Психодиагностикалық жұмыстар
- Толығырақ
- Категория: Психолог
- Жарияланды Жұма, 31 Қазан 2025 06:52
- Қаралды: 12
Қыркүйек айында мектебімізде 1- 2 сынып оқушылармен "Кактус" әдістемесі өткізілді. Кактус әдістемесі – бұл проективті сурет салу әдісі, ол баланың немесе жасөспірімнің тұлғалық ерекшеліктерін, агрессия деңгейін, эмоциялық күйін зерттеуге арналған психологиялық тест.








Қыркүйек айында 3-4сынып оқушылармен «Менің Ғаламым» әдістемесі өткізілді. Мақсаты: баланың ішкі әлемін анықтау, оның эмоционалдық жағдайын, өзін-өзі қабылдауын, қоршаған адамдармен қарым-қатынасын, сондай-ақ қауіпсіздік пен жайлылық сезімін зерттеу.
Міндеттері:
Баланың «Мен» бейнесін анықтау (өзін қалай көреді, ғаламдағы орнын қалай қабылдайды);
Отбасымен, достарымен, сыныптастарымен және маңызды ересектермен қарым-қатынасын зерттеу;
Эмоциялық күйін анықтау (мазасыздық, қуаныш, тыныштық, қорқыныш);
Өзін-өзі бағалау деңгейін және сенімділігін зерттеу;
Баланың қолдау мен қорғанысты сезіну дәрежесін айқындау;
Қиялдау қабілеті мен шығармашылық ойлауын дамыту және анықтау.









09.10.2025ж 1сынып оқушыларымен Керн-Иирасек әдістемесі өткізілді.Керн–Йирасек әдістемесі – бұл баланың мектепке психологиялық дайындығын анықтауға арналған диагностикалық әдістеме.
Мақсаты:
Ұсақ қол моторикасын, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін, назар тұрақтылығын, ұқыптылықты және үлгі бойынша әрекет ету қабілетін бағалауды анықтау.
Құрамында 3 тапсырма бар:
- Жазу үлгісін көшіру – қозғалыс дәлдігін, көз-қол үйлесімділігін анықтайды.
- Нүктелерді қосу – ұқыптылықты, назар мен өз әрекетін бақылауды бағалайды.
- Адам суретін салу – баланың қабылдауын, моторикасын және ойлау қабілетін көрсетеді. Оқушылар берілген тапсырмаларды толық орындап шықты.







