«Зерде» зерттеу жұмыстары

2022 жылғы 5 қазан күні мектебімізде 1-7 сынып оқушылары арасындағы  республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының мектептік кезеңі өтті.

Конкурстың мақсаты балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады. Конкурстың негізгі міндеттері:

- зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету;

- оқушылардың үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау, өзара қарымқатынастарын ұйымдастыру;

- қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту проблемасына көпшіліктің назарын аудару.

Сайыста 2-4 сыныптар аралығында 4 жұмыс, 5-7 сыныптар аралығында 4 жұмыс қорғалды. Сайыс нәтижесі төмендегідей болды:

- 2-4 сыныптар аралығында 4-сынып оқушылары Баламбаев Алдияр мен Ахметжан Айлин 3-орын (жетекшісі – Сергазинова А.В.), 3-сынып оқушысы Ермағамбетова Жанерке 2-орын (жетекшісі – Сарсенбина З.Е.), 4-сынып оқушысы Джедельхан Ақсезім 1-орын (жетекшісі – Галымова Б.Г.), Қошмағамбет Зейнеп 1-орын (жетекшісі – Сарсенбина З.Е.);

- 5-7 сыныптар аралығында 5-сынып оқушысы Төрезатова Томирис 3-орын (жетекшісі – Жұмабаева Ғ.Ж.), 5-сынып оқушысы Қайыржан Қайсар 3-орын (жетекшісі – Байтикенова Ү.К.), 5-сынып оқушысы Палтөреева Балауса 2-орын (жетекшісі – Дукина Г.Е.), 6-сынып оқушысы Шуренова Айдана 1-орын (жетекшісі – Өтегенова А.Ж.). Қатысушыларымыз бен олардың жетекшілерін құттықтап,  алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз.