент – 2 сағат;
- 3 А,Ә сыныпта оқу жүктемесінің шекті көлемі – 26 сағатты құрайды, оның ішінде инварианттық компонент – 25 сағат, вариативті компонент – 1 сағат;
- 4 А,Ә сыныпта оқу жүктемесінің шекті көлемі – 26 сағатты құрайды, оның ішінде инварианттық компонент – 25 сағат, вариативті компонент – 1 сағат.
Негізгі орта білім беру деңгейінің апталық оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының оқыту қазақ тілінде жүргізілетін негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарының 6- қосымшасына сәйкес:
- 5-сыныпта оқу жүктемесінің шекті көлемі – 28,5 сағатты құрайды, оның ішінде инварианттық компонент – 28 сағат, вариативті компонент – 0,5 сағат;
- 6-сыныпта оқу жүктемесінің шекті көлемі – 28,5 сағатты құрайды, оның ішінде инварианттық компонент – 28 сағат, вариативті компонент – 0,5 сағат;
- 7-сыныпта оқу жүктемесінің шекті көлемі – 31,5 сағатты құрайды, оның 31 сағаты инварианттық компонент, 0,5 сағаты вариативті компонент;
- 8-сыныпта оқу жүктемесінің шекті көлемі – 32,5 сағатты құрайды, оның 32 сағаты инварианттық компонент, 0,5 сағаты вариативті компонент;
- 9-сыныпта максималды жүктеме – 34 сағат, оның 33 сағаты инварианттық компонент, вариативті компонент – 1 сағат.
Жалпы орта білім деңгейінің апталық оқу жүктемесінің шекті көлемі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 365 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының оқыту қазақ тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы үлгілік оқу жоспарының 85-қосымшасына және жаратылыстану-математикалық бағыттағы үлгілік оқу жоспарының 86-қосымшасына сәйкес:
- 10-сыныпта (ЖМБ) оқу жүктемесінің шекті көлемі – 35 сағат, оның ішінде инварианттық компонент – 32 сағат, вариативті компонент – 3 сағат.
- 11- сыныпта (ҚГБ) оқу жүктемесінің шекті көлемі – 34 сағат, оның ішінде инварианттық компонент – 31 сағат, вариативті компонент – 3 сағат.
Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі мектептің жұмыс оқу жоспарындағы жүктемемен сәйкес келеді.
- Инвариантты және вариативті (арнайы білім беру ұйымы үшін түзету компоненті) компонентін құрайтын білім алушылардың оқу жүктемесінің жалпы көлемінің, сондай-ақ ҮОЖ-мен белгіленген сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесінің сәйкестігі және сақталуы;
2023-2024 оқу жылы бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру деңгейіндегі сыныптардың апталық және жылдық оқу жүктемесі:
- 1-сыныптар (2 сынып комплект) апталық оқу жүктеме – 39 сағат, жылдық жүктеме – 1287 сағат, 2-сыныптар (2 сынып комплект) апталық оқу жүктеме – 48 сағат, жылдық жүктеме – 1632 сағат, 3-сыныпта (1 сынып комплект) апталық оқу жүктеме – 26 сағат, жылдық жүктеме – 884 сағат, 4-сыныпта (1 сынып комплект) апталық оқу жүктеме – 26 сағат, жылдық жүктеме – 884 сағат;
- 5- сыныпта апталық оқу жүктеме – 28,5 сағат, жылдық жүктеме – 969 сағат, инварианттық жүктеме – 952 сағат, вариативтік жүктеме – 17 сағат;
- 6-сыныпта апталық оқу жүктеме – 28,5 сағат, жылдық жүктеме – 969 сағат, инварианттық жүктеме – 952 сағат, вариативтік жүктеме – 17 сағат;
- 7-сыныпта апталық оқу жүктеме – 31,5 сағат, жылдық жүктеме – 1071 сағат, инварианттық жүктеме – 1054 сағат, вариативтік жүктеме – 17 сағат;
- 8-сыныпта апталық оқу жүктеме – 32,5 сағат, жылдық жүктеме – 1105 сағат, инварианттық жүктеме – 1088 сағат, вариативтік жүктеме – 17 сағат;
- 9-сыныпта апталық оқу жүктеме – 34 сағат, жылдық жүктеме – 1156 сағат, инварианттық жүктеме – 1122 сағат, вариативтік жүктеме – 34 сағат;
- 10-сыныпта (жаратылыстану-математикалық бағыт) апталық оқу жүктеме – 35 сағат, жылдық жүктеме – 1190 сағат, инварианттық жүктеме – 1088 сағат, вариативтік жүктеме – 102 сағат;
- 11- сыныпта (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) апталық оқу жүктеме – 34 сағат, жылдық жүктеме – 1156 сағат, инварианттық жүктеме – 1054 сағат, вариативтік жүктеме – 102 сағатты құрайды.
ЖББ ҮОЖ-мен белгіленген сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесінің көлемі сәйкес келеді және сақталады.
Оқу жүктемесінің жалпы көлемі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген (2023 жылғы 5 сәуірдегі № 60 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар) «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық нормалары мен ережелеріне сәйкес келеді.
2024-2025 оқу жылы бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру деңгейіндегі сыныптардың апталық және жылдық оқу жүктемесі:
- 1-сыныптар (2 сынып комплект) апталық оқу жүктеме – 39 сағат, жылдық жүктеме – 1287 сағат, 2-сыныптар (2 сынып комплект) апталық оқу жүктеме – 48 сағат, жылдық жүктеме – 1632 сағат, 3-сыныпта (1 сынып комплект) апталық оқу жүктеме – 26 сағат, жылдық жүктеме – 884 сағат, 4-сыныпта (1 сынып комплект) апталық оқу жүктеме – 26 сағат, жылдық жүктеме – 884 сағат;
- 5- сыныпта апталық оқу жүктеме – 28,5 сағат, жылдық жүктеме – 969 сағат, инварианттық жүктеме – 952 сағат, вариативтік жүктеме – 17 сағат;
- 6-сыныпта апталық оқу жүктеме – 28,5 сағат, жылдық жүктеме – 969 сағат, инварианттық жүктеме – 952 сағат, вариативтік жүктеме – 17 сағат;
- 7-сыныпта апталық оқу жүктеме – 31,5 сағат, жылдық жүктеме – 1071 сағат, инварианттық жүктеме – 1054 сағат, вариативтік жүктеме – 17 сағат;
- 8-сыныпта апталық оқу жүктеме – 32,5 сағат, жылдық жүктеме – 1105 сағат, инварианттық жүктеме – 1088 сағат, вариативтік жүктеме – 17 сағат;
- 9-сыныпта апталық оқу жүктеме – 34 сағат, жылдық жүктеме – 1156 сағат, инварианттық жүктеме – 1122 сағат, вариативтік жүктеме – 34 сағат;
- 10-сыныпта (жаратылыстану-математикалық бағыт) апталық оқу жүктеме – 35 сағат, жылдық жүктеме – 1156 сағат, инварианттық жүктеме – 1054 сағат, вариативтік жүктеме – 102 сағат;
- 11- сыныпта (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) апталық оқу жүктеме – 34 сағат, жылдық жүктеме – 1190 сағат, инварианттық жүктеме – 1088 сағат, вариативтік жүктеме – 102 сағатты құрайды.
ЖББ ҮОЖ-мен белгіленген сыныптар бойынша апталық және жылдық оқу жүктемесінің көлемі сәйкес келеді және сақталады.
Оқу жүктемесінің жалпы көлемі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген (2023 жылғы 5 сәуірдегі № 60 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар) «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық нормалары мен ережелеріне сәйкес келеді.гор
2025-2026 оқу жылы бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру деңгейіндегі сыныптардың апталық және жылдық оқу жүктемесі:
- 1-сыныптар (2 сынып комплект) апталық оқу жүктеме – 39 сағат, жылдық жүктеме – 1287 сағат, 2-сыныпта (2 сынып комплект) апталық оқу жүктеме – 48 сағат, жылдық жүктеме – 1632 сағат, 3-сыныпта (2 сынып комплект) апталық оқу жүктеме – 52 сағат, жылдық жүктеме – 1768 сағат, 4-сыныпта (2 сынып комплект) апталық оқу жүктеме – 52 сағат, жылдық жүктеме – 1768 сағат;
- 5-ші сыныпта апталық оқу жүктеме – 28,5 сағат, жылдық жүктеме – 969 сағат, инварианттық жүктеме – 952 сағат, вариативтік жүктеме – 17 сағат;
- 6-сыныпта апталық оқу жүктеме – 28,5 сағат, жылдық жүктеме – 969 сағат, инварианттық жүктеме – 952 сағат, вариативтік жүктеме – 17 сағат;
- 7-сыныпта апталық оқу жүктеме – 31,5 сағат, жылдық жүктеме – 1071 сағат, инварианттық жүктеме – 1054 сағат, вариативтік жүктеме – 17 сағат;
- 8-сыныпта апталық оқу жүктеме – 32,5 сағат, жылдық жүктеме – 1105 сағат, инварианттық жүктеме – 1088 сағат, вариативтік жүктеме – 17 сағат;
- 9-сыныпта апталық оқу жүктеме – 34 сағат, жылдық жүктеме – 1156 сағат, инварианттық жүктеме – 1122 сағат, вариативтік жүктеме – 34 сағат;
- 10-сыныпта (жаратылыстану-математикалық бағыт) апталық оқу жүктеме – 34 сағат, жылдық жүктеме – 1190 сағат, инварианттық жүктеме – 1088 сағат, вариативтік жүктеме – 102 сағат;
- 11- сыныпта (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) апталық оқу жүктеме – 35 сағат, жылдық жүктеме – 1156 сағат, инварианттық жүктеме – 1054 сағат, вариативтік жүктеме – 102 сағатты құрайды.
- Сыныптарды топтарға бөлуге қойылатын талаптарды сақтау, оның ішінде инклюзивті білім беру шеңберінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып.
2023-2024 оқу жылы бастауыш білім беру деңгейінде 6 сынып-комплектісі жинақталды: 1-сынып – 2 сынып-комплектісі, 2-сынып – 2 сынып-комплектісі, 3-сынып – 1 сынып-комплектісі, 4-сынып – 1 сынып-комплектісі.
Негізгі орта білім беру деңгейінде 5 сынып-комплектісі жасақталды: 5 сынып – 1 комплект, 6 сынып – 1 комплект, 7 сынып – 1 комплект, 8 сынып – 1 комплект, 9 сынып – 1 комплект.
Жалпы орта білім беру деңгейінде 2 сынып-комплектісі жасақталды: 10 сыныпта – 1 комплект, қоғамдық-гуманитарлық бағытында оқыды; 11 сыныпта – 1 комплект, жаратылыстану-математикалық бағытта оқытылды. Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес, сыныптардағы білім алушылар саны 24-ке толмауына байланысты топқа бөліп оқыту жүзеге асырылмады.
2024-2025 оқу жылы бастауыш білім беру деңгейінде 7 сынып-комплектісі жинақталды: 1-сынып – 2 сынып-комплектісі, 2-сынып – 2 сынып-комплектісі, 3-сынып – 2 сынып-комплектісі, 4-сынып – 1 сынып-комплектісі.
Негізгі орта білім беру деңгейінде 5 сынып-комплектісі жасақталды: 5 сынып – 1 комплект, 6 сынып – 1 комплект, 7 сынып – 1 комплект, 8 сынып – 1 комплект, 9 сынып – 1 комплект.
Жалпы орта білім беру деңгейінде 2 сынып-комплектісі жасақталды: 10 сыныпта – 1 комплект, қоғамдық-гуманитарлық бағытында оқыды; 11 сыныпта – 1 комплект, жаратылыстану-математикалық бағытта оқытылды. Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес, сыныптардағы білім алушылар саны 24-ке толмауына байланысты топқа бөліп оқыту жүзеге асырылмады.
2025-2026 оқу жылы бастауыш білім беру деңгейінде 8 сынып-комплектісі жинақталды: 1-сынып – 2 сынып-комплектісі, 2-сынып – 2 сынып-комплектісі, 3-сынып – 2 сынып-комплектісі, 4-сынып – 2 сынып-комплектісі.
Негізгі орта білім беру деңгейінде 5 сынып-комплектісі жасақталды: 5 сынып – 1 комплект, 6 сынып – 1 комплект, 7 сынып – 1 комплект, 8 сынып – 1 комплект, 9 сынып – 1 комплект.
Жалпы орта білім беру деңгейінде 2 сынып-комплектісі жасақталды: 10 сыныпта – 1 комплект, жаратылыстану-математикалық бағытында оқыды; 11 сыныпта – 1 комплект, қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытылды. Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес, сыныптардағы білім алушылар саны 24-ке толмауына байланысты топқа бөліп оқыту жүзеге асырылмады.
Оқу мерзіміне өлшемшарттар:
- тиісті деңгейдегі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру мерзімдеріне қойылатын талаптарды сақтау;
2023-2024 оқу жылы. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №406 бұйрығы (2-қосымша, 5-тарау, 46-тармақшасы, 3-қосымша 5-тарау 62-тармақшасы, 4-қосымша 5- тарау 56-тармақшасы) негізінде мектепте оқу мерзіміне келесідей талаптар қойылған.
Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі – төрт жыл.
Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі – бес жыл.
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі – екі жыл.
2024-2025 оқу жылы. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №406 бұйрығы (2-қосымша, 5-тарау, 46-тармақшасы, 3-қосымша 5-тарау 62-тармақшасы, 4-қосымша 5- тарау 56-тармақшасы) негізінде мектепте оқу мерзіміне келесідей талаптар қойылған.
Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі – төрт жыл.
Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі – бес жыл.
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі – екі жыл.
2025-2026 оқу жылы. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы (2-қосымша, 5-тарау, 46-тармақшасы, 3-қосымша 5-тарау 62-тармақшасы, 4-қосымша 5- тарау 56-тармақшасы) негізінде мектепте оқу мерзіміне келесідей талаптар қойылған.
Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі – төрт жыл.
Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі – бес жыл.
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі – екі жыл.
- Cыныптар бойынша оқу жылының ұзақтығына және күнтізбелік жылдағы демалыс уақытының ұзақтығына қойылатын талаптарды сақтау.
2023-2024 оқу жылы: «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 304 бұйрығы, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 580 «Орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы» бұйрығы, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жітіқара ауданының орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы» 2023 жылғы 6 қазандағы №235 бұйрығы, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі 2023-2024 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы №66 бұйрығымен белгіленді.
2024-2025 оқу жылы: «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 304 бұйрығы, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 580 «Орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы» бұйрығы, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жітіқара ауданының орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы» 2023 жылғы 6 қазандағы №235 бұйрығы, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі 2024-2025 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы №66 бұйрығымен белгіленді.
2025-2026 оқу жылы: «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 12 тамыз № 363 бұйрығы, «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2022 жылғы 22 тамыздағы № 406 «Орта білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» бұйрығы, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жітіқара ауданының орта білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» 2025 жылғы 25 тамыздағы №178 бұйрығы, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылы 2 қыркүйектегі 2025-2026 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы № 37 бұйрығымен белгіленді.
Мектепте 2025-2026 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникул кезеңдерінің мынадай мерзімдері анықталды:
- 2025-2026 оқу жылының басталуы – 2022 жылғы 2 қыркүйек;
- 1-сыныптарда 33 оқу аптасы, 2-11 сыныптарда – 34 оқу аптасы.
- Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері: 1-11 сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2025 жылғы 27 қазан – 2 қараша аралығында), қысқы каникул – 9 күн (2025 жылдың 29 желтоқсан мен 2026 жылғы 7 қаңтар аралығында), мектепалды сыныбы мен 1-сынып білім алушылары үшін 2026 жылғы 9-13 ақпан аралығында қосымша демалыс, көктемгі каникул – 9 күн (2026 жылғы 19-29 наурыз аралығында).
5-бөлім. Оқу-материалдық активтер
- Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білім беру мазмүнына өлшемшарттар:
Негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сақтау (білім беру ұйымының басшысымен қолы қойылған, мөрмен бекітілген Әдістемелік нұсқаулықтың 9,10,11 қосымшалары қоса берілген.)
Ғимарат туралы мәлімет (ғимарат типі, салынған жыл, жобалық қуаты, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарға қажеттілік және т.б.)
Мектеп ғимараты 1973 жылы салынған қабатты типтік ғимаратта орналасқан. Мектеп ғимаратының жобалық сыйымдылығы 280 оқушыға арналған.
Мектеп келесі ғимараттардан тұрады: мектеп ғимараты темір бетон панелінен салынған, 2 қабатты (оқу корпусы), жалпы ауданы – 3454 ш.м. Жалпы мектеп күрделі жөндеу жұмыстары қажеттілік етеді.
Медициналық қызмет Қостанай облысының әкімдігі, Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасының 2019 жылдың 26 қазанында берілген №19023094 лицензиясы негізінде:
- Балаларға мына мамандықтар бойынша консультициялық-диагностикалық медициналық көмек:
- жалпы педиатрия;
- алғашқы медициналық санитарлық көмек;
- дәрігерге дейінгі қызмет атқарылады.
Мектеп медициналық көмек көрсету мақсатында: медициналық кабинеті – 21,3 ш.м., процедуралық – 7,9 ш.м., кабинеттері жұмыс жасайды. Кабинет талапқа сай қажетті құралдармен жабдықталған.
Медициналық қызметті: 1 маедбике атқарады.
Білім алушыларды тамақтандыруға арналған 50 орындық, жалпы ауданы – 150,8 ш.м. асханада жүзеге асырылады. Асханада: ас залы – 65,24 ш.м Асханада білім алушылары 2 мезгіл тамақтанады.
Асханада 1 бас аспаз, 1 аспаз көмекшісі қызметкерлері шататтық кестеге сәйкес қызмет жасайды.
Мектеп кітапханасы мектеп ғимаратының бірінші қабатында орналасқан, абонемент және оқу залы біріктірілген. Жалпы ауданы 35,0 ш.м. құрайды. Кітапханаға қоса кітап сақтау қоймалары 19,8 ш.м. берілген.
Мектеп территориясында 2880 ш.м. құрайтын футбол алаңы бар.
Мектепте жұмыс және әкімшілік кабинеттер қарастырылған. Әкімшілік кабинеттер: қабылдау бөлмесі – 13,4 ш.м, директордың кабинеті – 17,8 ш.м., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – 15,9 ш.м., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – 33,9 ш.м., шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары – 5,5 ш.м., психолог кабинеті – 17,1 ш.м., есепші кабинеті – 19,2 ш.м., кадрлық инспектордың кабинеті – 8,2 ш.м, конференц зал – 13,4 ш.м., мұражай – 61,5.
Мектепте барлығы 14 оқу кабинеті бар, оның ішінде: 1 қазақ тілі және әдебиеті, 1 математика, 1 орыс тілі, 1 ағылшын тілі, 1 тарих, 1 Жас сарбаз, 1 биология, 1 физика кабинеті, 1 спорт залы, 1 ұл балаларға және 1 қыз балаларға арналған технология кабинеттері сонымен қатар 1 информатика кабинеті, зертханалар бар, бастауыш сыныптарда 3 оқу кабинеті ажыратылған, оның жалпы ауданы – 773,7 ш.м. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығына (әрі қарай-Санитарлық қағидалар) сәйкес бір білім алушыға шаққанда 2,5 ш.м. құрайды.
Оқыту сыныптық-кабинеттік жүйеде жүзеге асырылады. Кабинеттердегі жиҺаздар санитарлық қағидаларға сәйкес жабдықталған.
Мектептегі оқу кабинеттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» № 70 бұйрығына сәйкес жабдықталған.
Мәжіліс залы – 113,4 ш.м. Секциялық/театрлық кресло – 1 жиын (40 орындық), дәріскер трибунасы – 1 дана, ноутбук – 1 дана, сахна – 1 дана, өлшемдеріне сәйкес қазақша сахна киімі – 15 жиын, өзбекше сахна киімі – 5 жиын, жылжымалы шымылдық – 1 жиын, проектор / интерактивті экран – 1 дана, акт залы мен төралқа үстеліне арналған дыбыс жабдығы – 2 жиын, сымсыз технологиялары бар музыкалық орталық – 1 дана, 4 микрофонға арналған радио микрофондық жүйе – 1 жиынтық, дыбыс/жарық операторының жұмыс орны – 1 жиын, кондиционер – 1 дана;
Кітапхана – 35,0 ш.м. кітапханалық көрме сөресі – 8 дана, журнал үстелі – 1 дана, бір орынды компьютерлік үстел – 1 дана, бір орынды оқырман үстелі – 4 дана, оқырман орындығы – 12 дана, мерзімді басылымдарға арналған кітапхана сөресі – 1 дана, акустикалық жүйе – 1 дана, интерактивті проектор жиынтығы – 1 жиынты, маршрутизатор – 1 дана, көп функционалды құрылғы (көшіргіш/принтер/сканер) қара-ақ – 1 дана, интернетке қолжетімділігі бар дербес компьютер – 1 жиын, кітаптарды жөндеуге арналған құралдар мен материалдар – 1 жиын, қабырға картиналары – 4 дана, кітапхана қоры: оқу – 13957, анықтама – 55, көркем әдебиет және басылымдар – 6903.
Өткізу пункті – 1 дана, турникет – 1 дана; санитариялық тораптар – 4 дана унитаздар – 13 дана, , жуу раковиналары – 11 дана (МТҚ 9-қосымша).
Санитарлық торап (унитаз – 1 дана, жуу раковиналар – 1 дана), пандус, шақыру батырмасы, баспалдақтағы бірінші және соңғы сатылардың қарама-қарсы бояуы, бедерлі токтильді жолдар бар (МТҚ 9-қосымша).
Мектепте 22 бейнекамера бар, соның ішінде 8 сыртқы, 14 ішкі (МТҚ 9-қосымша).
Мектеп аумағы қоршалған және аумақ периметрі бойынша бейнебақылау камералары орнатылған. Барлық бейнекамералар 2023 жылы жасалған №40 келісім шарт негізінде жедел басқару орталығына қосылған.
Келісім шарты негізінде 2023 жылы 01.17 жасалған №7 келісім шарт негізінде «ТехСпецСЕВ» ЖК бейне бақылау камера қызметін жүзеге асырады.
Ғимаратта автоматтандырылған өрт дабылқағыш орнатылған, өрт сөндіргіш құралдармен жабдықталған, 2023 жылы 01.23 жасалған №9 келісім шарт негізінде «МСБ ПРОФИТ» ЖШС қызметін жүзеге асырады.
«ҚР ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жітіқара ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі республикалық»ММ-ң 2024 жылдың 02.04 №25 тексеріс актісі, «ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Жітіқара аудандық коғамдық денсаулық сақтау басқармасы» 2022 жылдың 02.01 №3 тексеріс актісі
Дабыл батырмасы орнатылған, 2023 жылы 01.26 жасалған №20 келісім шарт негізінде "Радиус" ЖШС қызметін жүзеге асырады.
Мектеп Интернет желісіне қосылған 55 компьютерлік техникамен жабдықталған. Компьютерлік техника саны – 110, соның ішінде 11 жарамсыз. Мектепте 1 компьютерге 2 оқушыдан келеді. Мектеп "Қазақтелеком" АҚ-мен келісімшартпен кең жолақты Интернетке екі нүктеден қосылған. Бірінші нүкте Интернет жылдамдығы 50 Мбит/с болатын Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі (ЕШДИ) арқылы интернет желісіне қол жеткізу қызметі қосылған. Екінші нүкте 50 Мбит/с жылдамдық Интернетпен қосылған. Мектепте Wi-FI сымсыз технологиясы 3 нүктеде орнатылған. Білім беру процесінде Bilimland.kz сандық білім беру ресурсы белсенді пайдаланылады. 2020 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Bilimland.kz сандық білім беру ресурсының қосымша OnlineMektep.org платформасы қолданылып келеді. Ресурстарға қол жеткізу барлық педагогикалық ұжымға, барлық білім алушыларға жеке логин мен пароль арқылы қамтамасыз етіледі.
Мектепті басқару бөлімінің кабинеттері келесі жабдықтармен жабдықталған: директор – 1 компьютер жиыны, 1 МФУ, 1 түрлі-түсті принтер; қабылдау бөлімі – 1 компьютер жиыны, 1 МФУ; директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары – 1 компьютер жиыны, 1 МФУ; директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – 1 компьютер жиыны, 1 МФУ; интернат меңгерушісі – 1 компьютер жиыны, 1 МФУ; әлеуметтік педагог 1 компьютерлік жиын, 1 МФУ, 1 принтер; психолог кабинеті – 1 компьютер жиыны, 1 принтер; бухгалтерия – 1 компьютерлік жиын, 1 МФУ.
Мектептің электрондық поштасы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. .
Мектептің ресми интернет-ресурсы болып табылатын мектеп сайтының адресі ful.kz үшінші деңгейлі домендік атаумен жұмыс жасайды, сайттың адресі https://school2-zhit.edu.kz/. Сонымен қатар мектепті ақпараттандыру әлеуметтік желілерде жүзеге асады. Instagram желісіндегі парақша https://www.instagram.com/musa_shojanov_mektebi.jit, Фейсбук желісіндегі парақша https://www.facebook.com/share/ZZ1nMPj3BnWnHBAh/?mibextid=NoJtEM.
Мектепте ағымдағы оқу жылына бекітілген ақпараттандыру жоспарына сәйкес бірқатар міндеттер іске асырылады: "Bilimclass" ААЖ, ҰББДҚ қолжетімділігін, дұрыстығын және уақытылы толтырылуына мониторинг жасап отыру, білім беру процесінде техникалық құралдар мен ақпараттық жүйелерді пайдалану бойынша консультациялық қолдау, білім беру процесінде АКТ қолдану бойынша оқыту семинарлары, педагогикалық ұжымды ақпараттық қауіпсіздік саясатымен таныстыру, т.с.с.
6-бөлім. Ақпараттық ресурстар және кітапханалық қор
Оқу және көркем әдебиеттің кітапхана қорынын болуы туралы мәлімет:
Мектеп кітапханасы – оқу-тәрбие процесін оқу және көркем әдебиетпен қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімше, сонымен қатар білім, рухани және зияткерлік қарым-қатынас пен мәдениетті тарату орталығы. Кітапхана өз қызметін мектеп дамуының негізгі бағыттарына, оның әдістемелік тақырыбына, оқу-тәрбиелік мақсаттарына сәйкес жүзеге асырады.
Кітапхана мектеп ғимаратының бірінші қабатында орналасқан. Оқу залына бейімделген ауданы – 35 ш. м. бөлме, ауданы – 12 ш. м. оқу қорын сақтауға арналған кітап қоймасы.Оқу залы абонементпен біріктіріліп, 12 орынға есептелген. Мектеп кітапханасының төлқұжаты, пайдалану ережесі, жұмыс жоспары және кестесі бар. Бухгалтерлік есеп пен есеп беру мектеп кітапханаларының жұмысын ұйымдастыру бойынша нұсқаулық-әдістемелік ұсыныстар нысандарына сәйкес жүзеге асырылады.
Кітапхана ағаш сөрелермен, 4 дана үстелдермен, 12 дана жұмсақ орындықтармен,пуфиктармен. Кітапханада 1 компьютер, 1 принтер, интерактивті панель және проектор бар.
Кітапханада бір қызметкер – Мукатова Орынгуль Алимжановна жұмыс істейді. Білімі арнайы- орта, жұмыс өтілі 30 жылдан астам. Кітапхананың жұмыс уақыты 9.00-ден 13.00-ға дейін.
Кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппараты картотекадан тұрады: «Мерзімді басылымдар», ұсынылатын әдебиеттер тізімдері, жадынамалар, буклеттер, тақырыптық папкалар.
Кітап қоры, оқырмандар саны, келу, кітапты несиелендіру сияқты көрсеткіштердің өсу динамикасын төмендегі кестеден көруге болады:
|
Негізгі көрсеткіштерді салыстыру кестесі |
||||
|
Оқу жылы |
Кітап қоры |
Оқырмандар саны |
Келушілер саны |
Кітап беру саны |
|
2025-2026 |
16725 |
90 |
810 |
1620 |
|
2024-2025 |
16007 |
110 |
990 |
2090 |
|
2023-2024 |
13957 |
140 |
1260 |
2660 |
|
Негізгі салыстырмалы көрсеткіштерді салыстыру кестесі |
||||
|
Оқу жылы |
Келушілер |
Кітаппен қамтамасыз ету |
Айналым |
Оқылым |
|
2025-2026 |
9 |
35 |
1,9 |
20 |
|
2024-2025 |
9 |
32 |
1.8 |
19 |
|
2023-2024 |
9 |
29 |
1,6 |
19 |
Жалпы, кітапханада 1-11 сынып оқулықтарының бар. барлық оқулықтар жаңа буынды және Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 2024-2025 оқу жылына арналған бекітілген тізіміне сәйкес келеді. Оның ішінде қаржыландыру цикліне сәйкес 4,9-сынып оқулықтары – 2019 жылғы басылым, 2025 жылғы басылым, 3,6,8-сыныптар – 2018 ж.басылымдар, 5 сынып - 2017 басылым, 7 сынып – 2025 басылым, 1 сынып - 2021 басылым, 2 сынып 2022 басылым. Шығарылған оқулықтар «Оқулықтарды беруді есепке алу кітабында» және сыныптар бойынша оқулықтарды беру ведомостарында есепке алынады. 1-11 сынып оқушыларының оқулықтармен қамтамасыз етілуі 100 пайызды құрайды.
Кітапхананың негізгі қорында 6958 дана, негізінен мемлекеттік тілде. 2023 жылы 206359,00 теңге сомаға 130 дана көркем әдебиет түсім болды.
Мектепте оқушылар контингенті оқулықтармен жұмыс оқу жоспарындағы пәндер бойынша толығымен жасақталған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы «Мемлекеттік мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» № 44 бұйрығына сәйкес, мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханаларына түсетін әр жыл сайынғы жаңа түсімдер көлемі жалпы кітапхана қорынан 3 пайыздан төмен болмауы керек. 2023-2024 жылы кітапхана қорына 1273 дана жаңа кітап түсімі болды, ол жалпы кітапхана қорының (13957) тек 9,1 % құрайды.
Жыл сайын облыстық және республикалық маңызы бар «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Білімді ел», «Ана тілі», «Қазақстан кәсіподағы», «Қазақстан мұғалімі», «Костанайские новости», «Қостанай таңы», «Учительская плюс» мерзімді басылымдарға жазылу жыл сайын жүргізіледі.
Қорды орналастыру ЛБК бойынша жүзеге асырылады, бастауыш мектептер үшін – тақырыптық. Оқу әдебиеттері сыныптар бойынша кітап қоймасына бөлек қойылады. Оқу әдебиеттері сыныптар бойынша реттеледі.
2021-2025 жылдарға арналған «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту жоспары негізінде жоспар жасақталып, сол жоспар негізінде мектеп кітапханасында төмендегідей іс-шаралар ұйымдастырылуда.
МАҚСАТЫ:
Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, кітап оқуға ынтасын арттыру, көпшілік алдында өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға ықпал ету; Кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру; Оқушыларға әдеби кітаптарды насихаттау арқылы олардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында көптеген шара қолға алынды, іс-шаралар үздіксіз жүргізіліп, жоба бағыттары жүзеге асырылуда.
«Оқуға құштар мектеп » жобасын іске асыру аясында мектеп кітапханасында жоспар құрылып,соған сәйкес іс- шаралар ұйымдастырылады.
«Кітапхана үйіне есік ашық» тақырыбында бастауыш сынып оқушыларына арналған саяхат ұйымдастырылды.
Күзгі демалыста «Күзде біз жалықпаймыз – кітап оқимыз» атты жоспар құрылып « Кітап оқыған адам – табысты адам » атты 20 минут қашықтықтан кітап оқу челенджін өткізді.
Күзгі демалыста «Күзде біз жалықпаймыз – кітап оқимыз» атты жоспар құрылып «Әже ертегі оқып берші» дауыстап оқу өтті.
Қысқы демалыс кезінде жоспар бойынша « Мен,кітап және жаңа жылдың белгісі » фото суреттерден фотоколлаж челленджі ұйымдастырылды.
Қысқы демалыс кезінде жоспар бойынша бастауыш сынып оқушыларымен « Мен оқыған ертегі » парасаттылық туралы тақырыптарда әңгімелесу айдары өтті.
"Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз!" акциясы шеңберінде қысқы каникулда Қазақстан Республикасы бойынша сыныптарға ұсынылған кітаптар тізімі.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІV отырысында жариялаған тапсырмасын іске асыру мақсатымен, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі 2023 жылдың 28 ақпан күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Менің сүйікті кітабым» атты республикалық челленджін өткізді.
Челлендж талабына сай Қостанай облысы Қызылорда облысынан ақын Қасым Аманжоловтың «Туған жер», «Дариға, сол қыз» атты өлеңдер жинағын оқуға қабылдап алды.
«Қиял ғажап әлемі» үзіліс кезінде кітап оқу
Көктемгі демалыс кезінде «Көктемде кітап оқимыз» атты іс шаралар жоспары бойынша « Отбасылық кітап оқу дәстүрі» отбасылық челленджі
Көктемгі демалыс кезінде «Көктемде кітап оқимыз» атты іс шаралар жоспары бойынша «Кітап менің досым» атты кітапханалық сабақ өтті.
Көктемгі демалыс кезінде «Көктемде кітап оқимыз» атты іс шаралар жоспары бойынша «Жақсы кітап – жан азығы» оқырмандар бұрышын ұйымдастырылды.
«Жан-шуағым өзіңсің, Анажаным!» тақырыбымен кітап көрмесі.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
оқушылары жазғы каникул қарсаңында «Мамыр – Ынтымақ айы» айлығы аясында оқушыларға арналған «Демалыста кітап оқимыз» республикалық буккроссингіне қатысты.
Буккроссингтің мақсаты: еліміз бойынша барлық мектеп оқушыларын кітап оқуға шақыру, кітап ұсынымдарымен бөлісу және жаңа әдебиеттерді ашу.
Буккроссингке Қазақстан Республикасының барлық мектептерінің 1-11 сынып оқушылары қатыса алады.
Буккроссингтің міндеті: қазақстандық оқушыларды акцияға қатысуға тарту арқылы олардың оқу белсенділігін арттыру.
Буккроссингтің мәні - жазғы демалыста кітап оқу. Акцияның әрбір қатысушысы акцияның басқа қатысушыларының кеңесіне сүйене отырып, алдын ала белгіленген тізім бойынша кітаптарды оқи алады немесе кітаптар тізімін жасай алады.
23 сәуір –Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні. «Кітапты құрметтеик» "Әлемнің сегізінші кереметі" Викторина.
Осы күнге байланысты «Кітап — алтын қазына» атты кітап көрмесі дайындалды. Көрмеге кітапсүйер қауымды қорға келіп түскен жаңа басылымдармен таныстыру мақсатында түрлі саладағы әдебиеттер қойылды. Кітап туралы мақал-мәтелдерді жалғастыру. Осы арқылы оқушылар кітапқа деген сүйіспеншіліктерін, құрметтерін білдірді.
Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына арналған «Ауғаныстан – мәңгі есте » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мұғалімдермен «Кітаппен көрмес жарқылы» іс-шара. Оқыған кітапты ұсынуға.
Мұғалімдер«Кітаппен көрмес жарқылы» атты соңғы шараны жалғастыруға шақырамын. дайындалып келініз.
«Үнемі окитын адам – табысты адам» мектеп ұжымымен кездесу. (Оқуға құштар мектеп)
«ЗҰЛМАТ ЖЫЛДАР ЗАРДАБЫ» кітап көрмесі
Қазақстанда 1997 жылдан бері жыл сайын 31 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді.
Көрмеге ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, жаппай жазалаудың сол бір қиын қыстау кезеңдегі тағдырлары тәлкекке түскен саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы «Алаштың ардағы», «Алаш қозғалысы» атты әдебиеттер және Алаш партиясының қатарында болған А.Байтұрсынов, М.Дулатов, X.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, т.б. ұлт зиялыларының шығармалары қойылды.
Оқушыларымызға көрмемен бейнематериал арқылы танысып, шолу жасауға мүмкіндіктері бар.
Өзіне ұнаған әдеби кітапты ұсыныс.
Әдеби кітаптармен қысқы демалысты қызықты да пайдалы өткізу #оқуғақұштармектеп
Қысқы демалыс уақытында өздері таңдаған әдеби кiтаптарын оқуда. «Кітаппен көрмес арқылы»
Ақын жазушылардың мерейтойына байланысты кітап көрмелері.
- А.Байтұрсынұлының туған күніне арналған «Тіл тазалығы»
- Шығыс мұсылмандарының рухани тәлімгері және діни жетекшісі, ақын, ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл
- Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі, жазушы, драматург Жазушы Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл
- Қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Спандияр Көбеевтің туғанына 145 жыл
- Алаш жұртының әйгілі перзенті, көрнекті қазақ ақындарының бірі, фольклоршы, ғұлама ғалым Мәшһүр - Жүсіп Көпеевтің туғанына 165 жыл
- Ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл
- Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл
- Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл
- Қазақ халқының XX ғасыр басындағы аса көрнекті ақын-жазушысы, ақыл-ойшысы, демократ ақыны Торайғыровтың туғанына 130 жыл
- Ақын, жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл
- Жазушы К.Тоқаевқа 100 жыл
Қыркүйек айында 1 – 4 сыныптар арасында Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын насихаттау мақсатында бастауыш сынып оқушыларымен «Кел балалар оқылық!» тақырыбында кітапханаға саяхат, ертегі оқу шарасы өтті.
Шыншыл, реалист ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына орай «Асқақ арманды ақын» атты шығармашылығына шолу 8 сыныптар арасында өткізілді.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында тақырыбы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл «Мен жастарға сенемін» атты аудандық челлендж өтті.
«Абай дана, Абай дара қазақта» атты ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу өтті.
«Қазақтың Хан тәңірісі – Мұқағали Мақатаев» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Жүсіпбек Аймауытовтың туған күніне арнап, «Азаттық аңсаған Алаш арысы» атты шығармаларын оқу сағаты өткізілді.
Мұқағали Мақатаевтың «Мұқағали мұрасы – қазақтың қазынасы» атты дауыстап оқу іс - шарасы өткізілді.
Үш жүздің биі Толе бидің 360 жылдығына орай « Бабалар мұрасы- ұрпақ қазынасы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қысқы демалыс кезінде жоспар бойынша « Үнемі оқитын адам – табысты адам» оқырмандармен оқыған кітаптарды талқылау, ұсыну іс – шарасы өтті.
Оқуға құштар мектеп жобасы аясында «Қазақ поэзиясының сұлу сарайы» Ілияс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығына шолу өтті.
Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі ақын, драмашы, прозашы Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына орай 9-сынып оқушылары арасында өткізілді.
Оқырмандарының назарына кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қазақ ақыны, ойшыл, аудармашы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жыл толуына орай, артына қалдырған мол мұраларын ұрпақ жадында жаңғырту, шығармаларын дәріптеу, қазақ поэзиясына қосқан үлесі туралы әңгімелеу мақсатында «Шәкәрім ақын шалқарынан» танымдық сағаты өтті.
Көрмеге Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы мен өмірбаянына қатысты әдебиеттер мен мерзімді басылымдар қойылып, шолу жасалды.
6-сынып оқушылары ақынның философиялық өлеңдеріне аса назар аударып, қызығушылық танытты.
Қасым Қайсенов — Қазақстанның Халық Қаһарманы, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті.
Қ. Қайсенов артына қалдырған мол мұраларын ұрпақ жадында жаңғырту, шығармаларын дәріптеу мақсатында «Қасым – өмірлік ерлік» атты оқырмандарының назарына кітап көрмесі ұйымдастырылды.
"Жақсы кітап - ақылдың кені, кісіліктің кілті" демекші мектеп оқырмандарын әдеби кітаптарды оқуға шақырамыз.
Алдағы уақытта «Оқуға құштар мектеп» жобасы кітапқұмар, рухы биік ұлт деген мәртебелі атымызды жаңғыртуға септігін тигізетін игі бастама екеніне сенімім мол..
Фойеде «Қазақстанның ашық кітапханасы» стендінен ұялы телефон камерасы арқылы QR коды сканерлеп, кітапты оқу немесе тыңдау арқылы таңдалған шығармалармен танысады.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасында тұрақты түрде жоспардан бөлек «Еркін оқу кеңістігі» (20 минут оқыда, 3-минут эссе жаз), «Кітаппен өткен демалыс күнім қызықты» марафон, «Оқы және өзгеге сыйла» Bookcrossing, «Кітап оқу арқылы өзін-өзі дамыту» (Бір сынып-бір кітап), «Мектепке кітап сыйла» акциясы бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ұйымдастырылған іс шараның барлығы әлеуметтік желілердегі парақшаларға жариялануда.
Алдағы уақытта да «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жоспар бойынша жұмыстар жалғасын табады.
7-бөлім. Білім алушылардың білімін бағалау
Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын өлшемшарттар:
- ЖП үлгілік оқу бағдарламалары мен МЖМБС талаптарына сәйкес тиісті білім беру деңгейінің әрбір білім беру саласы (және оқу пәндері) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейі (оқытудың күтілетін нәтижелер) (негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейінде оқу курсы үшін емтихан хаттамалары қоса беріледі).
Білім сапасы мен үлгерімі
|
№ |
Оқу жылы |
Жалпы саны |
Білім сапасы |
1-4 сынып |
5-9 сынып |
10-11 сынып |
Үлгерім |
|
1 |
2023-2024 |
209 |
64,2 % |
64,5 % |
56,5 % |
75,9 % |
100 % |
|
2 |
2024-2025 |
210 |
67,2 % |
71,6 % |
63 % |
64 % |
100 % |
|
3 |
2025-2026 |
207 |
65,9 % |
70,6% |
61,8 % |
61,1 % |
100 % |
2023-2024 оқу жылы білім сапасы 4,6 %-ға артты, яғни білім сапасы оқу жылының аяғында – 64,2 % құрады. Оқу үлгерімі – 100 %. Білім беру деңгейлері бойынша 2022-2023 оқу жылымен салыстыратын болсақ, бастауыш білім беру деңгейінде, негізгі орта білім деңгейінде өзгеріс байқалмайды, 10-11 сыныптарда 16,3% артқан.
2024-2025 оқу жылы білім сапасы 3 %-ға артты, яғни білім сапасы оқу жылының аяғында – 67,2 % құрады. Оқу үлгерімі – 100 %. Білім беру деңгейлері бойынша 2023-2024 оқу жылымен салыстыратын болсақ, барлық деңгейлер бойынша артақаны байқалады.
2025-2026 оқу жылы оушылардың білім сапасы -1,3 %-ға кеміді, яғни білім сапасы оқу жылының аяғында – 65,9 % құрады. Оқу үлгерімі – 100 %. Білім беру деңгейлері бойынша 2024-2025 оқу жылымен салыстыратын болсақ, бастауыш білім беру деңгейінде 1 % төмендеген, негізгі орта білім деңгейінде 1,2 %, 10-11 сыныптарда 2,9 % төмендеген.
Білім сапасы (пәндер бойынша): негізгі орта, жалпы орта деңгейлер (2023-2024; 2024-2025; 2025-2026) оқу жылдарындағы білім сапасы көрсеткіштері бойынша есеп).
Оқушылардың 3 жылдағы пән бойынша білім сапасы
|
Пән |
2024 ж |
2025ж |
2026 ж |
|
Қазақ тілі |
72,6 |
74,4% |
73,4 % |
|
Қазақ әдебиеті |
73,7 % |
75,6% |
72,3 % |
|
Орыс тілі мен әдебиеті |
70,9 % |
74,4% |
73,4 % |
|
Ағылшын тілі |
73,7 % |
77,7% |
73,4 % |
|
Математика |
76,2% |
74,7% |
75,83 % |
|
Алгебра |
66,2% |
65,2% |
61 % |
|
Геометрия |
70,3 % |
66,67% |
66,1 % |
|
Информатика |
100 % |
100% |
93,6 % |
|
Жаратылыстану |
72,4 % |
76,5% |
80 % |
|
Дүниетану |
78,5% |
78,4% |
80 % |
|
География |
74,3% |
68,1% |
71,2 % |
|
Биология |
67,6% |
65,2% |
66,1 % |
|
Физика |
62,2% |
65,2% |
61 % |
|
Химия |
68,9 % |
62,2% |
67,8 % |
|
Дүниежүзі тарихы |
66,7 % |
70,7% |
65,95 % |
|
Қазақстан тарихы |
66,7 % |
70,7% |
65,95 % |
|
Құқық негіздері |
79,6 % |
77,5% |
76,7 % |
Соңғы үш оқу жылдың пәндері бойынша білім сапасын салыстыру негізінде мынадай қорытынды жасалды:
- Үш жыл бойы білім сапасының тұрақты төмендеу үрдісі нақты ғылымдар, яғни алгебра және геометрия пәндерінен байқалады. Бұл пәндерде соңғы үш жылда ешқандай оң динамика тіркелмеген. Математика, жаратылыстану және дүниетану пәндерінен басқа барлық пәндер арасында соңғы үш оқу жылымен салыстырғанда білім сапасы көрсеткішінің тұрақсыз екені байқалады. Бұл пәндердегі көрсеткіштер бір жылда көтерілсе, келесі жылы қайта төмендеп, бірқалыпты жүйені көрсетпей отыр.Жаратылыстану және дүниетану пәндерінен тұрақты әрі қалыпты өсу динамикасы байқалады. Жаратылыстану пәні 72,4%-дан 80%-ға дейін, ал Дүниетану пәні 78,5%-дан 80%-ға дейін көтеріліп, соңғы үш жылда өз нәтижелерін үздіксіз жақсартқан. Сондай-ақ информатика пәні алғашқы екі жылда 100%-дық абсолютті көрсеткішті ұстап, қалыпты жоғары деңгейін дәлелдеді.
9, 11-сыныптардың пәндер бойынша білім сапасы
|
9-сынып |
|||
|
Пәні |
2023-2024 о.ж. |
2024-2025 о.ж. |
2025-2026 о.ж. |
|
Қазақ тілі |
65 % |
68,9% |
70 % |
|
Қазақ әдебиеті |
65 % |
68,9% |
66,6 % |
|
Орыс тілі мен әдебиеті |
70 % |
82,2% |
75 % |
|
Ағылшын тілі |
75 % |
76,6% |
66,6 % |
|
Алгебра |
60% |
65,5% |
58,3 % |
|
Геометрия |
60 % |
65,5% |
58,3 % |
|
Информатика |
100 % |
100% |
100 % |
|
География |
75 % |
67,8% |
66,6 % |
|
Биология |
70 % |
62,2% |
58,3 % |
|
Физика |
50 % |
65,5% |
50 % |
|
Химия |
65% |
65,5% |
83,3 % |
|
Қазақстан тарихы |
60 % |
71,1% |
58,3 % |
|
Дүниежүзі тарихы |
60 % |
71,1% |
58,3 % |
|
Құқық негіздері |
70% |
76,6% |
75 % |
2023-2026 оқу жылдары 9-сыныптың негізгі пәндер бойынша білім сапасына тоқталсақ: 2023–2026 оқу жылдарындағы 9-сыныптың білім сапасын талдау барысында информатика пәнінің үш жыл бойы тұрақты түрде 100%-дық жоғары нәтижені көрсетіп, абсолютті көшбасшы болғаны, сондай-ақ қазақ тілі мен химия пәндерінде жүйелі оң өсім тіркеліп, химияның соңғы жылы 83,3%-ға дейін айтарлықтай көтерілгені анықталды. Алайда, география және биология пәндерінен көрсеткіштердің жыл сайын кезең-кезеңмен төмендеу үрдісі байқалса, алгебра, геометрия, физика (ең төменгі 50% деңгейінде), тарих және қалған тілдік пәндердің басым көпшілігінде тұрақсыздық байқалады — бұл пәндер 2024-2025 оқу жылында серпінді өсім көрсеткенімен, соңғы 2025-2026 оқу жылында қайтадан айтарлықтай төмендеу көрсеткіштерін тіркеді.
|
11-сынып |
|||
|
Пәні |
2023-2024 о.ж. |
2024-2025 о.ж. |
2025-2026 о.ж. |
|
Қазақ тілі |
72,6 % |
86,7% |
75 % |
|
Қазақ әдебиеті |
73,7% |
86,7% |
62,5 % |
|
Орыс тілі мен әдебиеті |
78,6 % |
86,7% |
75 % |
|
Ағылшын тілі |
73,7 % |
93,3% |
50 % |
|
Алгебра |
66,2 % |
86,7% |
50 % |
|
Геометрия |
70,3 % |
86,7% |
75 % |
|
Информатика |
100 % |
100% |
100% |
|
География |
74,3 % |
86,7% |
75 % |
|
Биология |
67,6 % |
86,7% |
50 % |
|
Физика |
62,2 % |
86,7% |
50 % |
|
Химия |
68,9 % |
86,7% |
50 % |
|
Қазақстан тарихы |
66,7 % |
86,7% |
50 % |
|
Дүниежүзі тарихы |
66,7 % |
86,7% |
50 % |
|
Құқық негіздері |
79,6 % |
86,7% |
75 % |
2023-2026 оқу жылдары 11-сыныптың негізгі пәндер бойынша білім сапасына тоқталсақ: 2023–2026 оқу жылдарындағы 11-сыныптың білім сапасын талдау барысында информатика пәні үш жыл бойы үзіліссіз 100%-дық көрсеткішті сақтап, абсолютті тұрақтылық танытқаны анықталды. Алайда, қалған барлық пәндерде айқын тұрақсыздық пен күрт ауытқу динамикасы байқалады: оқу жоспарындағы барлық негізгі пәндер 2024-2025 оқу жылында ерекше серпінмен өсіп (көпшілігі 86,7% деңгейіне, ал ағылшын тілі 93,3%-ға дейін), ең жоғары көрсеткіштерін көрсеткенімен, соңғы 2025-2026 оқу жылында барлық бағытта айтарлықтай құлдырау тіркелді. Әсіресе ағылшын тілі, алгебра, биология, физика, химия, Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы пәндерінің білім сапасы соңғы жылы ең төменгі сыни деңгейге — 50%-ға дейін күрт төмендеп кетті, ал қазақ әдебиеті үш жылдық тарихындағы ең төменгі нүктесіне түсті.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау нәтижелері. (Негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейінде оқу курсы үшін емтихан хаттамалары қоса беріледі)
2023-2024 оқу жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «2023-2024 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы» 04.10.2023 ж. №304 бұйрығы, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 15 мамырдағы № 132 бұйрығы, Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің 2024 жылғы 17 мамырдағы №26 бұйрығы негізінде білім алушылардың қорытынды аттестаттауын өткізу мынадай тәртіпте белгіленді:
- 9 сыныпта білім алушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2024 жылғы 29 мамырдан бастап 10 маусым аралығында.
- 11 сыныпта білім алушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2024 жылғы 28 мамырдан бастап 11 маусым аралығында.
- 5-8, 10-сыныптарда қазақ тілінен аралық емтихан:
- 5,6,7-сыныптарда 2024 жылғы 27 мамырда;
- 8, 10-сыныптарда 2024 жылғы 28 мамырда.
- Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілді:
9-сынып оқушылары үшін:
1) қазақ тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан – 2024 жылғы 29 мамыр;
2) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2024 жылғы 3 маусым;
3) орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2024 жылғы 6 маусым;
4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, қазақ әдебиеті, шет тілі (ағылшын), информатика) – 2024 жылғы 10 маусым;
11- сынып оқушылары үшін:
1) қазақ тілі бойынша жазбаша емтихан –2024 жылғы 28 мамыр;
2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2024 жылғы 31 мамыр;
3) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2024 жылғы 4 маусым;
4) орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2024 жылғы 7 маусым;
5) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, биология, география, дүниежүзі тарихы, шет тілі (ағылшын), информатика) – 2024 жылғы 11 маусым.
2023-2024 оқу жылы қорытындысы бойынша
2023-2024 оқу жылында 9-сыныпта білім алушылар саны – 20, барлығы негізгі орта білім беру курсын аяқтады, оның ішінде 20 оқушы қорытынды аттестаттауға жіберілді, емтиханнан босатылған оқушы жоқ.
Қорытынды аттестатауға жіберілген 20 оқушы ның барлығы 100% география пәнін таңдады.
Пәндер бойынша 9-сыныптардың қорытынды аттестаттауының нәтижесі келесідей:
|
№ |
9-сынып |
Оқушы саны |
Емтихан бағасы |
|||||
|
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
сапа % |
үлгерім % |
|||
|
1 |
қазақ тілі |
20 |
6 |
7 |
7 |
0 |
65 |
100 |
Қазақ тілі пәнінен жылдық білім сапасы 65 %, емтихан нәтижесі 65%, яғни білім сапасында ауытқу жоқ.
|
№ |
9-сынып |
Оқушы саны |
Емтихан бағасы |
|||||
|
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
сапа % |
үлгерім % |
|||
|
1 |
алгебра |
20 |
4 |
8 |
8 |
0 |
60 |
100 |
Алгебра пәнінен жылдық білім сапасы 60% көрсетті, емтихан нәтижесі де 60% көрсетіп отыр, яғни білім сапасында ауытқулар жоқ екенін көрсетеді. Үлгерім – 100%.
|
№ |
9-сынып |
Оқушы саны |
Емтихан бағасы |
|||||
|
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
сапа % |
үлгерім % |
|||
|
1 |
орыс тілі мен әдебиеті |
20 |
6 |
12 |
2 |
0 |
90 |
100 |
Орыс тілі мен әдебиеттен жылдық білім сапасы – 70 %, емтихан нәтижесі – 90 %. 20% өсу динамикасы бар.
|
№ |
9-сынып |
Оқушы саны |
Емтихан бағасы |
|||||
|
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
сапа % |
үлгерім % |
|||
|
1 |
география |
20 |
5 |
10 |
5 |
0 |
75 |
100 |
География пәні бойынша үлгерім 100%, жылдық білім сапасы – 75 %, емтихан нәтижесі – 75 %.
Негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетін оқыған пәндерден «5» деген бағасы бар 9 сынып бітірушілеріне «Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестат Хасен Расулға берілді.
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгерген 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау:
11-сыныпты аяқтаған мектеп бітірушілердің жалпы саны – 14 оқушы. Оның ішінде емтиханға қатысқаны – 14, емтиханнан босатылған оқушы жоқ.
Мемлекеттік бітіру емтихандарына жіберілген 14 оқушы келесідей пәндерді таңдауға алды:
|
информатика |
биология |
география |
ағылшын тілі |
физика |
дүниежүзі тарихы |
|
1 |
3 |
3 |
3 |
2 |
2 |
Жалпы оқушы құрамынан жуықтап келесідей пайызды құрайды: биологияны – 21,4 %, географияны – 21,4 %, ағылшын тілі – 21,4%, физиканы – 11,7%, дүниежүзі тарихын – 11,7%, информатиканы – 7,1 %.
Пәндер бойынша 11-сыныптардың қорытынды аттестаттауының нәтижесі келесідей:
|
№ |
11-сынып |
Оқушы саны |
Емтихан бағасы |
|||||
|
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
сапа % |
үлгерім % |
|||
|
1 |
қазақ тілі |
14 |
5 |
9 |
0 |
0 |
100 |
100 |
Қазақ тілі пәнінен жылдық білім сапасы – 72,6%, емтихан нәтижесі – 100% көрсетті. 27,4%-ға жоғары нәтиже көрсетті.
|
№ |
11-сынып |
Оқушы саны |
Емтихан бағасы |
|||||
|
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
сапа % |
үлгерім % |
|||
|
1 |
алгебра және анализ бастамалары |
14 |
5 |
9 |
0 |
0 |
100 |
100 |
Алгебра және анализ бастамалары пәні бойынша жылдық білім сапасы – 66,2 %, ал емтихан сапасы – 100 % құрайды. Емтихан нәтижесі бойынша білім сапасы 33,8 % артқан.
|
№ |
11-сынып |
Оқушы саны |
Емтихан бағасы |
|||||
|
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
сапа % |
үлгерім % |
|||
|
1 |
орыс тілі мен әдебиеті |
14 |
5 |
6 |
3 |
0 |
78,6 |
100 |
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша жылдық білім сапасы – 78,6 %, емтихан сапасы – 78,6 % құрайды.
|
№ |
11-сынып |
Оқушы саны |
Емтихан бағасы |
|||||
|
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
сапа % |
үлгерім % |
|||
|
1 |
Қазақстан тарихы |
14 |
5 |
6 |
3 |
0 |
78,6 |
100 |
Қазақстан тарихы пәні бойынша жылдық білім сапасы – 66,7 %, ал емтихан сапасы – 78,6 % құрайды. Емтихан нәтижесі бойынша білім сапасы 11,9 % артқан.
Таңдау пәндері бойынша емтихан нәтижелері келесідей:
|
№ |
11-сынып |
Оқушы саны |
Емтихан бағасы |
|||||
|
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
сапа % |
үлгерім % |
|||
|
1 |
биология |
3 |
1 |
2 |
0 |
0 |
100 |
100 |
|
2 |
география |
3 |
0 |
2 |
1 |
0 |
66,6 |
100 |
|
3 |
информатика |
1 |
0 |
1 |
0 |
0 |
100 |
100 |
|
4 |
физика |
2 |
0 |
0 |
2 |
|
0 |
100 |
|
5 |
ағылшын тілі |
3 |
2 |
1 |
0 |
0 |
100 |
100 |
|
6 |
дүниежүзі тарихы |
2 |
1 |
1 |
0 |
0 |
100 |
100 |
Барлық таңдау пәндерінен үлгерім 100%
Жалпы орта білім курсын аяқтап, қорытынды аттестаттауды табысты тапсырған 11-сыныптың 14 оқушысына жалпы орта білім туралы аттестат берілді. Оның ішінде:
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының 51,53 тармағы негізінде және «Білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес:
- Үлгілі мінез-құлық танытқан және 5-11 сыныптар аралығында барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары «5» болған және жалпы орта білімі бойынша қорытынды аттестаттаудан «5» деген бағаға өткен 3 оқушыға жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты және «Алтын белгі» белгісі табысталды:
1) Идирисова Ару Асылбековна
2) Кадирбек Камила Абдималикқызы
3) Тубекбай Диана Жанатқызы
2024-2025 оқу жылы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «2023-2024 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы» 04.10.2023 ж. №304 бұйрығы, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 15 мамырдағы № 132 бұйрығы, Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің 2024 жылғы 17 мамырдағы №26 бұйрығы негізінде білім алушылардың қорытынды аттестаттауын өткізу мынадай тәртіпте белгіленді:
- 9 сыныпта білім алушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2025 жылғы 29 мамырдан бастап 10 маусым аралығында.
- 11 сыныпта білім алушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2025 жылғы 30 мамырдан бастап 16 маусым аралығында.
- 5-8, 10-сыныптарда қазақ тілінен аралық емтихан:
- 5-сыныпта 2025 жылғы 27 мамырда;
- 6-сыныпта 2025 жылғы 28 мамырда;
- 7-сыныпта 2025 жылғы 29 мамырда;
- 8, 10-сыныптарда 2025 жылғы 30 мамырда.
- Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілді:
9-сынып оқушылары үшін:
1) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан (бақылау жұмысы)– 2025 жылғы 29 мамыр;
2) қазақ тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан– 2025 жылғы 2 маусым;
3) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (география, геометрия, шет тілі (ағылшын)) – 2025 жылғы 5 маусым;
4) орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2025 жылғы 10 маусым;
11- сынып оқушылары үшін:
1) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2025 жылғы 30 мамыр;
2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылғы 4 маусым;
3) қазақ тілі бойынша жазбаша емтихан –2025 жылғы 9 маусым;
4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (география, қазақ әдебиеті) – 2025 жылғы 12 маусым.
5) орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2025 жылғы 16 маусым;
2024-2025 оқу жылы қорытындысы бойынша
2024-2025 оқу жылында 9-сыныпта білім алушылар саны – 15, барлығы негізгі орта білім беру курсын аяқтады, оның ішінде 15 оқушы қорытынды аттестаттауға жіберілді, емтиханнан босатылған оқушы жоқ.
Қорытынды аттестатауға жіберілген 15 оқушының барлығы 11-оқушы география пәнін, 4-оқушы шет тілі ( ағылшын ) таңдады.
Пәндер бойынша 9-сыныптардың қорытынды аттестаттауының нәтижесі келесідей:
|
№ |
9-сынып |
Оқушы саны |
Емтихан бағасы |
|||||
|
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
сапа % |
үлгерім % |
|||
|
1 |
қазақ тілі |
15 |
3 |
7 |
5 |
0 |
66,6 |
100 |
Қазақ тілі пәнінен жылдық білім сапасы 80 %, емтихан нәтижесі 66,6 %, яғни білім сапасында -13,4 төмендеген.
|
№ |
9-сынып |
Оқушы саны |
Емтихан бағасы |
|||||
|
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
сапа % |
үлгерім % |
|||
|
1 |
алгебра |
15 |
4 |
5 |
6 |
0 |
60 |
100 |
Алгебра пәнінен жылдық білім сапасы 60% көрсетті, емтихан нәтижесі де 60% көрсетіп отыр, яғни білім сапасында ауытқулар жоқ екенін көрсетеді. Үлгерім – 100%.
|
№ |
9-сынып |
Оқушы саны |
Емтихан бағасы |
|||||
|
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
сапа % |
үлгерім % |
|||
|
1 |
орыс тілі мен әдебиеті |
15 |
2 |
11 |
2 |
0 |
86,6 |
100 |
Орыс тілі мен әдебиеттен жылдық білім сапасы – 80 %, емтихан нәтижесі – 86,6 %. 6,6% өсу динамикасы бар.
|
№ |
9-сынып |
Оқушы саны |
Емтихан бағасы |
|||||
|
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
сапа % |
үлгерім % |
|||
|
1 |
география |
11 |
1 |
5 |
5 |
0 |
75 |
100 |
|
2 |
Шет тілі (ағылшын) |
4 |
2 |
2 |
0 |
0 |
100 |
100 |
География пәні бойынша үлгерім 100%, жылдық білім сапасы – 66,6 %, емтихан нәтижесі – 75 %. Қазақ әдебиеті жылдық сапасы - 80 %, емтихан нәтижесі - 100%,
Негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетін оқыған пәндерден «5» деген бағасы бар 9 сынып бітірушілеріне «Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестат Әдібай Аружанға берілді.
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгерген 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау:
11-сыныпты аяқтаған мектеп бітірушілердің жалпы саны – 15 оқушы. Оның ішінде емтиханға қатысқаны – 15, емтиханнан босатылған оқушы жоқ.
Мемлекеттік бітіру емтихандарына жіберілген 15 оқушы келесідей пәндерді таңдауға алды:
|
география |
Қазақ әдебиеті |
|
5 |
10 |
Жалпы оқушы құрамынан жуықтап келесідей пайызды құрайды: қазақ әбеиеті – 66,6 %, географияны – 33,3 %.
Пәндер бойынша 11-сыныптардың қорытынды аттестаттауының нәтижесі келесідей:
|
№ |
11-сынып |
Оқушы саны |
Емтихан бағасы |
|||||
|
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
сапа % |
үлгерім % |
|||
|
1 |
қазақ тілі |
15 |
8 |
7 |
0 |
0 |
100 |
100 |
Қазақ тілі пәнінен жылдық білім сапасы – 86.7%, емтихан нәтижесі – 100% көрсетті. 13,3%-ға жоғары нәтиже көрсетті.
|
№ |
11-сынып |
Оқушы саны |
Емтихан бағасы |
|||||
|
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
сапа % |
үлгерім % |
|||
|
1 |
алгебра және анализ бастамалары |
15 |
9 |
4 |
2 |
0 |
86,7 |
100 |
Алгебра және анализ бастамалары пәні бойынша жылдық білім сапасы – 86,7%, ал емтихан сапасы – 86,7% құрайды. Емтихан нәтижесі бойынша білім сапасында ауытқу болмаған.
|
№ |
11-сынып |
Оқушы саны |
Емтихан бағасы |
|||||
|
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
сапа % |
үлгерім % |
|||
|
1 |
орыс тілі мен әдебиеті |
15 |
9 |
6 |
0 |
0 |
100 |
100 |
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша жылдық білім сапасы – 86,7 %, емтихан сапасы – 100 % құрайды.
|
№ |
11-сынып |
Оқушы саны |
Емтихан бағасы |
|||||
|
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
сапа % |
үлгерім % |
|||
|
1 |
Қазақстан тарихы |
15 |
5 |
10 |
0 |
0 |
100 |
100 |
Қазақстан тарихы пәні бойынша жылдық білім сапасы – 86,7 %, ал емтихан сапасы – 100 % құрайды. Емтихан нәтижесі бойынша білім сапасы 13,3% артқан.
Таңдау пәндері бойынша емтихан нәтижелері келесідей:
|
№ |
11-сынып |
Оқушы саны |
Емтихан бағасы |
|||||
|
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
сапа % |
үлгерім % |
|||
|
1 |
Қазақ әдебиеті |
10 |
5 |
3 |
2 |
0 |
80 |
100 |
|
2 |
география |
5 |
2 |
3 |
0 |
0 |
100 |
100 |
Жалпы орта білім курсын аяқтап, қорытынды аттестаттауды табысты тапсырған 11-сыныптың 15 оқушысына жалпы орта білім туралы аттестат берілді. Оның ішінде:
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының 51,53 тармағы негізінде және «Білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес:
- Үлгілі мінез-құлық танытқан және 5-11 сыныптар аралығында барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары «5» болған және жалпы орта білімі бойынша қорытынды аттестаттаудан «5» деген бағаға өткен 1 оқушыға жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты және «Алтын белгі» белгісі табысталды:
1) Кабдушева Альмира Азаматовна
- Үлгілі мінез-құлық танытқан және 10-11 сыныптар аралығында барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары «5» болған және жалпы орта білімі бойынша қорытынды аттестаттаудан «5» деген бағаға өткен 2 оқушыға жалпы орта білім туралы «Ерекше аттестат» аттестаты:
1) Қарсақова Раяна Аманкелдіқызы
2) Ормантай Алмас Адилханұлы
2022-2023 оқу жылы «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 12.04.2023 ж. №3-15-02/2181-И хаты және 10.04.2023 ж. №88 «2022-2023 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығына және «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы» ММ 17.04.2023ж. №261 бұйрықтары, Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебінің 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 18 бұйрығы негізінде білім алушылардың қорытынды аттестаттауын өткізу мынадай тәртіпте белгіленді:
- 9-сыныптарда білім алушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2023 жылғы 2-13 маусым аралығында өткізілді.
- 11-сыныптарда білім алушылардың мемлекеттік бітіру емтихандары 2023 жылғы 5-19 маусым аралығында өткізілді.
- Қорытынды аттестаттауды өткізудің мынадай мерзімдері бекітілді:
9-сынып оқушылары үшін:
1) қазақ тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін – жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2023 жылғы 2 маусым;
2) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 6 маусым;
3) орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 2023 жылғы 9 маусым;
4) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (химия, география, Қазақстан тарихы, шет тілі (ағылшын)) – 2023 жылғы 13 маусым;
11-сынып оқушылары үшін:
- қазақ тілі бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 5 маусым;
2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2023 жылғы 8 маусым;
3) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2023 жылғы 12 маусым;
4) орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2023 жылғы 15 маусым;
5) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, биология, география, дүниежүзілік тарих, құқық негіздері, қазақ әдебиеті, шет тілі (ағылшын)) – 2023 жылғы 19 маусым.
2025-2026 оқу жылы қорытындысы бойынша
2025-2026 оқу жылында 9-сыныптарда білім алушылар саны – 12, барлығы негізгі орта білім беру курсын аяқтады, оның ішінде 12 оқушы қорытынды аттестаттауға жіберілді, емтиханнан босатылған оқушы жоқ.
Қорытынды аттестатауға жіберілген 12 оқушы келесідей пәндерді таңдауға алды:
|
география |
|
12 |
Жалпы оқушы құрамынан жуықтап келесідей пайызды құрайды: географияны – 100 %.
Пәндер бойынша 9-сыныптардың қорытынды аттестаттауының нәтижесі келесідей:
|
№ |
9-сынып |
Оқушы саны |
Емтихан бағасы |
|||||
|
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
сапа % |
үлгерім % |
|||
|
1 |
қазақ тілі |
12 |
3 |
6 |
3 |
0 |
75 |
100 |
Қазақ тілі пәнінен жылдық білім сапасы 75 %, емтихан нәтижесі 75%.
|
№ |
9-сынып |
Оқушы саны |
Емтихан бағасы |
|||||
|
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
сапа % |
үлгерім % |
|||
|
1 |
алгебра |
12 |
1 |
6 |
5 |
0 |
58,33 |
100 |
Алгебра пәнінен жылдық білім сапасы 58,33% көрсетті, ал емтихан нәтижесі 58,33 көрсетіп отыр. Үлгерім – 100%.
|
№ |
9-сынып |
Оқушы саны |
Емтихан бағасы |
|||||
|
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
сапа % |
үлгерім % |
|||
|
1 |
орыс тілі мен әдебиеті |
12 |
|
|
|
0 |
|
100 |
Орыс тілі мен әдебиеттен жылдық білім сапасы – 75 %, емтихан нәтижесі –%. 4,7% өсу динамикасы бар.
|
№ |
9-сынып |
Оқушы саны |
Емтихан бағасы |
|||||
|
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
сапа % |
үлгерім % |
|||
|
1 |
география |
12 |
1 |
6 |
5 |
0 |
58,33 |
100 |
Таңдау пәндері бойынша үлгерім 100%.
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгерген 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау:
11-сыныпты аяқтаған мектеп бітірушілердің жалпы саны – 8 оқушы. Оның ішінде емтиханға қатысқаны – 8 оқушы.
Мемлекеттік бітіру емтихандарына жіберілген 8 оқушы келесідей пәндерді таңдауға алды:
|
география |
|
8 |
Жалпы оқушы құрамынан жуықтап келесідей пайызды құрайды: географияны – 100 %.
Пәндер бойынша 11-сыныптардың қорытынды аттестаттауының нәтижесі келесідей:
|
№ |
11-сынып |
Оқушы саны |
Емтихан бағасы |
|||||
|
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
сапа % |
үлгерім % |
|||
|
1 |
қазақ тілі |
8 |
2 |
6 |
0 |
0 |
100 |
100 |
Қазақ тілі пәнінен жылдық білім сапасы – 75%, емтихан нәтижесі – 100% көрсетті. 25%-ға жоғары нәтиже көрсетті.
|
№ |
11-сынып |
Оқушы саны |
Емтихан бағасы |
|||||
|
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
сапа % |
үлгерім % |
|||
|
1 |
алгебра және анализ бастамалары |
8 |
1 |
4 |
3 |
0 |
62,5 |
100 |
Алгебра және анализ бастамалары пәні бойынша жылдық білім сапасы – 50 %, ал емтихан сапасы – 62,5 % құрайды. Емтихан нәтижесі бойынша білім сапасы 12,5 % артқан.
|
№ |
11-сынып |
Оқушы саны |
Емтихан бағасы |
|||||
|
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
сапа % |
үлгерім % |
|||
|
1 |
орыс тілі мен әдебиеті |
8 |
2 |
6 |
0 |
0 |
100 |
100 |
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша жылдық білім сапасы – 75 %, ал емтихан сапасы – 100 % құрайды. Емтихан нәтижесі бойынша білім сапасы 25 % артқан.
|
№ |
11-сынып |
Оқушы саны |
Емтихан бағасы |
|||||
|
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
сапа % |
үлгерім % |
|||
|
1 |
Қазақстан тарихы |
8 |
1 |
4 |
3 |
0 |
62,5 |
100 |
Қазақстан тарихы пәні бойынша жылдық білім сапасы – 50 %, ал емтихан сапасы – 62,5 % құрайды. Емтихан нәтижесі бойынша білім сапасы 12,5 % артқан.
Таңдау пәндері бойынша емтихан нәтижелері келесідей:
|
№ |
11-сынып |
Оқушы саны |
Емтихан бағасы |
|||||
|
«5» |
«4» |
«3» |
«2» |
сапа % |
үлгерім % |
|||
|
1 |
география |
8 |
|
|
|
0 |
|
100 |
Барлық таңдау пәндерінен үлгерім 100%
Жалпы орта білім курсын аяқтап, қорытынды аттестаттауды табысты тапсырған 11-сыныптың 8 оқушысына жалпы орта білім туралы аттестат берілді. Оның ішінде:
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының 51,53 тармағы негізінде және «Білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес:
- Үлгілі мінез-құлық танытқан және 10-11 сыныптар аралығында барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары «5» болған және жалпы орта білімі бойынша қорытынды аттестаттаудан «5» деген бағаға өткен 1 оқушыға жалпы орта білім туралы «Үздік» аттестаты табысталды:
1) Мукангалиева Дарига
- Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру және формативті және жиынтық бағалау талаптарын сақтау;
2025-2026 оқу жылы: 2023-2024 оқу жылы мектеп педагогтері жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру барысында келесі нормативтік құқықтық актілерді негізге алды: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 «Білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы» бұйрығы, «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының 2 тарауы. Жиынтық бағалаудағы оқу мақсаттары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығымен бекітілген Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларына (2022 жылғы 21 қарашадағы № 467, 2023 жылғы 5 шілдедегі №199 бұйрығы өзгерістерімен) сәйкес, яғни оқушылардың өткен материалдарын қамтиды. Жиынтық бағалау тапсырмалары жиынтық бағалаудың мазмұны мен құрылымын құрастыруға және оны өткізуге қойылатын талаптарға сәйкес келеді. ҚР БҒМ №125 бұйрығына сәйкес өлшенетін критерийлерді баллмен есептеу сақталған. БЖБ үшін максималды балл 1-4 сыныптарда 7-ден кем емес және 15-тен артық емес, 5-11 сыныптарда 7-ден кем емес және 20-дан артық емес. Білім алушыларының оқу жетістіктерін формативті бағалау 1- 10 балл аралығында жүргізіледі. Формативті бағалау, БЖБ және ТЖБ қорытындысы бойынша баллдар электрондық журналға қойылады. Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып, тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады. ТЖБ кезінде академиялық адалдықты сақтауды, жауаптарды көшіріп алу жағдайларының алдын-алу мүмкіндігі қарастырылады. Оқу пәндерінің күрделілік деңгейін есепке ала отырып, бір күнде үштен артық ТЖБ өткізуге жол берілмейді. ТЖБ тоқсан аяқталатын соңғы күні өткізілмейді. Бір оқу пәні бойынша БЖБ мен ТЖБ бір күнде өткізілмейді. Осы талаптарды сақтау мақсатында ТЖБ уақыты анықталып, кесте құрастырылады және мектеп директоры бекітеді, параллель сыныптарда бір уақытта өткізіледі. Мұғалімдер оқу бағдарламасына сәйкес, бөлім, тоқсан, жартыжылда өткен оқу материалының мазмұны бойынша жиынтық жұмыстардың тапсырмаларының бірнеше нұсқасын әзірлейді. Даулы мәселелер туындаған жағдайда ТЖБ бағасы қойылғанға дейін бір күннен кешіктірмей модерация жүргізіледі. «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәндері бойынша БЖБ мен ТЖБ өткізілмейді және тоқсан/жартыжылдық және оқу жылының қорытындысы бойынша «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 бұйрығына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері бойынша талдау жүргізіледі.
9-бөлім. Кемшіліктер мен ескертулер, оларды шешу жолдары
Оқу үдерісінің сапасын арттыру үшін материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі;
«Педагог-шебер» біліктілік санаты бар мұғалімдердің болмауы;
Оқу-тәрбие үдерісінде ата-аналардың белсенділігінің орташа болуы;
Кітапхананың цифрлық бағдарламалармен жабдықталмағаны;
Шешу жолдары:
Қазіргі заманауи оқу және спорт жабдықтармен материалдық- техникалық, ақпараттық-техникалық құралдармен, сандық ресурстармен қамтамасыз етуді жалғастыру;
Республикалық деңгейде озық педагогикалық тәжірибені зерделеу және тарату бойынша педагогикалық ұжымның жұмысын жандандыру;
Оқу тәрбие үдерісінде ата-аналарды ашық есік күндеріне, тәрбиелік іс-шараларға қоғамдық жұмыстарға қатыстыру;
Кітапхананы заманауи талапқа сай ақпараттық трансформациялау, электрондық каталогтарды енгізу.
10-бөлім. Қорытындылар мен ұсыныстар
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ өзін-өзі бағалау комиссиясы оқу-тәрбие үдерісінің нәтижелілігі мен педагогикалық ұжымның жұмысына, мектептің материалдық активтеріне талдау жасап, келесідей қорытынды жасады:
Оқу тәрбие үрдісі мен әдістемелік жұмыс Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық, жергілікті актілердің, мектеп жарғысының талаптарына сәйкес жұмыс істейді.
Оқу процесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру стандартына, үлгілік оқу жоспарына, үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылып, жұмыс оқу жоспары Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісіліп, іске асырылады.
Педагогикалық кадр құрамы сандық және сапалық жағынан тиімді жасақталған. Мұғалімдердің 100 % жоғары педагогикалық білімі бар және барлық педагогтер дипломдарында көрсетілген мамандықтарына сәйкес қызмет атқарады.
Педагогтердің аттестатталуы талаптарға сай өткізіліп, біліктілік санаттарды растау және беруі уақытылы жүргізіледі.
Педагогикалық ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал құрылған. Оқу-тәрбие процесін іске асыру және мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін жағдайлар жасалған.
Мектепте педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру перспективалық жоспарына сай мұғалімдер әр үш жыл сайын біліктілік арттыру курстарынан өтуде.
Мектеп мұғалімдері облыстық және республикалық деңгейінде кәсіби сайыстарға қатысып, жақсы нәтиже көрсетуде.
Білім алушылардың кәсіби әлеуметтенуі үшін ЖОО, ТжКБ мен мектеп арасында өзара бірлескен жұмыстар жүргізіліп, байланыс орнатылған.
Білім сапасын арттыру мақсаты бойынша педагогикалық ұжым тиімді қызмет атқарады.
Республикалық, облыстық, аудандық деңгейлердегі оқушылардың нәтижелілігі – дарынды балалардың әлеуетін іске асыру бойынша педагогикалық ұжымның жұмысының көрсеткіші болып табылады.
Тәрбие үдерісі үздіксіз білім беру жүйесіндегі тұлға тәрбиесінің тұжырымдамалық негіздерін іске асырады.
Мектепішілік жобалар негізінде өзіндік тәрбие жүйесі құрылған.
Отбасы және тәрбие үдерісін ұйымдастыруда серіктестік жұмыс оң жолға қойылған.
Білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда шығармашылық және спорттық үйірмелердің көптүрлігі қарастырылған. Үйірме шәкірттерінің потенциалы жоғары.
Құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша жұмыстардың жүйелі жүргізілуі нәтижесінде білім алушылар арасында құқық бұзушылық орын алмаған.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, мектеп-гимназия-интернаты қызметін өзін-өзі бағалауды жүргізу жөніндегі комиссия қорытынды жасайды: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Мұса Шожанов атындағы №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ қазіргі заманғы деңгейде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру үшін білікті педагогикалық ұжымның қажетті әлеуетіне ие, жалпы мәртебесіне сәйкес келетін жеткілікті материалдық-техникалық базасы бар жалпы білім беретін ұйымға сай. Білім беру ұйымдарының бағалау критерийлеріне сәйкес «жақсы» деп бағаланады.
Комиссия төрайымы: _______________ А.М.Дюкова
Комиссия мүшесі: _______________ А.В. Сергазинова
_______________ Г.Т.Таджибаева
_______________ Р.М.Бурханова
_______________ А.С.Рыспаева
_______________ М.С. Арыстан
_______________ А.Б. Каюмназарова
_______________ Г.А.Сабырова