Буклет (ата-анаға)

 «Балаларды бірге қорғаймыз»

 

"Әлемді құтқару мүмкін емес шығар,

Бірақ жеке адамды құтқару мүмкін"

И. Бродский

 

Ата-аналарға кеңес:

1.Балалармен отбасылық және ішкі мәселелерді ашық талқылаңыз;

2. Балаларыңызға өмірде нақты мақсаттар қоюға және оларға ұмтылуға көмектесіңіз;

3. Балаңызды өзгелермен салыстырмай, жеке тұлға ретінде қабылдай біліңіз.

4. Балаңызға сеніңіз, онымен адал болыңыз және оны сол қалпында қабылдаңыз.

5. Жиі құшақтаңыз.

6 Баланың өзін-өзі бағалауын арттыру үшін, оны жиі мадақтаңыз.

7. Сенімді мінез-құлық үлгілерін көрсетіңіз, балаға үлгі болыңыз.

8. Жұмыстан шаршап келсеңізде балаларыңызға уақыт бөліп күні қалай өткені жайлы сұраңыз, әңгімелесуге тырысыңыз.

9. Балаңыз қандай да бір нәрсені дұрыс жасамаса, бірден сөкпей оған түсіндіріңіз, мәселені ашық талқылаңыз.

10. Балаларыңызды жетістік пен дәрежесі үшін емес, сол қалпында сөзсіз қабылдап жақсы көретіндігіңізді сездіртіңіз.

11. Сын пікір айтуда абай болыңыз. Пікір білдірместен алдын балаңыздың өзіне сенімін және өзін-өзі бағалауына нұқсан келтірмейтініне көз жеткізіңіз.

12. Балаға жоғары талаптар қоймаңыз. Егер балаға қандай да бір пән  қиын болса,  көмектесіп, қолдау көрсеткен дұрыс, тіпті кішкене жетістікке жеткенде, мақтауды ұмытпаңыз.

13. Балаңызға өз қабілеттерін көрсете алуға және өзін табуға көмектесіңіз.

14. Ешқандай жағдайда физикалық жаза қолданбаңыз.

15. Балаларыңызды жақсы көріп олармен нәзік болыңыз.

16. Жасөспірімді мұқият тыңдаңыз! Әрбір қиын жағдайды назардан тыс қалдырмай, онымен талдаңыз.

17. Егер сіз баланың мінез-құлқына немесе оның эмоционалды жағдайына алаңдасаңыз, бұл туралы маманға немесе педагог-психологқа, сынып жетекшісіне дереу хабарлауыңызды сұраймыз. Мамандар жағдайдың ауырлығын дұрыс бағалай алады.

Ата-аналар, есіңізде болсын: баланың эмоционалды жайлылығы  сіздің және біздің қолымызда!.

 

Мектеп жантанушысы: Рыспаева А.С.