Тренингтер

08.10.2025ж 5 сынып оқушыларымен "Эмоционалды интеллект пен ұжымшылдықты дамыту" тренингі ұйымдастырылды.

Мақсаты:

Оқушылардың эмоционалды интеллектін дамыту (өз сезімін тану, білдіру, басқару);

Сыныптағы өзара сыйластық пен сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру;

Ұжымшылдық пен өзара қолдауды күшейту. Оқушылар тренингке белсене қатысып, сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларымен бөлісті.

7-сынып оқушыларымен «Эмоционалды интеллектті дамыту» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушылар өз сезімдерін тану, түсіну және басқару дағдыларын дамытты. Сондай-ақ, топтық жаттығулар мен пікір алмасу арқылы өзара түсіністік пен эмпатияны арттырды.

 

10 қазан Дүниежүзілік  психологиялық денсаулық күні. Осыған орай  мектебімізде 2025ж 10 қазанда психологиялық денсаулық күні аясында  оқушылармен, мектеп ұжымымен бірқатар іс-шаралар өткізілді. Мұғалімдердің эмоционалдық тепе-теңдігін қалпына келтіру, ішкі тыныштық пен күш-қуатты сезінуге мүмкіндік жасау мақсатында "Ішкі тыныштық пен ресурстық күй" атты тренинг өткізілді.

 

10 қазан Дүниежүзілік  психологиялық денсаулық күні. Осыған орай  мектебімізде 2025ж 10 қазанда психологиялық денсаулық күні аясында  оқушылармен, мектеп ұжымымен бірқатар іс-шаралар өткізілді. 10 сынып оқушылармен "Жылы сөз-жанға қуат" атты жаттығу өткізілді.