Мектептің жылдық жоспарына сәйкес өткізіліп жатқан

Мектептің жылдық жоспарына сәйкес өткізіліп жатқан «Математика біздің айналамызда» тақырыбындағы математикалық сауаттылық апталығы аясында 2022 жылғы 26 қаңтар күні 3 сынып білім алушылары арасында «Математикалық турнир» интеллектуалдық сайысы өтті. Сайыстың мақсаты оқушылардың оқығанын есте сақтай бiлуге, есептеуде және логикалық ойлауда тиiмдi тәсiлдердi тез таңдай білуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттерін дамытуға бағытталды.

Математикалық сауаттылық

«Математикалық сауаттылық»  апталығы аясында математика пәнінің мұғалімі Абусагитова Айгүл Саматовна 5-сынып оқушыларымен  «Айналамыздағы математика» интеллектуалды сайысын өткізді. Интеллектуалдық сайыстың мақсаты оқушылардың пәнге, есептеуге, есептің ыңғайлы шешімін, жауабын жылдам табуға деген құлшынысын арттыру, шығармашылық есептер арқылы математиканы өмірмен байланыстыра отырып, математикалық сауаттылығын дамытуға бағытталды.

Оқушылар іс-шараға қызығушылықпен, белсенді қатысты.

 

 

2021-2022 оқу жылындағы оқу үрдісінің кестесі

2021-2022 оқу жылындағы 10130300 "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша оқу үрдісінің кестесі өзгеріспен

2021-2022 оқу жылындағы 07230100 "Тігін өндірісі және киім үлгілеу" мамандығы бойынша оқу үрдісінің кестесі өзгеріспен

 

Әдістемелік блок

Исмагулова Амина, 10-сынып оқушысы, ІІІ республикалық «Ұлы даланың жеті қыры және Қазақ елінің тарихы» олимпиадасының жеңімпазы ретінде «Қазақстан үміті» төсбелгісімен марапатталды. Жетекшісі - Сақтағанов Болатбек Баязитович, тарих пәнінің мұғалімі. Құттықтаймыз!